Галерея

Жаңалықтар arrow Жаңалықтар arrow Ауыл болашағына бағытталды
Ауыл болашағына бағытталды Баспаға басу

 Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев өткен жылдың желтоқсан айының бел ортасында  Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан-2050» стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында :  «...ауылшаруашылығын, әсіресе, ауылшаруашылығы өніміне өсіп отырған жаһандық сұраныс жағдайында ауқымды жаңғырту қажет. Әлемдік азық-түлік нарығының көшбасшысы болу және ауыл шаруашылығы өндірісін арттыру үшін бізге мыналар қажет: егістік алаңын ұлғайту; егістік түсімін, ең алдымен жаңа технологиялар енгізу есебінен елеулі көтеру қажет; әлемдік деңгейдегі мал шаруашылығы жемшөп базасын құру үшін үлкен әлеуетке иеміз;
...Ауылшаруашылығын қайта өңдеуде және саудада фермерлік пен шағын және орта бизнесті дамыту. Бұл -өзекті міндет. Бұл арада бізге: жер өңдеу мәдениетін өзгерту және жаңа ғылыми,технологиялық, басқарушылық жетістіктерді ескере отырып, мал шаруашылығындағы дәстүрлерімізді жаңғыртуымыз қажет.»-дей отырып Үкіметке ел агроөнеркәсіп кешенінің 2020 жылға дейінгі дамуының жаңа бағдарламасын әзірлеуді тапсырған болатын.
Елбасы сөзін неге тілге тиек етіп отырмыз. Себебі өзіміз тұрғыны санатында ғұмыр кешіп келе жатқан Созақ ауданы өзінің құрылған тоқсан жылға жуық уақытының ішінде бір ғана күн көріс көзі мал шаруашылығымен айналысып келді. Бүгінде өндірісі қатар дамып келе жатқан қоржыны қомақты аудан саналғанымен ежелгі кәсібі, азық-түлігінің белсенді қоры мал, егін шаруашылығынан әсте қол үзген емес. Керісінше жылдар өткен сайын осы саланы игеруге, дамытуға алға ұмтылып келеді. Ауданның облыс көлеміндегі рейтингтік көрсеткіші де осы ауылшаруашылығы саласы негізінде қорытындыланып тиісінше орындар белгіленеді.
Алайда күн шықпасын түн қоймас демекші көшпелі дәуірден тұрғылықты отырықшылыққа икемделген дала қазағы үшін мал шаруашылығында да тың үрдістер мен ғылыми жаңалықтарға мойынұсынуға тура келеді.
Тың үрдіс, ғылыми жаңалықтар дегеніміз мал тұқымдарын асылдандыру, егіннің жаңа сапалы сорттарын шығару, жем-шөп қорының құнарлылығын арттыру, жаңаша бағыттағы білімді мамандар даярлау, ветеринариялық зерттеулер, мал шығындарын әкелетін немесе адамзат өміріне қауіпті түрлі аурулардың алдын алу, зертханалық жетістіктер, бүгінгі талаптың шеңберінен шығатын жаңа жабдықтармен қамтамасыз ету және онымен жұмыс жасай білу, жайылымдарды тиімді пайдаланудың алғышарттары сияқты серпінді жобалармен жұмыс жасауға заманның өзі итермелеп отыр. Бұл нарық кезеңінің өзіндік заңы.
Ауданда бүгінгі таңда көптеген ауыл шаруашылығы мамандарына деген сұраныс басым.Мысалы, аудандық ветеринария бөлімінің мәліметі бойынша бізде 40-қа жуық мал дәрігерлері жетіспейді екен. Бұл аудан көлеміндегі әрбір мал басын емдеу, дәрілеу жұмыстарында қиындықтар бар деген сөз.
Осы мақсатта биыл мектеп қабырғасынан қанат қаққалы отырған түлектерге ауылшаруашлығына қажетті мамандықтарды игеруге баруына кеңес берер едік.
Таяуда Алматы қаласындағы Ұлттық аграрлық университетінің ғалымдары ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Ж.Мырзабеков, ветеринария ғылымдарының кандидаты доцент Ө.Есқожаев, ветеринария ғылымының кандидаты, аға оқытушы Б.Барахов ауданымызға арнайы ат басын тіреп Шолаққорған жалпы орта мектебінің мәжіліс залында аудан орталығындағы Ы.Алтынсарин, Ә.Молдағұлова, Т.Әлімқұлов,А.Байтұрсынов атындағы мектептердің 11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді.
Кездесуде мамандық таңдау мәселесінде туған жерге қызмет ету, ел ертеңінің болашағына бет бұру, ауыл экономикасының дамуына үлесін қосу негізінде өздерінің ақыл кеңестерін берді.Сонымен қатар ғалым-ұстаздар аудан көлеміндегі жалпы орта мектептерді аралап ондағы жоғары сынып оқушыларымен кездесулер өткізді. Білімге құштар жастар саналарында жүрген түрлі сауалдарға татымдыжауаптар алды.
Расында бүгінгі таңда құқық, экономика, қазақ тілі мен әдебиеті, денешынықтыру мамандықтары бойынша 4-5 жыл білім алып келіп біліміне сай жұмыс таба алмай жүрген жастарымыз қаншама, оның бәрі кезінде тиісті сала мамандарымен осындай жүздесулер, ақыл кеңестер мен пайымды бағыт бағдарлар алмағандығының «жемісі» болса керек.
Кездесулерді аудандық білім бөлімінің бастығы Т.Беккулиев ашып жүргізіп отырды. Университет ғалымдары арқылы ата-аналар, мектеп оқушылары күн сайын тестілеу сынағына қатысты жаңарған өзгерістердің қилы амалдарына қанықты. Жеткіншек жастарға университет ұстаздарының ақыл кеңестері мен тәлімді пікірлері терең ой салғаны анық. Кеңестік кезеңде жоғары оқу орнына түсу үшін екі жыл мал шаруашылығында еңбек етуге тура келеді, кей жерлерде мың дана кесек құйып барып аттестатыңды алатынсың. Мына Тәуелсіздіктің арайлы ақ таңында қалаған мамандығыңа, қалаған уақтыңда барасың, дайындалуға да мүмкіндік бар. Тек болашағыңа бұлыңғырлық танытпай өміріңе азық болар мамандығыңды дұрыс таңдай білсең болғаны.
Елбасымыздың азық -түлік қауіпсіздігі туралы түйінді мәселелерді жиі көтеруі тегін емес. Ел ертеңінің сәнді де мәнді болуы қазақы дастарханымызға көрік берген молшылықтан болмақ. Молшылығымыз арылмасын десек ауылшаруашылығына алаңдағанымыз жөн.
Мақсат Қарғабай

 
« Алдыңғы   Кейінгі »

Әкімнің блогы

Мемлекеттік рәміздер

     

 

 

 

 

Жаңалықтар күнтізбесі

 
« 19 Қараша 19 »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Валюта бағамы

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Ауа райы

Пікіртерім

Біздің жаңа дизайнға баға беріңіз?
 

Жаңалықтар таспасы