«Нұр Отан» партиясы филиалының конференциясында Елбасы мақаласы талқыланды

ImageБүгін «Нұр Отан» партиясы Созақ аудандық филиалының кезектен тыс ХХХ конференциясы өтті. Конференцияны аудандық партия филиалының төрағасы, аудан әкімі Салыхан Сабырұлы Полатов ашып, жүргізді. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 12 сәуірдегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жүзеге асыру барысы туралы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Р.Әлжанов баяндама жасады. Аталған баяндаманы талқылауға «Созақ үні» газетінің қызметкері Мақсат Қарғабай, «Жастар ресурстық орталығының» әдіскері, «Жас Отан» жастар қанатының белсендісі Біржанов Саржановтар шығып, өз ойларымен, ұсыныстарымен бөлісті.   

Конференцияда сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстан облыстық партия филиалының кезектен тыс ХХХІІ конференциясына делегаттар сайланды.

 Аудан әкімінің баспасөз қызметі.