Созақ ауданында мүлікті жария етуге байланысты жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде мәлімет

2014  жылғы 30 маусымдағы  «Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың және Қазақстан Республикасында тұруға ыхтиярхаты бар тұлғалардың мүлікті   жария етуіне байланысты оларға рақымшылық жасау туралы» Заңын түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.   
Созақ ауданы әкімінің 2014 жылғы 2 қыркүйектегі «Мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссия құру туралы» №25 шешімімен комиссия құрылған болатын. Сондай-ақ, комиссия құрамдарындағы қызметкерлердің басқа жұмыстарға ауысуына байланысты 2014 жылғы 4 қарашадағы №31 шешімімен және 2015 жылғы 16 ақпандағы                         №5 шешімімен, 2015 жылғы 9 сәуірдегі  №16 шешімдерімен комиссия құрамдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.  Комиссияның арнайы хатшысы белгіленіп, аудан әкімдгінің ғимаратынан 102 бөлме, 4-16-07 арнайы сымтетігі жұмыс жасауда.
Мүлікті жария етуді өткізу жөнінде аудандық комиссиясының отырыстары                        27 мәрте өткізілді, одан кейінгі жерде заңға сай комиссия отырыстары қажеттілігіне қарай келіп түскен өтінімдердің мерзімдеріне сай өткізіліп келеді, мүлікті жариялауға байланысты мәселелер бірнеше комиссия тарапынан бірнеше мәрте талқыланды.
Жалпы ауыл округтері мен кент әкімдері өткізген жиындарында хабарлама жасап халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. 2014 жылдың қыркүйегінен бері ауыл, кент әкімдерінен мүлікті жария ету бойынша халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізген хаттамалары 7 мәрте жиналды. Сондай-ақ аудан әкімінің 2014 жылдың қорытындысымен өткізген жиналыстарында да мүлікті жариялау бойынша халыққа кеңінен насихатталып, түсіндірілген болатын.
Бүгінгі күнге дейін мүлікті жария етуге байланысты комиссияға келіп жүгінген            63 азаматтарға кеңестер беріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Комиссия жұмысы бастағалы бері 19 азаматтан коммерциялық нысандарын жария ету бойынша құжаттар қабылданып, 24-і (жалпы құны 86100 мың теңге) жария етіліп, 1 жылжымайтын мүлікті заңға сәйкес болмағандықтан жария етудан бас тартылды.
Жарияланған мүліктердің 1- балаларға арналған мектепке дейінгі жеке меншік мекеме, 2 - Халыққа қызмет көрсету орталығы  (Тойхана) ғимараты,                   1 - жанар май құю бекетіннің ғимараты, 1 - монша ғимараты, 2 - Өндірістік база ғимараты, 1 - Шайхана ғимараты, 2- Халыққа қызмет көрсету орталығы және          14 дүкен ғимараттары жарияланса, 1 Халыққа басқа қызмет көрсету ұйым ғимаратын жария етуден бас тартылған.   
Жалпы облыс көлемінде бекітілген меже бойынша 25 нысандар жария етілуге тиіс болса одан  12 айдың қорытындысымен 24 азаматтың коммерциялық нысандары жария етіліп, Созақ ауданы мүлікті жария етуде тапсырманы  96 % орындап отыр.  
Аудандық «Созақ үні» газетіне мүлікті жариялауға байланысты 32 рет материалдар жарияланды.
Барлық ауыл, кент әкімдеріне тапсырма жүктеліп бильбордттар орналастырылған, «Созақ ТВ» телеарнасынан мүлікті жариялау бойынша жүгіртпе жолдар берілуде. 
Сондай-ақ, аудан әкімінің орынбасары комиссия төрайымының орынбасары мүлікті жариялау бойынша аудандық «Созақ ТВ» телеарнасына сұхбат беріп, 12 маусым күні телеарнадан көрсетілді.
Сондай-ақ «Созақ ТВ» телеарнасына комиссия хатшысы сұхбат беріп,                          1 желтоқсан күні телеарнадан көрсетілді.