Хабарлама

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар тұлғалардың мүлікті жария етуіне байланысты оларға рақымшлық жасау туралы» Заңынна сәйкес,  аудан әкімінің шешімімен «Мүлікті жария етуді өткізу жөнінде аудандық комиссия»  құрылып, арнайы хатшы белгіленіп, аудан әкімдігінің ғиамаратынан 102 бөлме бөлініп жұмыс жасауда.
Мүлікті (ақшадан басқа) жария ету үшін комиссияға, салық органына  мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:

  1. Басқа тұлғаға рәсімделген мүлікті  жария ететін  жария ету субъектілері  мынадай құжаттаржы:
  2. Өтініш (2 дана);
  3. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, түп нұсқасын көрсете отырып;
  4. Тұрғылықты мекен жайы туралы анықтама;
  5. Мүлікке құқық белгілейтін  құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін;
  6. Тиесілі емес тұлғаның жария ету субъектісіне  мүлікті өтеусіз бергені туралы нотариат куәландырған шартты  табыс етеді;
  7. Мемлекеттік актінің куәландырылған көшірмесін.   
  1. Қазақстан республикасының аумағында тұрған, оған құқықтар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рәсімделмеген жылжымайтын мүлікті жария ететін жария ету субъектілері мүліктің орналасқан жері бойынша жергілікті атқарушы органға мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
  2. Өтініш (2 дана);
  3. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, түп нұсқасын көрсете отырып;
  4. Тұрғылықты мекен жайы туралы анықтама;
  5. Ғимараттар мен құрылыстарды объектінің құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкестігіне техникалық тексеруді жүзеге асыратын аттестатталған сарапшының қорытындысын;
  6. Мүлікке құқық белгілейтін құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін;
  7. Жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық паспортын ұсынады;
  8. Мемлекеттік актінің куәландырылған көшірмесін.

Жоғарыда көрсетілген құжаттар толықтай комиссияға ұсынылған жағдайда заңға сәйкес комиссия өз шешімін қабылдайды.
Созақ ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру
және инспекторлық бөлімінің бас инспекторы,
аудандық мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі

комиссиясы хатшысы: Б.Есенқабыл