Галерея

Жаңалықтар arrow Жаңалықтар arrow Әзіреті Қаратау әз Наурызды қарсы алды
Әзіреті Қаратау әз Наурызды қарсы алды Баспаға басу

                       (Теріскей төсіндегі тоғыз күннің күнделігі)
Image Әзіреті Қаратаудың бауырында көлбей, сайын дала Сарыарқаға бетін түзеп жатқан шежірелі өлке, сырлы қарт Созақ  Ұлыстың ұлы күні саналатын ұлық мереке -Наурызды ұлттық сипатта, салт дәстүріміз бен әдеп ғұрпымызды насихаттай, дәріптей бағалай кең көлемде өткізді.     Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімімен әлемдік деңгейде аталып өтетін және ЮНЕСКО-ның мәдени мұра санатына қосылған Наурыз мейрамы салт-дәстүріміздің, тіліміз бен дініміздің, бірлігіміз бен мен татулығымыздың, жаңаруымыз бен  жарасымды ынтымағымыздың дамуына себепші ұлы мерекеге айналды.
Елбасымыздың Жарлығымен 1991 жылы 15 наурызда Наурыз мерекесін өткізу жөнінде заңды түрде бекітілген болатын.
Бұл күнде бұл мерекені Еуропа мен Азия елдері жаппай тойлауды қолға ала бастады.
Ұлттық болмысымыздың толықтай мәніне ие Наурыз Мерекесі Созақ ауданының Шолаққорған ауылында 22-Наурыз күні өз деңгейінде аталып өтті.
Биылғы наурыз мерекесі өзгеше сипатта тойланды. Облыс әкімінің Наурыз мерекесін өткізу жөніндегі бекіткен іс-шарасына орай Созақ ауданында да тоғыз күнге бағытталған мерекелік шаралар өткізілді.
Алдымен 14 наурыз күні «Көктем шуағы» мерекесімен ұлыс күнінің шымылдығын ашылды.
Көгілдір көктем келіп, төңірегіміз жасыл желекке орана бастады. Адамдардың да көңіл-күйі көтеріңкі.
Көне тарихи деректерге сүйенсек халқымыздың ескі жыл санауы бойынша көктем осы кезде келеді деп есептеген. Бұл күні адамдардың бір-біріне сәлем бере барғаны айтылады.
«Көктем шуағы» күні аудан әкімінің орынбасары С.Еденбаева, ауыл әкімі А.Алтыбай, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Б.Әбенов, Шолаққорған ауылдық ардагерлер, кеңесінің төрағасы Б.Арынбеков, Ұлы Отан соғысының ардагері Базар Арқабаевтың, Тәжі Нұрқожаевтың, Әуес Шайдазимовтың, Жанмолда Райымқұловтың, Пернебай Оңалбаевтың үйлеріне барып, көктемнің келуімен құттықтап, сый-сияпаттар табыс етті. Сондай-ақ, жалғызбасты аналар Хадиша Нұрлыбекова, Күлпаш Арғынбаеваның отбасында болып, келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтады. Мерекелік сыйлықтар табыс етті. Көпті көрген қариялар баталарын беріп, алғыстарын жаудырды.
Мұндай игі шаралар поселке, ауыл әкімдіктерінде де өткізілді.
Image 15 наурыз «Тағзым күні»
Етеңгілік сағат 11:00-де Аудандық орталық емхана ұжымы ұйымдастырған шараға аудан басшылығы мен ауыл тұрғындары қатысып өткен бабалар рухына ас берілді.
сағат 14:00-де Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамына арналған мерекелік шаралар бағдарламасына орай аудан орталығындағы орталық мешітте жұма намазында құран оқылып, жеті нан пісірілді.
16 наурыз «Алас күні»
Аудан орталығындағы «Даңқ саябағында» аудан әкімдігі мен аудандық білім бөлімі бірлесе ұйымдастырған «Табиғатты аялайық!» атты көгалдандыру-көріктендіру шарасы өтті. Сенбілік шарасына аудан әкімі Аманғали Аймұрзаев қатысып, аудан орталығындағы мектептер мен мекемелерден жиналған акцияға қатысушыларға сәттілік тіледі. Осы күні ауданның барлық өңірінде сенбілік шарасы өткізіліп ағаш көшеттері отырғызылды. Аудан әкімі саябақ ішіндегі тың жерге өзі болып бастап ағаш отырғызды. Ауа райының бұлыңғыр күйіне қарамастан сенбілікке қатысушылар көтеріңкі көңіл күйде өздеріне бекітілген аумақты тазалап, тиесілі көшеттерді отырғызып шықты.Осы күні ауыл тұрғындары да 5-10 көшеттен алып үй маңайын көгертуге өз үлестерін қосты.
17 наурыз «Береке күні»
Береке мен бірліктің қайнар көзі-наурыз мерекесі жақындаған сайын халықтың да көңілі көтеріңкі 17 наурыз күні облыс әкімінің бекіткен іс-шара жоспарына сай Созақ ауданында қайырымды шара өтті. Аудан әкімінің орынбасары С.Еденбаева, Шолаққорған ауылының әкімі А.Алтыбай, аудандық мүгедектер қоғамының төрағасы Н.Нарымбетов және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері Наурыз ықшам ауданында тұратын мүгедектер үйінде болып, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды Наурыз мерекесімен құттықтап сый-сияпат жасады.
Сый-сияпат көрген азаматтар атынан сөз алған Серік Тілегенов аудан жұртшылығын Әз-Наурыз мерекесімен құттықтап, мереке құрметіне елеп-ескерген аудан басшылығына ризашылығын білдірді.
18 наурыз «Өніс күні»
Жаңарған жасыл әлем адам баласының көз қуанышы. Ынтымағы тасыған, дәулеті артқан Отанымыздың болашағы жас ұрпақ. Бүгін ауданымыздың орталық перзентханасында дүниеге үш сәби келді. Аналары мен сәбилердің денсаулығы жақсы. Аурухана меңгерушісі Раушан Сариева дүниеге келген сәби аналарды арнайы құттықтап шықты. Жарық дүние есігін ашқан сәбилердің құрметіне үш тал ағаш көшеттері отырғызылды.
Туған топыраққа аяқ баспай тұрып тал еккен нәрестелердің пейіліндей еліміз қашанда жасыл желекке бөленіп гүлдене берсін.
Еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін туған табиғат ананың көркеюіне үлес қоса берейік.

19 Наурыз «Жайнау күні»
Бұл күні аудан орталығы шолаққорған ауылының орталғында, ауыл, поселкелерде түрлі мерекелік құттықтаулар мен баннарлар ілініп, көше, ауыл ажарын кіргізді.
Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов жалпы орта мектептерінде, аудандық орталық кітапханада оқушылардың қолдарымен жасалған ұлттық бұйымдардың, түрлі әдеби кітаптардың көрмелері ашылды. Кітап көрмесіне жергілікті ақын-жазушылардың шығармалары көбірек қамтылды.
Халықаралық турнир жалауын көтерді
Осы күні ауданда Созақ ауданының 85 жылдығы құрметіне тұңғыш рет бокстан Созақ ауданы әкімінің жүлдесі үшін жас өспірімдер арасында ғы халықаралық турнирдің жалауы көтерілді. Қырғызстан, Өзбекстан, еліміздің оннан аса қалалары мен облыстарынан келген жас спортшылар қатысқан турнир үш күнге созылып Ұлыстың ұлы күні мәресіне жетеді.
Турнирді аудан әкімі А.Аймұрзаев құттықтау сөзбен ашып барлық қатысушыларды Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен құттықтай отырып оларға сәттілік тіледі.
Айтулы шараға бокстан ұлттық құраманың мүшесі, әлем чемпионатының қола жүлдегері, жерлесіміз Біржан Жақыпов қатысып, балғын спортшылардың ойынын тамашалады. Сонымен қатар турнирге ауданның спорт ардагерлері де құрметті қонақ ретінде арнайы шақырылды.
20 Наурыз «Шаттық күні»
Бұл күні аудан орталығындағы «Мыңжылқы» мәдениет сарайында аудан көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасы ұйымдастырылды.
Абай елді мекенінде көше аралық жарыстар өткізіліп, Наурыз думан мейрамы ұлттық наурыз көже пісіруден жарыстар, кемпір күрес, асық ату ойындары өткізілді. Осы күні аудан әкімінің құттықтау хаты шаруа қожалықтарының төрағаларына салтанатты жағдайда табыс етілді.
21 наурыз «Үйлесім күні»
Үйлесім күні аудан орталығындағы алаңда алтыбақан тігілді. Мереке күніне аудандық спорт мектептерінің ұйымдарымен спорттық шаралар өткізілді. Ауданның ауыл, поселке әкімшіліктерінде спорттық іс-шаралар өткізілді. Ойын сауық бағдарламалары, концерттік қойылымдар қойылды. Орталық алаңға киіз үйлер тігілді. Күннің райы жылы болды. Алдын ала бірнеше сенбілітер мен апталық тазалық күндері жүргізілген көшелер мен ауылдар тап-тұйнақтай тазарған. Жұрттың көңіл күйлері көтеріңкі болды.
Осы күні «Достар» стадионында Созақ ауданының 85 жылдығы құрметіне тұңғыш рет бокстан Созақ ауданы әкімінің жүлдесі үшін жас өспірімдер арасындағы халықаралық турнирдің екінші күні өтіп жатты.

20 наурыздан бастап орталық алаңға киіз үйлер тігіле бастады, Телегей күйдің мекені- Теріскей өңірі мереке күні ерекше құлпыра түсті Сүгір, Бапыш, Төлегеннің күйлері толассыз беріліп аудан тұрғындарына көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
21 наурыз күні ауданның барлық ауыл, поселке әкімшіліктері мен елді мекендерінде наурыз мерекесі аталып өтіп, онда 20-дан астам киіз үйлер тігіліп түрлі ұлттық ойындар ойналды, әуезді әндер шырқалды. Ауыл тұрғындары наурыз дастарханынан дәм татып мәз-мәйрам болысты. Бұл күні Шолаққорған ауылының орталығындағы саябақта жастардың «ақсүйек» ойыны ойналып, «алтыбақан» тебілді.
Осы күні кешке сонымен қатар ертеңгі үлкен мерекеге деген дайындық жұмыстары өз мәресіне жетіп, ертеңгі мерекеге дайын тұрды. Ұлыстың ұлы күні аудан орталығында алаңға жыл он екі айдың құрметіне 12 ақшаңқан киіз үйлер шаңырақтарын көтерді,
Осы күні наурыз нақышымен әсем безендірілген орталық алаң думанды мерекелеуге келген халыққа толды. Күмбір күйдің әсем әуені Қаратау төсін шарлай, белестер мен бәйшешекті қырларға сүйіншілей аттанды.
22-наурыз «Ұлыс күні» Мереке өз шымылдығын сағат 9-00 ден бастап ашып, ауыл, аудан тұрғындары мен сырттан келген қонақтар орталық алаңға ағылды.
Мерекелік жиынды аудан әкімі Аманғали Аймұрзаев ашып, аудан тұрғындары мен республикамыздың түкпір-түкпірінен келген қонақтарды ұлыстың Ұлы күні наурыз мерекесімен құттықтады. Мерекелік шараға аудандық мәслихаттың хатшысы Мақсат Исаев бастаған депутаттық корпус түгел қатысып, ел ынтымағының, ауызбіршілігінің тұтастығын көрсетті. Жібек жолы көшесінің бойына аудан ардагерлері, аудан әкімі, мәслихат хатшысы мен депутаттар, аудандық сот төрағасы, аудандық прокуратура қызметкерлері, ішкі істер бөлімінің басшылығы, мекеме, бөлім басшылары ағаш көшеттерін отырғызды. Түс ауа ауыл шетіндегі «Бағдат» атшабарында аузымен құс тістеген тұлпарлардың жарысы өтіп, аламан десе айылын жимайтын қазекеңдердің көңіліне желік бітірді. Артынша «Көк бөрі ережесі» бойынша көк серкені тақымдаған көк тақым жігіттердің делебесін қоздырған көкпар ұлттық ойынына жалғасып кетті. Дала төсін шаңдатқан апайтөс арғымақтардың болат тұяғының дүбірі сайын өлкеге наурыз келгенін сездіріп бар тіршілік иелерін оятқандай болды.
Атшабар төсінде ұлтымыздың ұлттық ойындары да ойналып көпшілік қауымның қыс қыспағынан қысылып шыққанын ұмытқызардай әсерлі өтті.
Кешке жастардың біраз бөлігі бас қосып айлы түнді алтыбақан маңайында «ақ сүйек» ойынын өткізсе, енді бірі әзілмен астасып білімі мен ой өрісін шыңдаған өрелі жастардың көңілді шараларына ұласты.
Аталмыш шараларға ауданның барлық мекемелері мен кәсіпорындары, ұжымдары мен өндіріс орындары ат салысып бақты. «Ынтымақты елде ырыс тұрар» демекші. Ол азаматтарға деген елдің алғысы шексіз. Озық киіз үлгісін тіккен және Наурыз мерекесіне белсенді қатысқан ұжымдар аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды. Сонымен қатар Созақ ауданының 85 жылдығы құрметіне тұңғыш рет бокстан Созақ ауданы әкімінің жүлдесі үшін жас өспірімдер арасындағы халықаралық турнир мәресіне жетіп үш күнге созылған аламан додада оза шапқандар лайықты марапаттарын алды.
Наурыз мерекесінің ерекше әсер бергені ауданның мекеме басшылары, аудан әкімшілігінің қызметкерлері түгелімен халықтың ортасына ұлттық киімде киініп шыққаны бізді, журналистер қауымын ерекше толқытты. Ұлтымыздың салт дәстүрі мен әдеп ғұрпына елеулі үлесін қосып, басқа аудандарға үлгі боларлық бұл игі істің жалғасы табылар деген үміттеміз.
Бұл күні аулалар мен елді мекендерде түрлі көшет талдары егілді.
Осындай Наурыз-думан мереке бірлігі жарасқан Созақ ауданының барлық ауыл, поселке әкімшіліктерінде өз дәрежесінде өтті.

Мақсат Қарғабай

Созақ ауданы
 
« Алдыңғы   Кейінгі »

Әкімнің блогы

Мемлекеттік рәміздер

     

 

 

 

 

Жаңалықтар күнтізбесі

 
« 19 Қараша 19 »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Валюта бағамы

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Ауа райы

Пікіртерім

Біздің жаңа дизайнға баға беріңіз?
 

Жаңалықтар таспасы