Ұстаздар күні аталып өтті

ImageБүгін аудандық мәдениет үйінде ұстаздар күні мерекесіна арналған салтанатты шара өтті. Жиын барысында аудан әкімі С. Полатов барша ұстаздарды кәсіби мерекелесімен құттықтап, ізгі тілегін арнады. Білім саласында үздік нәтиже көрсетіп жүрген біршама білім қызметкерлеріне арнайы алғыс хат пен сыйлықтар табыс етті. Сондай-ақ, аудандық мәслихаттың хатшысы Б. Байғараев бірқатар мұғалімді марапаттады. Салтанатты жиын барысында ауданның мектеп оқушылары әннен шашу шашып, би билеп ұстаздар қауымына құрмет көрсетті.

  Аудандық мәдениет үйі қызметкерлері концерттік бағдарлама қойып, мерекее тарту жасады.

  Аудан әкімінің аспасөз қызметі.