Галерея

Жаңалықтар arrow Жаңалықтар arrow Көктем шуағы
Көктем шуағы Баспаға басу

Созақта
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің наурыз мерекесін өткізу жөніндегі бекіткен іс шарасына орай  Созақ ауданында өткен шара
14 наурыз «Көктем шуағы»
Көгілдір көктем келіп, төңірегіміз жасыл желкке      бастады. Адамдардың да көңіл-күйі көтеріңкі.
Аудан әкімі А.Аймұрзаев бекіткен Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамына арналған мерекелік шаралар бағдарламасында 14 наурыз «көктем шуағы»болып белгіленген болатын. Көне тарихи деректерге сүйенсек халқымыздың ескі жыл санауы бойынша көктем осы кезде келеді деп есептеген. Бұл күні адамдардың бір-біріне сәлем бере барғаны айтылады.
«Көктем шуағы» күні аудан әкімінің орынбасары С.Еденбаева, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басты Б.Әбенов, Шолаққорған ауылдық ардагерлер, кеңесінің төрағасы Б.Арынбеков, Ұлы Отан соғысының ардагері Базар Арқабаевтың, Тәжі Нұрқожаевтың, Әуес Шайдазимовтың, Жанмолда Райымқұловтың, Пернебай Оңалбаевтың үйлеріне барып, көктемнің келуімен құттықтап, сый-сияпаттар табыс етті. Сондай-ақ, жалғызбасты аналар Хадиша Нұрлыбекова, Күлпаш Арғынбаеваның отбасында болып, келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтады. Мерекелік сыйлықтар табыс етті. Көпті көрген қариялар баталарын беріп, алғыстарын жаудырды.
Мұндай игі шаралар поселке, ауыл әкімдіктерінде де өткізілді.
15 наурыз «Тағзым күні»
сағат 12:00-де Аудандық орталық емхана ұжымы ұйымдастырған шараға аудан басшылығы мен ауыл тұрғындары қатысып өткен бабалар рухына ас берілді.
сағат 14:00-де Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамына арналған мерекелік шаралар бағдарламасына орай аудан орталығындағы мешітте жұма намазында құран оқылып, жеті нан пісірілді.
Мақсат Қарғабай

 
« Алдыңғы   Кейінгі »

Әкімнің блогы

Мемлекеттік рәміздер

     

 

 

 

 

Жаңалықтар күнтізбесі

 
« 02 Маусым 20 »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930         

Валюта бағамы

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Ауа райы

Пікіртерім

Біздің жаңа дизайнға баға беріңіз?
 

Жаңалықтар таспасы