Галерея

Жаңалықтар arrow Жаңалықтар arrow Ынтымақтың құсы болғым келеді
Ынтымақтың құсы болғым келеді Баспаға басу

Жер шарының картасында,  құрлықтың бел ортасында орналасқан Қазақстан мемлекетінің аумағын қолыммен  ақырын сипалай отырып ерекше тебіреністі күй кештім. Мұхитпен шектеспесе де, мұзарт көкпен тілдесетін ұлан-ғайыр елімнің аумағын анталаған жауынан қорғап, бүгінгі ұрпағына дін-аман жеткізген ардақты бабаларыма шексіз ұлттық ризашылығым бар.
Асыл бабаларым-ай қаны да таза, ары да таза, ұлтына деген пейілі,ұрпағына деген мейірі таза ардақтыларымның биік арманы қазақ мемлекетін жер бетінен жойдырмай,  егеменді ел ету еді. Ол арманы орындалды. Осының бәрі ел ынтымағының жемісі деп ұғамыз. Ынтымақ ырысқа бастайды. Батыр білегімен бірді жығып жатса, «білімді мыңды жығады» дейді. Білімнің өзі де ақыл, ой, жігер, тәуекелшілдік, талап сияқты қасиеттердің бірлігінің жемісі.
Бірлік- тірліктің баспалдағы, ынтымақтың қайнар көзі. «Бірлік бар жерде тірлік бар» деген сөздің түбінде үлкен мағына жатыр.
Елбасымыз- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев биылғы Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан-2050»-стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында Қазақстан халқына үшінші он жылдығымыздағы атқарылар ауқымды шаралардың басты бағыттарын көрсете отырып:
«... Тағылымы мол тарихымызбен, ұлы бабалардың ұлағатты өмірінен алар тәлімімізбен біз алдағы асулардан алқынбай асамыз. Үдеудің сыры-бірлікте, Жүдеудің сыры-алауыздықта.
Осыдан үш ғасыр бұрын Аңырақайда болған ұлы шайқаста ата -бабаларымыз бірліктің құдіреті қандай боларын өзіне де, өзгеге де дәлелдеген.
....Бейбіт күндегі белестерді бағындырып, алдағы сындардан сүрінбей өтеріміз ең алдымен өзімізге, бірлігіміз бен берекемізге байланысты!»-дей отырып, ел игілігіне қатысты істерді жүзеге асыруда халықтың ауызбіршілігі мен ынтымағының маңызы зор екенін атап өтті.
Тәуелсіз Қазақстанның тұтастығы мен тұрақтылығы жолында әрбіріміз қолымыздан келер игі істерімізбен үлес қосуымыз перзенттік парызымыз. Дініміздің сан жамиғатқа бөлініп, түрлі ағымдардың жетегінде кетуі, аға-әпкелеріміздің ата-анасын сыйламай, бетін бүркеніп, үлкендердің, діни сауатты ғалымдарымыздың дұрыс жолға сілтеген бағытын көрмей, «өзім білемдікке» салынып, өзге діннің шылауына кетуі бірлігіміздің берекесін кетірер үлкен қатер болмақ.
Дінге құрмет жасауымыз керек болса, бабаларымыз сан ғасырлар құбылаға жығылып, құлшылық еткен кезеңдерінде тура жол деп ұстанған Имам Ағзам Әбу Ханифа мәзһабынан неге ауытқуымыз керек. Біздің жастар бүгінгі күні адасу жолында жүр. Бұл адасу мемлекетіміздің дамуы мен өркендеуін көре алмайтын, жүректерін қара ниет жайлағандардың ісі. Білімі жоқ, өмірдің сәл ғана сәтсіз сәттерінде қиыншылықты көтере алмайтын әлсіз жандарды олар тез арбауына алып, олардан дінсіз қарақшылар жасақтауда. Бұл мәселеде бізге керегі тағы да ынтымақшылдық. Қауым болып адасқан жастарды ортаға алып, түзу жолға бұру игілікті іс болар еді. Дана халқымызда «Игілік басы-ынтымақ» деген қанатты сөз бар. Игілік деген не нәрсе? Игілік дегеніміз алдымен асқар таудай әке, мейірімді ананың ақылы. Игілік –білім, саналылық, еңбек, отанға деген сүйіспеншілік, ата-анаға деген адалдық. Туған жерге деген шынайы махаббат. Осынау жақсы қасиеттер адами тұлғаның тұғырлы игіліктер емес пе? Осы игіліктер болса ынтымақ елден қайда кетпек.
Әлемді тітіркендірген экстремизм,терроризм салдары бесіктегі сәбиден, белі бүгілген қарттарымызға дейін үлкен қасірет шектірмек. Ұлттар мен ұлыстар арасындағы татулыққа алауыздық отын үрлеп, елдерді дінге, нәсілге бөлінуді қалайды. Жұдырықтай жерді мекендеген барша адамзат баласының тілеуі тек ынтымақ болса, бұл тажалдың бетін қайтарар бір ғана нәрсе ол тұрақтылық пен бейбітшілік, халықтар достастығын қолға алу.
Біздің алтын ұя мекеніміз Қазақстан Республикасы қашанда татулық пен тұрақтылықты қалайды. Отбасында да бір тілектеміз. Тек ынтымақ. Атам мен әжемнің де дастархан басындағы ұдайы айтар сөзі: «Елімізге тыныштық, патшамызға сабырлық, отбасымызға амандық бер!» деп отырады.
Тәуелсіз Қазақстан Республикасы бүгінде экономикасы қуатты, өндірісі дамыған, еркін, демократиялық мемлекетке, халықаралық қоғамдастықтағы құрметті де беделді әріптеске айналып отыр.
Елбасымыздың : ...Бәрі де есімізде-қазіргі Тәуелсіздігіміз қазақ ұлтының өз тағдырын өзі шешуге деген сан ғасырлар бойғы ұмтылысының жемісі екенін жақсы білеміз. Бұл ұмтылыс қоғамдық ой-пікірдің қалыптасуымен, халықтың жан жүрегімен қалаған қажырлы іс әрекетімен нығайтылып отырды. Біз 1986 жылдың желтоқсанында қазақ жастарының тоталитарлық тәртіпке жүрек жұтқан әрі теңдесі жоқ ерлікпен қасқайып қарсы шыққанын ұмытпаймыз. Тәуелсіздік тұрақты даму арқылы нығаяды»-деген болатын.
Міне, бірлігімізді сонау ызғарлы жылдары да жалында жастарымыз желтоқсан жаңғырығымен дәлелдегенін қалай ұмытпақпыз.
Бірлік дегенде «Дүниежүзі қазақтар қауымдастығы», «Қазақстан халықтары Ассамблеясы» сияқты түрлі ел бірлігіне жұмыс жасайтын қоғамдық ұйымдар мен қауымдастықтар еске түседі. Қауымдастық, бірлестік, ассамблея ұғымының астарында да бірлік пен ынтымақты үндеген ой жатыр.
Бүгінгі біз туып өскен Созақ өлкесіне де тәуелсіздіктің таңы арайлап жеткен еді. Қазақ ордасына тірек болған қамал қала Созақ жайлы аңыздар мен тарихи шежірелер жетерлік. Қаншама дуалы ауыз шешендер мен қол бастаған көсемдер артына көшелі сөз қалдырды. Кешегі Асқар ағамыз; Созақ – қария, Созақ – мінез, Созақ – өнер», десе Шерхан ағамыз: Оңтүстікте Созақ деген Ел бар. Бұл – шалғай жатқан, өзіне Қыдыр қонған ел» деген екен. Еліміздің үдере өркендеп келе жатқан қарқынды дамуы, бүкіләлемдік өркениет көшінің алдыңғы сапына ұмтылысы ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы армандаған ізгілік жолы екені айдан анық.
Тарих дегеніміз – тек бағзы заман оқиғаларының жаднамасы ғана емес, – ол Ұлт рухының қозғалыс баяны. Ол – өткеннен сабақ алып, қайта түлеу. Сол ояну – сол қарышты қадам бірліктен бастау алады. Алпамыс батырымыздай жыл санап емес, апта санап, ай санап, еселеп өсіп, өрге оздырған бүгінгі қарқынымыз – әлемдегі ең озық елдердің қатарына тезірек жетуімізге жетелейді. Уақыт өткен сайын бедел биігі арта түскен бүгінгі Еліміздің алдағы аңсар-арманы да асқаралы!
Бұрын ешуақытта болып көрмеген жаңару жылдары! Бұл айтулы кезеңдерге толы сан жылдар бойы қол жетпеген зор ілгерілеушіліктер мен өркениетке қарай басқан қарышты қадамдар. Осы жылдар ішінде аса зор өзгерістер болды. Бүкіл Ел де, жеке аймақтар да, адамдар да өзгерді. Сол кездегі Қазақстанның орнына жаңарған, жасарған Қазақстан пайда болып, экономика мен күш – қуатымыз әлденеше рет өсті. Адамдар бұрынғы масылдық, құлдық психологиядан ажырап, өзін өзі мүлдем басқа, жаңа қырынан көре білуге, іштей өзгеруге жетісті. Бұл ырыстың тілеуқоры ынтымақтың мерейі.
Біз болашаққа жан-жақты толысқан рухы биік халық ретінде жетуге міндеттіміз. Біз жаңа толқын ұрпағымызды замана талабының барлық саласын еркін меңгере білуіне жетісуімізбен қатар оларды терең де бай тарихымызбен тәрбиелеуді мақсат тұтуымыз керек.
Бүкіл әлемге аузын арандай ашқан жаһандану процесс-үдерісіне өзгелермен тең дәрежеде зиялы өркендеп, бүкіл адамзат жасаған зияткерлік пен өркенді істердің пайдалыларын нәр ете ала отырып, өзіміз сол нөпірде жоқ боп жойылып кетпеуімізді ұлы мақсат деп ұғуымыз керек. Ол үшін бізге керегі кешегі тарихымызда тек бірлікті көксеп кеткен билеріміз Төленің төрелігіне, Қазыбектің қазылығына, Әйтекенің әділдігіне арқау болған татулығымыз бен ауызбіршілігіміз жоғалмасын.
Ендеше барлық ұландардай тәуелсіздігіміздің баянды, тұтастығымыздың берік, елдігіміздің мәңгі болғанын қалаймын!

 

Айдын Жеңіс
Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің 11 сынып оқушысы
Созақ ауданы
Оңтүстік Қазақстан облысы

 
« Алдыңғы   Кейінгі »

Әкімнің блогы

Мемлекеттік рәміздер

     

 

 

 

 

Жаңалықтар күнтізбесі

 
« 22 Қараша 19 »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Валюта бағамы

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Ауа райы

Пікіртерім

Біздің жаңа дизайнға баға беріңіз?
 

Жаңалықтар таспасы