Галерея

Жаңалықтар arrow Жаңалықтар arrow Жариялы түрде жұмысқа қабылданды
Жариялы түрде жұмысқа қабылданды Баспаға басу

Аудан әкімінің кестеге сай жеке азаматтарды қабылдауына әр қабылдау сайын 30-дан астам азаматтар келеді.
Келушілердің басым көпшілік пайызын жұмыссыздық мәселесі құрайды. Өткен айлардағы қабылдауларда құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген Жартытөбе ауылындағы Құлыншақ Кемелұлы атындағы жалпы орта   мектебінің бос техникалық қызметкерлер орнына жұмысқа орналасуына көмектесуін сұрап ауыл тұрғындары өтінішпен келіп, аудан әкімінің қабылдауында болған.
Қабылдауға келушілер саны біршама, ал техникалық қызметкерлер орны 13 штат болуы себепті аудан әкімі аппарат басшысына арнайы тапсырма берді. Тапсырма бойынша құрамында аудан әкімі аппаратының қызметкері, ардагерлер кеңесі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкері, ауыл әкімшілігінің аппаратының қызметкері, депутаттар қатарынан бір-бір азаматтардан комиссия жасақтап Жартытөбе ауылындағы мектепте ауыл азаматарының басын қоса отырып, жұмысқа тұруға талапкер азаматтарды қатыстыра отырып олардың тұрмыс жағдайын, отбасы құрамын, зерделеп ешкім ренжімейтіндей әділ түрде мәселені шешуді тапсырған болатын.
Жартытөбе ауылындағы жұмысшы комиссиясына ауылдың 38 адамы өтініш білдірді. Ал жұмыс көзі 13 штат. Осыған орай комиссия тарапына үлкен салмақ түсті.
Осыған орай Жартытөбе ауылындағы Қ.Кемелұлы атындағы жалпы орта мектепке барған топтың құрамында: аудан әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық және кадрлармен жұмыс бөлімінің бас инспекторы А.Сатыбалды, Жартытөбе ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Мұсабек, аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкері А.Ендібаева, аудан әкімдігі білім бөлімінің бас маманы Қ.Әлімханова, ауыл әкімі С.Әбдірашұлы, мектеп директоры Ә.Тәпі, аудандық мәслихаттың депутаты І.Омарбеков болды. Мектепке 1 штат аула сыпырушы, 2 оператор, 9 еден сыпырушы, 1,5 от жағушы, 1 электромонтер, 1 зертханашы, 1 киім ілуші штаттары берілген. Аудан әкімінің 30.10.2012 жылғы №368 қаулысына сәйкес 1 аула сыпырушы, 2 оператор, штаттары қысқаруына сәйкес 3 бірдей адам жұмыссыз қалған болатын.
ҚР Еңбек кодексіне сүйене отырып ол адамдар бірінші кезекте жұмыспен қамтылуы керек. Сол себепті қысқарған адамдар қайта орналасу жөнінде комиссия мүшелері бірауыздан қолдау білдірді. Қалған орындарға өтініш білдірген азаматтардың тұрмысы, отбасы жағдайын зерделей отырып, дипломы мен атқаратын қызметіне сай куәліктерінің бар жоғы да анықтала отырып оң шешім қабылданды.
Бармақ басты, көз қыстыға салмай, туғаны болса да туралығын танытқан комиссия мүшелеріне және осындай жариялы түрде ешбір жерде болмаған тың үрдіске ықпал жасаған аудан әкімі Аманғали Түктібайұлына жартытөбелік тұрғындар ризашылығын білдірді.
Алдағы уақыттарда да жаңадан пайдалануға берілетін жайларда азаматтарды жұмысқа алу мәселесі де осы бағытта шешіледі және жартытөбеліктердің тәжірибесін қолданып бұра тарпайтын әділ таразылық танытылатын болады.
Мақсат Қарғабай
Аудан әкімінің баспасөз хатшысы

 
« Алдыңғы   Кейінгі »

Әкімнің блогы

Мемлекеттік рәміздер

     

 

 

 

 

Жаңалықтар күнтізбесі

 
« 19 Қараша 19 »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Валюта бағамы

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Ауа райы

Пікіртерім

Біздің жаңа дизайнға баға беріңіз?
 

Жаңалықтар таспасы