Галерея

Жаңалықтар arrow Жаңалықтар arrow Елбасы - елімнің мерейі
Елбасы - елімнің мерейі Баспаға басу

Image1 желтоқсан-Тұңғыш Президент күнін Созақ ауданының орталығы Шолаққорған ауылының тұрғындары басқа да ауылдар мен елді мекендер сияқты күмбірлі күй, асқақ әнмен қарсы алды. Ауданның алыс-жақын ауылдары мен поселкелерінен келген қонақтар, еңбек ардагерлері, ауданның Құрметті азаматтары, жастар өкілдері алдымен орталық мешіт жанындағы ашық алаңқайға Президент күнін тарих бетінде жас ұрпаққа өнеге ретінде есте қалдыру мақсатында көшеттер отырғызды. «Атадан мал қалғанша тал қалсын» демекші арнайы питомниктен алдырылған жасыл көшеттер ертеңгі күндері саялы баққа айналары сөзсіз.
Мерекелік шара аясында аудан әкімі Аманғали Түктібайұлы, аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл, поселке әкімдері, мекеме, кәсіпорын басшылары орталық көшеде өткізіліп жатқан мерекелік жәрмеңкеге ат басын бұрды. Төрт түлік малдың еті мен сүт, айранынан бастап, көкөністер, түрлі қолдан жасалған күнделікті қажеттілік туғызатын тұрмыстық заттарға дейін арзан бағада халықтың таңдауына ұсынылған жәрмеңке көпшілік көңілінен шықты.
Image Ауа райы да мереке күні жағымды, жылы болды. Мыңжылқы мәдениет сарайына жиылған көрермендер әдеттегіден аса көп жиналды. Халықтың ықылас пейілінен, аудан жұртшылығының жас баладан , еңкейген қарияға дейін мерекелік жиынға келуінен қалың бұқараның Елбасымызға деген шексіз құрметін байқады. Мерекелік мерейлі кешті мемлекеттік әнұранмен ашқан соң, салтанатты жиынды аудан әкімі Аманғали Түктібайұлы Аймұрзаев ашып жүргізіп отырды. Салтанатты жиында аудан әкімінің «Елбасым-елдік мерейім» атты Ұлт Көшбасшысының тарихи игі істерін қамтыған баяндамасы тыңдалды. Жастар атынан, «ЖасОтан» жастар қанаты ІІ-сьезінің делегаты М.Исатаева, мәслихат депутаты, «Нұр Отан» ХДП-ның аудандық мәслихат жанындағы фракциясының жетекшісі С.Жанұзақов, ұстаз Д.Баяндиева ыстық құттықтауларын білдірді. Салтанатты кеште сахна төрінде Елбасы ғұмырының әр сәттерін бейнелеген деректі фильм көрсетіліп тұрды. ImageАудан мектептерінде ұйымдастырылған көрмелердің озық түрлері мәдениет үйінің фоэсінде жұртшылық назарына ұсынылды. Мерекелік кеште мемлекеттік наградалар ел үшін еңбегі сіңген жаңа иелерін тапса, ардақты аналарымыздың алтын алқалары кеудесінде жарқырады.
Мереке соңы думанды концерттік бағдарламаға ұласты.

Қаржылай берілді көмек
1 желтоқсан-Тұңғыш Президент күні Шолаққорған ауыл әкімшілігінде отбасы жағдайы төмен, мүгедектер, жалғызбасты қарттар сияқты әлеуметтік санатқа жататын «Инкай» біріккен кәсіпорны (директоры Карл Херрингтон) 45 адамға, әрқайсысына он мың теңгеден қаржылай қолдау көрсетті. Аудан бойынша ауыл, поселкелерде 145 азаматқа берілді. Бұл ізгілікті шараға аудан әкімі А.Аймұрзаев қатысып, өзі табыстады. Мереке соңы аудан көркемөнерпаздарының мерекелік бағдарламасына ұласты.

Ауылдар мен елді мекендерде аталып өтті
Image Қараша айының 30-шы жұлдызы күні Созақ ауданның ауыл, поселке әкімшіліктерінде 1 желтоқсан-Тұңғыш Президент күні мерекесіне арналған салтанатты жиындар өтті. Жиынға ауыл, поселке әкімдері, өндіріс орындарының, шаруа қожалықтарының басшылары қатысты. Ауыл қариялары мен жастар, мектеп оқушылары түгелімен шараға атсалыса отырып, өнерлерін ортаға салды. Мерекелік дастархан жайылып, салт-дәстүрге сай терме, ән күй тартылды.
Елбасы мерейіне арналды
Шолаққорған жалпы орта мектебінде аудан әкімдігі мен білім бөлімінің ұйымдастыруымен 1 желтоқсан-Тұңғыш Президент күніне орай «Мақтанышым- Елбасым!» атты дөңгелек үстел өткізілді. Онда мектеп оқушылары Елбасы өмірінің барлық кезеңдерінен пікір алысты. Сұрақтар қойылып, нақты шынай жауаптар негізінде жастардың білім мен парасаты сынға түсті. Әр оқушы бір-бірден Елбасының халқымызға, әлем жұртына, жасаған бір-бір жақсылығын айтып, өздерінің білімдарлығын, саяси сауаттылығын байқатты.
Аудан мектептерінде де жоғары деңгейде өткізілді.
Созақ ауданының жалпы, негізгі, орта, кәсіптік мектептерінде «Нұрсұлтан Назарбаев оқулары» өткізіліп, түрлі қолөнер сайыстары, арнайы ашық сабақтар ұйымдастырылды. Арнайы сабақтарда Елбасының өмір жолдары, әлем мойындаған игі істері, кітаптары мен Егеменді еліміздің дамуы жолындағы ерен ерліктері тақырып өзегіне айналды. Көрме жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталып, үздік шыққан мектеп көрмелері 1 желтоқсан күні аудандық үлкен салтанатты жиында аудан жұртшылығының көзайымына ұсынылды.
Аудандық басылым арнайы апталық шығарды
Аудандық «Созақ үні» газеті 1 желтоқсан-Тұңғыш Президент күні мерекесіне арналған көркем безендіріліп, түрлі-түсті, анық бояулы, арнайы апталық газет шығарды. Онда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің құрметіне аудан әкімі мен аудандық мәслихат хатшыларының құттықтаулары, жергілікті азаматтардың мақалалар мен мәнді де жылы пікірлері басылған. Салтанатты жиын күні арнайы басылым аудан жұртшылығына естелік ретінде тегін таратылып берілді.

Созақ ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Мақсат Қарғабай

 
« Алдыңғы   Кейінгі »

Әкімнің блогы

Мемлекеттік рәміздер

     

 

 

 

 

Жаңалықтар күнтізбесі

 
« 19 Қараша 19 »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Валюта бағамы

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Ауа райы

Пікіртерім

Біздің жаңа дизайнға баға беріңіз?
 

Жаңалықтар таспасы