Галерея

Жаңалықтар arrow Жаңалықтар arrow Әйел-Ана, Ана-Жар, Ана-Қыздар
Әйел-Ана, Ана-Жар, Ана-Қыздар Баспаға басу

Сайын сахара қашанда сол өлкенің перзенті үшін мәртебелі биікте тұрады. Бұл даланың мерейін  биіктеткен өр кеуделі ер азаматтардың кең жүректері мен қайратты  сом білектері екені баршаға аян. Көрген сәттен Қандай ана туды екен?!, Қалжа жеген қазағымның аналары-ай! –деген, дархан көңілдің ишарасын сезінесің, масайрайсың, мақтанасың.
Өмір бір орнында тұрмас есейерсің, етек жинарсың бәрібір де Ана-деген асыл ұғымның парқын қай кездерде де бала болып сезінгеннен артық бақыт та болмас.
«Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды»- күлімдеген ұл-қыздары тұрғанда жасара түскен ананың алдында қалай қартаймақсың.
Алыс сапарлардан аңқылдай аңсап барғанда алдыңнан айналайындап шығар ана мейірімінен асқан махаббат жоқ шығар.
Кешегі қыз, бүгінгі ана, ертеңгі тәрбие бесігінің тербетушісі ертегігөй әже.  Иә, өн бойы өнер мен мейірімге толы әже құшағы ұлттық тәрбиенің мұрасы десе де болар. Кешегі өткен дана Абайдың адами тұлға, арқалы ақын болып қалыптасуына оң ықпал еткен анасы Ұлжан мен әжесі Зеренің тәрбиесі десек аса қателеспес едік.
Міне біздің бүгінгі төріміздің сәні ақ кимешекті әжелерімізді ұлттық мәдениетіміздің, салт дәтүріміздің уыздай ұйытқысы десек дәл айтылған теңеу болар еді.
Кешегі тарихымызда бүкіл бір руға аты берілген Айбике ана, ислам дінінің ханшайымы Бибі Мариям ана осы Созақ өңірінің төсінде жатыр. Қаратаудың қойнауында тікесінен тік тұрған Үш қатын шыңы, әйгілі абыз жазушыларымыз бен тархан тарихшыларымызға қалам тарттырған Келіншектау биігі өз алдына бір аңыз. Осы аңыздар мен әфсаналар әйел орнының саяси қоғамдық формацияда алар орнының ерекше екенін әйгілеп кеткені ақиқат.
Созақ ауданының 85 жылдық тарихын зерделесек қаншама ардақты асыл аналар ауданымыздың кемелдену жолында қажырлы еңбек етті. Ұлы Отан соғысы жылдарында майдан ортасында ерлермен қатар қан кешкен Нина Абдуллаева, Лидия Ибраева сияқты ержүрек қыздарымызды, ер азаматтар майданға аттанғанда ауданда ауыл шаруашылығында бел шешпей еңбек еткен Маржанкүл Шаймерденова , Жақсыкүл Аманжолова, Шырынкүл Амалбекова, Қыздаркүл Құдайбергенова, Нысанкүл Алсаева сияқты абзал қыз келіншектердің ерен істері бүгінгі ұрпақ үшін зор өнеге.
Мал шаруашылығын өркендетуде КСРО Жоғары Кеңесінің депутаты Бибі Төлбаева, ғылым саласында ғалым Әлия Бейсенова, білім саласында «Құрмет белгісі» орденді ұстаз Зиба Смағұлова, «Еңбек Қызыл ту» орденді ұстаз Дариға Қиясова, партия жұмыстарында Бәтима Бәйменова, Зоя Бектаева, мемлекеттік қызметте Сәуле Еденбаева, кәсіпкерлік саласында Сапура Кенжебекова, Нұржамал Төлеуова, көп бала тәрбиелеп өсірген ардақты аналар Гауһар Ермаханова, Тұрсынкүл Әлжанова сияқты аналарымыз бен аяулы қыздарымыз аяусыз тер төге жүріп, қажырлы еңбек көрігін қыздырды.
Өнер өлкесінде өзіндік қолтаңбаларын қалдырып, Теріскей өңірін ән мен күйге, шырайлы жырға бөлеген Бәтима Батырбекова, Гүлжаһан Бәлшенқызы, Ләззат Омарова, Жанат Райымқұлова, Жұпар Жүзбаева, Раушан Оспанова, Гүлнар Төлегенова, айтыс ақыны Нүрила Ескенова журналистика саласының қарлығашы Қалдыгүл Мұратова, медицина саласында Бағила Тұрсынқызы, әйгілі 1986 жылы дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан көтерілісіне қатысып, қазақ халқының азаттығы жолында күреске шыққан Гүлнар Есенқұлова, Гүлшат Нысанбекқызы секілді өр рухты қыздарымыздың есімін атап кетуді жөн санадық. Бұл арулар Созақ ауданы емес қазақ халқының тарихында мәңгі қалатын ардақты алтын есімдер иелері.
Бірқатары бүгінгі күні арамызда болмаса да аяулы жандардың ұрпақтар жадына қалдырған толағай істері мәңілік мұра болып қалды. Өлді деуге бола ма артында өлмес өнегелі ісі қалса!
Қазақстан Республикасының Президенті Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан – 2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдауында:
«Сіздер – отбасының, демек мемлекеттің тірегісіздер.
Еліміздің болашақта қандай болатыны балаларымыздың бойына өзіміз қандай тәрбиені сіңіретінімізге тікелей байланысты. Ең алдымен, біз қыздарымыздың тәрбиесіне көп көңіл бөлуіміз керек. Олар – болашақ жар, болашақ ана, шаңырақтың шырақшылары» - деген болатын.
Ұлтымыздың көшбасшысының жүрегінде тұрған аналарымызға, қыздарымызға, қарындастарымыз бен асыл жарларымызға деген мол сыйластықтың тұнық сезімін осы сөздерден-ақ аңғарғандаймыз.
Болашақтың ұрпақтың саналы, тәрбиелі, ұлттық салтымыз бен дәстүр ғұрпымызды қастерлейтіндей азамат-азаматша болуларына отбасындағы өрелі тәрбиеден бастау алатыны шындық. Отбасындағы ошақтың жылуы анадан басталады.
Қырық үйден тиым алған ақмаңдай қарындастырымыз, сүйкімді қыздарымыз келер келешегіміздің алтын қазығы.
Шаңырақтарға шырақ,
Шапағатын шашқан.
Жүрген жері шуақ,
Кең құшағын ашқан- барша аналарды көбелекті көк белге жеткен көктемнің алғашқы күндерімен асыға жеткен, сайын даланы қуанышқа бөлеген мерейлі мерекемен біздер-ер азаматтар құттықтаймыз.
Аналарға деген құрмет аудан көлемінде толастаған емес. «Даңқ» саябағында «Ардақты аналар» аллеясы гүлге көмкерілсе, ақын апамыз Бәтиманың атындағы мектеп шәкірттерге есігін айқара ашқан. Бір қатар аналарымыз ауданымыздың «Құрметті азаматы» атанды.
Жыл сайын сегізінші наурызда аналар құрметіне мерекелік той-думан өтіп кең көлемде аталып өтеді.
Табанының астына жаннат жатқан жаны жаздай жылы жүзді аналар аман болсын!
Мақсат Қарғабай

 
« Алдыңғы   Кейінгі »

Әкімнің блогы

Мемлекеттік рәміздер

     

 

 

 

 

Жаңалықтар күнтізбесі

 
« 18 Қараша 19 »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Валюта бағамы

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Ауа райы

Пікіртерім

Біздің жаңа дизайнға баға беріңіз?
 

Жаңалықтар таспасы