Галерея

Жаңалықтар arrow Жаңалықтар arrow Көктем мерекесі мерейлі болсын!
Көктем мерекесі мерейлі болсын! Баспаға басу

Қадірлі ақ жаулықты, әзіз жүректі  аналар!
Қымбатты  қыз-келіншектер!
Сіздерді шуақты көктемнің алғашқы күндерімен бірге адамзат ұрпағына қуаныш сәулесін төгетін  Халықаралық әйелдер күні -8 Наурыз мерекесімен шынайы көңіл, ізгі ниетпен құттықтаймыз!
Жүрегімізді нұрға, көңілімізді жырға бөлер әйел-Ана адамзат дамуындағы басты тұлға.
Ана-тіршіліктің тірегі. Өмірдің бар қуанышы мен бақыты аналардың алақаны мен мейірімінде, теңіздей шалқар кең пейіл шапағатында!
Бір қолымен бесік, екінші қолымен дүниенің тыныштығын, ынтымағын тербеткен аналар қоғамның түрлі салаларында игі істердің ұйытқысы, жетекшісі , ұйымдастырушысы болып жүр.
Елбасымыз-Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев биылғы Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан-2050»-стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында Қазақстан халқына үшінші он жылдығымызда атқарылар ауқымды шаралардың басты бағыттарын көрсете отырып: «мемлекет үшін және менің жеке өзім үшін де ананы қорғау-ерекше мәселе»-дей отырып барша Қазақстан халқына анаға деген құрметтің шексіз болуына өміршең үлгі көрсетті.
Бүгінгі таңда ауданымыздағы халық санының 51 пайызы, яғни 27 000-нан астамы әйелдер, оның ішінде 1258-і Алтын алқа иегерлері, 712-і Күміс алқа, 143-і І-ІІ дәрежелі «Ана даңқы» орденінің иегерлері. Ауданда 5000-нан астам қыз-келіншектер құқық, денсаулық, мәдениет, білім, кәсіпкерлік және тағы басқа да түрлі салаларда еңбек етіп жатыр.
Тәуелсіздігіміздің көк туын биікке көтерісе, бейбіт күннің түтінін түтетіп отырған барша қазақстандықтармен бірге созақтық әйел аналардың да ауданымыздың өсіп-өркендеуі мен гүлденіп дамуына абыройлы үлестерін қосып жүргендері көңіл қуантады.
Ардақты аналар! Аяулы арулар!
Сіздерді көктемнің мерейлі де, жайдарлы мерекесімен тағы да құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, бақытты ғұмыр, әр күндеріңізге табыстар тілейміз!
Жанұяларыңыз шуақты күннің нұрына бөленіп, өсіріп отырған ұл-қыздарыңыз күн сайын Сіздерге тек қуаныш пен жақсылық сыйласын!
Ізгі ниетпен:
Аудан әкімі Аудандық мәслихаттың хатшысы
Аманғали Аймұрзаев Мақсат Исаев

 
« Алдыңғы   Кейінгі »

Әкімнің блогы

Мемлекеттік рәміздер

     

 

 

 

 

Жаңалықтар күнтізбесі

 
« 18 Қараша 19 »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Валюта бағамы

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Ауа райы

Пікіртерім

Біздің жаңа дизайнға баға беріңіз?
 

Жаңалықтар таспасы