Галерея

Жаңалықтар arrow Жаңалықтар arrow Алтын күз мәресіне жетті
Алтын күз мәресіне жетті Баспаға басу

ImageЖыл бойғы тынымсыз еңбектің тәтті жемісі дегеніміз- елдің алғысы, басшылықтың құрмет көрсетуі арқылы адам жанына қуаныш сыйлайтыны болса керек. Созақ ауданы бойынша жыл сайын ауылшаруашылығы оның ішінде мал және егін шаруашылықтары бойынша ауыл, поселке әкімдіктері мен жеке кәсіп иелері арасында жарыс жарияланады. Міне жылдың соңында озат шаруалар мен әкімдіктер озат шаруашылық ретінде танылып, еткен еңбегінің өтеуіндей түрлі марапаттарға ие болады.
Биылда ауданда осындай мерекелі шара өтті. Желтоқсан айының 12 жұлдызы күні аудан әкімшілігінің үлкен мәжіліс залында ауылшаруашылық қызметкерлерінің «Алтын күз» мерекесі өз мәресіне жетті. Жиында аудан әкімдігі кәсіпкерлік және  ауылшаруашылық бөлімінің бастығы Ә.Сахиұлы жыл бойы атқарылған жұмыстарға хабарлама жасады. Өз кезегінде мереке құрметіне құттықтау сөз сөйлеген аудан әкімі Аманғали Түктібайұлы:-Ауылшаруашылығы саласы ауданымыздың ең жанды нүктесі. Дастархандарыңызды көл-көсір жайнататын, қазандарыңызды қайнататын, молшылықтың бастауы саналатын осы ауылшаруашылығы саласы. «Бақыттың кілті –еңбекте» демекші Елбасымыздың « Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамына 20 қадам» атты мақаласында да осы еңбек адамдарына қолдау көрсету, оларды насихаттау, көтермелеу, құрметтеу керектігі баса айтылған. Өйткені еңбек тоқшылық, молшылық, жақсылық, жаңашылдық, ізгіліктің бастамашысы. Еңбек бар жерде береке мен бірлік, тынымсыз тірлік болады. Ұрпақтың азбағы-еңбектің жоқтығынан, Еңбек-тәртіп пен тәтті жемістің қайнар көзі. Сондықтан бүгінгі ризығы мол «Алтын күз» мерекесі баршаларыңыздың отбасыларыңызға табыс әкелсін,-деді.
Image Марапаттау сәтінде мал шаруашылығы бойынша әрбір 100 аналықтан 100 –ден бұзау, 101-ден қозы, 100-ден құлын, 50 бота алған. «Сыбаға»бағдарламасы бойынша 1 бұқа 30 аналық сиыр алған Тасты ауыл әкімшілігі, әрбір 100 аналықтан 99-дан бұзау, 100-ден қозы, 100-ден құлын, 52 –ден бота алған. «Сыбаға»бағдарламасы бойынша 1 бұқа алдырған Қаратау ауыл әкімшілігі екінші орын, әрбір 100 аналықтан 94 бұзау, 98 қозы, 66 құлын, 51 бота алған. «Сыбаға»бағдарламасы бойынша 2 бұқа 60 аналық сиыр алғаны үшін Шолаққорған ауыл әкімшілігі үшінші орынды иеленді. Егін шаруашылығы бойынша, егістік - 1 орынды Құмкент ауыл әкімшілігі иеленді егін егу 1929 га жоспарланған болса, оны 2540 гектарға орындап тапсырманы 132 пайызға орындаған.Екінші орынды Созақ ауыл әкімшілігі алды. Әкімшілікте егін егу 1303 га жоспарланған, 1312 гектарға орындап тапсырманы 101 пайызға орындағаны үшін. Үшінші орын Жартытөбе ауыл әкімшілігіне бұйырды. Егін егу 5095 га жоспарланған, 3925 гектарға орындап тапсырманы 77 пайызға орындағаны үшін.Мал шаруышылығы саласы бойынша жекелей жетістіктерге жеткендер:
1.Озат шопан - Қарақұр ауыл әкімшілігінен Мақұлбеков Серік Әуесұлы әрбір 100 аналықтан 100-ден төл алған. әр- бір бастан 2,5 кг жүн алған
2.Озат жылқышы - Созақ ауыл әкімшілігінен Асылбеков Жарылқап Пазылұлы әрбір 100 аналықтан 90-нан төл алған.
3.Озат Түйеші – Қаратау ауыл әкімшілігінен Мырзакеримов Қуан Есімбекұлы әрбір 100 аналықтан 60-тан төл алып, әр түйеден 6 кг жүн өндеген
4.Озат сиыршы – Жартытөбе ауыл әкімшілігінен Лабазанова Рашат Лабазанқызы әрбір 100 аналықтан 85-тен төл алып, 3500 литр сут өндеген.
5.Озат мал бордақылаушы - Шолаққорған ауыл әкімшілігінен Қуандықов Мұхит Хайруллаұлы 1200 бас ұсақ мал, 35 бас МІҚ, 30 бас жылқы бордақылаған.
6.Озат мал дәрігері- Құмкент ауыл әкімшілігі Сембеков Нұрлан Көбенұлы
7.Озат мал сою алаңы - Шолаққорған ауыл әкеімшілігі Рысбаев Алмас Алпысбайұлы
Егін шаруашылығы бойынша жекелей жетістіктерге жеткендер:

Image
  1. Озат механизатор - Шолаққорған ауыл әкімшілігінен Есмаханов Бақыт Еркінбекұлы аудан көлемінде 205 ге жер айдаған, 2580 тн жүк тасымалдаған, 1250 тн шөп жинаған.
  1. Озат бау өсіруші – Құмкент ауыл әкімшілігінен Сапарұлы Пердебай 1,4 гектар алма баудан 4,6 тонна, 0,6 гектар алмұрт бауынан 2 тонна жеміс алған.
  2. Жылыжайдан озат көкөніс өсіруші-Шолаққорған ауыл әкімшілігінен Нұрпейіс Жұмакүл 0,10 гектар жылыжайға көкөніс егіп 17,5 тонна өнім өндірген. Таукент әкімшілігінен Бұқарбаев Өткелбай Жұмабайұлы 0,03 гектар жылыжайға көкөніс егіп 0,6 тонна өнім өндірген

 

  1. Озат картоп өсіруші- Құмкент ауыл әкімшілігнен Әбдінабиев Әлішер Омарұлы 3,6 гектар жерге картоп егіп 40 тонна өнім алған.
  1. Озат көкөніс өсіруші- Шолаққорған ауыл әкімшілігінен Саңғылбайұлы Жақсыберген 1 гектарға көкөніс егіп, гектарына 120 центінерден 12 тонна өнім алған.

 

  1. Озат астық өсіруші- Құмкент әкімшілігінен Молдабеков Абдісалам 110 га бидай, 70 га жүгері, 65 га мақсары егіп, 60 тонна бидай, 245 тонна жүгері, 19,5 тонна мақсары өнімін алған.
  2. Озат бақша өнімін өсіруші- Жуантөбе ауыл әкімшілігінен Төленов Алтынбек Тоқсейітұлы 1 гектар бақша өнімін егіп, 40 тонна өнім алған.
  1. Үй іргелік жерден өнім алған тұрғын- Жартытөбе ауыл әкімшілігінің тұрғыны Уәлиев Кеңесбек Уәлиұлы 0,10 га жер теліміне көкөніс, 0,10 га жер теліміне картоп 0,30 га жер теліміне жеміс дақылдарын егіп, 1,2 тонна көкөніс, 1 тонна картоп, 2,4 жеміс өнімдерін алған.

 

  1. Озат мекеме- Созақ ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі (бастығы Айдарбеков Бағдат Бекманұлы) 1 га көкөніс, 6 га картоп, 1 га бақша егіп, 12 тонна көкөніс, 48 тонна картоп, 13 тонна бақша өнімін өндірген.

 

  1. Озат банкі жабушы – Жартытөбе ауыл әкімшілігінің тұрғыны Бекмаханбетова Гүлжазира Жеңісбекқызы 350 банка көкөніс өнімін, 100 банка жеміс-жидек өнімін жапқан.

Салтанатты жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл, поселке әкімдері, мекеме, бөлім басшылары, ауылшаруашылығы қызметкерлері, шаруа қожалықтарының иелері, жеке кәсіпкерлер, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Үздік еңбек адамдарына, озат ұжымдарға марапаттауларды аудан әкімі Аманғали Аймұрзаев, аудан әкімінің орынбасары Қ.Еспенбетов, еңбек ардагері С.Жайлауовтар құрметпен табыс етті. Мерекелік жиын соңында аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен аудан көркемөнерпазддарының концерттік бағдарламасы жеңімпаздар жүрегіне жол тартып, сазды сәлем ретінде жолданды.
Мақсат Қарғабай
Созақ ауданы әкімінің баспасөз хатшысы

 
« Алдыңғы   Кейінгі »

Әкімнің блогы

Мемлекеттік рәміздер

     

 

 

 

 

Жаңалықтар күнтізбесі

 
« 12 Қараша 19 »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Валюта бағамы

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Ауа райы

Пікіртерім

Біздің жаңа дизайнға баға беріңіз?
 

Жаңалықтар таспасы