Елдегі өткен жария ету қорытындылары

Алдағы мүлікті жария ету қарсаңында өткен жылдардағы тәжірибе мен оның нәтижелерін ұсынамыз.
Қазақстан Республикасындағы алғашқы ақшаны жария ету 2001 жылғы 14 шілдеден 14 тамыз аралығында өтті.
Оны өткізу тәртібі мен мерзімдері «Қазақстан Республикасының азаматтарына олардың ақшаны жария етуіне байланысты рақымшылық ету ту-ралы» ҚР 2001 жылғы 02 сәуірдегі Заңымен реттелді.
Ақшаны жария етуді өткізу кезінде ҚР азаматтары екінші деңгейлі банктердегі арнайы есепшоттарға ақшаларын енгізу арқылы біржолғы науқан ретінде өткізілді.
Осы Заңға сәйкес, ақшаны жария етуді растау екінші деңгейлі банктермен оның арнайы есепшотына жария етілген ақшаны енгізгенін растайтын берілген құжат болып табылады.
Заңмен ақшаны жария еткен субъектілердің жария етілген кірістерге салық төлеуден және тиісті жауапкершіліктен босатылуына кепілдік берілді. Рақымшылық нәтижесінде 3 мыңдай ҚР азаматы 480,0 млн. астам АҚШ долларын жария етті.
2006-2007 жылдардағы жария етуге тек ақша ғана емес жылжымалы және жылжымайтын мүлік те жатты. Осы ерекшелікті және мерзімдерді ұзар-туды ескере отырып, науқан 2006 жылғы 3 шілдеден 2007 жылғы 1 тамызға дейін ұзақ сипат алды.
Мүлікті жария етуді өткізу тәртібі «Мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы» ҚР 2006 жылғы 05 шілдедегі Заңымен (бұдан әрі – Заң) реттелді.
2006 жылғы Заң нормаларына сәйкес, мүлкiн жария еткен азаматтар мен заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жекелеген қылмыстар әкімшілік құқық бұзушылықтар мен тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшiн жауапкершiлiктен босатылды.
Сонымен бірге, 2006 жылғы Заңмен мүлікті жария етуді өткізу үшін мүлiктi жария еткенi үшiн жария етілген мүліктің құнынан 10% көлемінде алым көзделді. Осы науқанды өткізу нәтижесінде:
 - 844,7 млрд теңгеге, немесе 6,8 млрд АҚШ долларына (8,3% 2006ж. ЖІӨ) мүлік жария етіл-ді, соның ішінде, – 538,4 млрд теңге (барлық мүліктен 63,7%), жылжымайтын мүлік – 236,2 млрд теңгеге;
- республикалық бюджетке 59,6 млрд. теңге, немесе 483 млн АҚШ доллары түсті (мүлікті жария еткені үшін алым).
Қазіргі уақытта мүлікті жария ету жөнінде жаңа науқанды өткізу мәселесі өзекті болып саналады және оған бірнеше алғышарттар бар. Мүлікті жария ету жөнінде жаңа науқанды өткізудің бірін-ші алғышарты Қазақстан экономикасындағы көлеңкелі айналымның елеулі үлесі болып табылады. 2012 жылы көлеңкелі экономиканың көлемі ЖІӨ-ге 19,2%, немесе 5,8 трлн.теңгені құрды (Бүкіләлемдік банкінің бағалауы бойынша).
Екіншіден, шетел инвестициялары қысқаруының және ағымдағы операциялар есепшоты сальдосы төмендеуінің куәсі болудамыз:
Осылайша, Қазақстанға тікелей шетел инвестицияларының таза құйылуы 2013 жылғы 9 ай ішінде 8,1 млрд. $ құрды, 2012 жылы – 13,2 млрд. $, 2011 жылы – 13,9 млрд. $, 2010 жылы 11,5 млрд. $ құрды.
Ал бұрынғы салынған шетел инвестициялары бойынша инвестициялық кірістердің жылыстауы 2013 жылғы 9 ай ішінде 17,7 млрд.$, 2012 жылы – 26,4 млрд.$ , 2011 жылы – 26,1 млрд.$ және 2010 жылы – 18,1 млрд.$ құрды.
2013 жылы ағымдағы операциялар есепшотының сальдосы 117,5 млрд.$ құрды және 2010 жылмен салыстырғанда 91,5% (1 385,7 млрд. $ 2010 жылы) төмендеді.
Үшіншіден, банк секторы тарапынан экономиканы несиелендірудің төмендеуі байқалады.
Осыған орай, экономиканы дамыту үшін қосымша ресурстар тарту мүмкіндігі туындауда.
Жоғарыда аталған фактілер алдағы тұрған мүлікті жария етуді өткізудің оң нәтижелері туралы айғақ етеді