Галерея

Жаңалықтар arrow Жаңалықтар arrow Облыс әкімінің кезекті іссапары Ауданымызда жалғасып, тың жобаларға қолдау танытты
Облыс әкімінің кезекті іссапары Ауданымызда жалғасып, тың жобаларға қолдау танытты Баспаға басу

ImageКеше облыс әкімі Асқар Мырзахметов кезекті іссапармен ауданымызда болды. Алдымен атбасын Жартытөбе ауылына бұрып, жаңадан пайдалануға берілгелі жатқан Қ.Кемелұлы атындағы жалпы орта мектептің жұмыс сапасымен танысты. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК-ның қаржысына салынған 200 орынды білім ошағы жабдықтармен толығып, жақын күндері оқушыларға есігін айқара ашпақ. Нысанға құрылыс жүргізген «Строй бизнес-холдинг» ЖШС-нің (бұрынғы «Айжамал» ЖШС) басшысы Бауыржан Қожатайдың айтуынша, барлық негізгі жұмыстар аяқталып, қабылдау комиссиясына ұсынылыпты.
- Бұл- Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі мен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК арасында 2009-2012 жылдарға түзілген меморандум аясында жүзеге асқан алғашқы нысан емес. Шолаққорған ауылындағы А.Сүлейменов атындағы негізгі  орта мектебі мен 80 орынды балабақша ғимараттары аталмыш компанияның демеушілігімен ел игілігіне берілген. 383 млн теңгеге бағаланған құрылыс жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтап отырмыз. Үш қабатты еңселі білім ордасында оқушылардың сапалы білім алуына барлық жағдайлар қарастырылған. Типтік сынып бөлмелері, мәжіліс және спорт залдары, асхана талапқа сай жүргізілген,-дейді серіктестік басшысы.
Шынында да мектепті аралау кезінде жұмыстың сапалы жүргізілгеніне көз жеткіздік. Бұған өңір басшысы да оң ниетін білдірді. Мектеп фоэсінде жергілікті тұрғындармен жүздескен Асқар Исабекұлы аймақта қолға алынар серпінді жұмыстарды тілге тиек етті.
Бабата елді мекенінің тұрғыны, зейнеткер Қуанышбек Шәлімбет ақсақал ауданымыздағы игі істерге үн қосып, астық бағасының қымбаттауына алаңдаушылығын білдірді. Бұған облыс басшысы: - Алаңдауға еш негіз жоқ.. Әлемнің дамыған мемлекеттерін шарпып жатқан дағдарыс елімізді айналып өте алмайды дей алмаймыз. Десе де биыл астық алқаптарын қуаңшылық алып жатқаны рас. Қамбада сақталған астық пен биылғы егіннің нәтижесі ұн бағасының қымбаттауы мен тапшылығын тудыра қоймайды,-деді. аймақ басшысы
Мұнан кейінгі облыс әкімінің сапары «Мөлдір» шаруа қожалығына қарасты көкөніс сақтау қоймасында жалғасты. Мұнда аудан басшысы Аманғали Аймұрзаев индустриялды аймаққа орнығар жобалармен таныстырды. Әрбір жобаға мән берген Асқар Исабекұлы өзектілігіне тоқталды. - Өндірісті дамытатын уақыттың айырығында тұрмыз. Қазір барлық аудандарда индустрияландыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Созақ ауданы –мол уран кеніші орналасқан, өнеркәсібі қанат жайып келе жатқан өлке. Сондықтан осы өндіріске қарасты кәсіпорындардың материалдық сұранысын қанағаттандыратын жобаларға ынта білдіргеніміз жөн. Бұл әрі жұмыссыздық мәселесінің азайуына септігін тигізеді,-деп игі бастамаларға қолдау танытты. Темір жолдың қос қапталына орналасар аймақта алдағы күндері кәсіпкерліктің көрігі қызбақ. Облыс басшысы бұрынғы мал сою бекетін жаңғырту арқылы көкөніс сақтау қоймасын аралап көрді. Шаруа қожалығының жетекшісі Мэлс Тұрмахановтың айтуынша, бірқатар түйінді мәселелер баршылық екен. -Нысанды толыққанды жабдықтау мен азық-түлік сатып алуға қаржы жағы қолбайлау болып отыр. Бір жағы мал союға, келесі беті көкөніс сақтауға арналған қоймада қыс мезгілінде құны аспандар бау-бақша өнімдерін тұрақты бағада өткізуге мүмкіндік болмақ. Алайда облыс басшысы шаруашылық басшысын ыждағаттылықпен тыңдап әлі де пісуін жетілдіретін тұстардың бар екенін назарға салып, жабдықтау жұмыстарына 49 млн теңге қарастырылатынын жеткізді. .
Облыс басшысы бастаған топ мұнан соң «Созақ-тұз» мекемесіне қарасты «Дархан-ас» ЖШС-нің ас тұзын өңдеу цехында болды. Серіктестік басшысы Мұрат Сапаровтың мәлімдеуінше, өнім қуатын еселеуге қаржы жағы қолбайлау болып отырғанға ұқсайды -Иодталған ас тұзын өндіретін жабдықтарды жаңалау қажеттігі туындап отыр. Егер заманауи техникалармен жұмыс жасайтын болсақ, өнім көлемін 4-5есеге арттыруға мүмкіндік туады. Бұл үшін 36 млн теңгеге жуық қаржы қажет екен. Егер қаржы көздері шешіліп жатса 40 адамға жұмыс орны табылып, әрі өнімдерімізді өзге жақтарға өткізер едік,-дейді. серіктестік төрағасы. Сайрамда өндірілетін ас тұзына қарағанда құны арзан әрі сапасына көңілі толған Асқар Исабекұлы қажетті қаржынының шешілу жолдарын қарастыруға тапсырма берді.
Мұнан кейін аймақ басшысы Жеткіншектен шыға берістегі «Сасық бұлақ» шаруа қожалығына қарасты тамшылтып суару әдісі негізінде егілген алма бауын көрді. 15 га егілген 6000 түп жеміс көшеттері жасыл желектеніп, бой түзеп келеді. Бүгінде ұңғы құдықтар қазылып, қажетті жабдықтармен толығу үстінде екен. Үш жан жұмыс көзін айналдырып отыр. Осы жерде кәсіпкерлермен кездесіп, түйінді қолбайлаулар ортаға салынды. Оларды материалдың қымбаттығы, оның сапасыздығы және несие алудағы қиындықтар мазалайды екен. – Созақ -ежелден төрт түліктің отаны. Кезінде мына сайын далаға түлік түрлері сән беріп жататын. Енді ата баба дәстүрін жаңғыртатын мезгіл келді. Малды бордақылау ісін жетілдіруіміз қажет. Созақтағы түлік етінің дәмі республикамызға аян. Созақтан малды арзан бағаға алып, барынша бордақылап сататын сайрамдықтар көл-көсір пайдаға кенеліпотыр. Бұл жағында ойлануымыз керек. Ал, жылыжай салу мен тамшылатып суару әдісін көпшілікке жете насихаттауымыз керек. Көпшілігіміз тәуекелге бара бермейміз. Кеткен шығынның орнын тез арада толтырғымыз келеді. 5-6 жылдан кейін мына жердегі жасыл желекке оранған алма бауын көргендерде « талаптанса бәріне де қол жеткізуге болады екен» ой болады. Сондықтан суды үнемдеу мен қажетті азық-түліктің өнімділігін арттыру мақсатында осы әдістің тиімділігін барша жұртқа жеткізуіміз керек әрі сіздер осыған бас болуларыңыз қажет-деп облыс басшы кәсіпкерлік саласын өркендетугебағытталған ойын өрбітіп, Оңтүстік Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Қ.Оспанбековке аталған «Сасық бұлақ» шаруа қожалығына субсидия беруге тапсырма берді..
Салмақты әңгіменің тиегі Түркістанға шығар жолдағы каналдың бойында орналасқан бекетте ағытылды. Мұнда аудан басшысы ауыл шруашылығын, оның ішінде егістік көлемін арттыруды көздейтін тың жобаларын облыс әкімінің назарына ұсынды.Кезінде егістігімен де танымал ауданда бүгінгі күні егін саласы қусырылып барады. Басты қолбайлау ағын судың жетімсіздігі болып отыр. Сондықтан су қоймаларын салу арқылы егістік көлемін арттырып, ауыл тұрғындарын ағын сумен үздіксіз қамтамасыз ету қарастырылмақ.1986 жылы салынған «Торлан» су қоймасына еншілес жаңадан салынатын «Біресек» су қоймасындағы судың сыйымдылығы 5,2 млн/м3 болмақ. Ал Көктөбе елді мекенінің теріскей бетінен орын тебер «Суындық» су қоймасы сол өңірдегі егістік көлемі мен. ағын су тапшылығының алдын алмақ Егер жоба ел игілігіне берілер болса, 300 га жер суармалы алқапқа айналмақ. Әрі қаншама жан ежелгі кәсібіне бет бұрар еді. Облыс басшысы аталған жобаларға ынта танытып, қолдауын білдірді. Қаржыландыру тетіктерін де белгілеп берді. Бірі – облыстық бюджеттен қарастырылса, бірі «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК –мен 2012-2015 жылдарға түзілген меморандум аясында жүзеге асатын болды. Бұлар шынында да қолдау білдіретін жобалар. Өйткені бұл су қоймаларын салу арқылы бірқатар өзекті мәселелерді шешуге болады. Егін шаруашылығын өркендету –басты міндет болса, оның сыртында қаншама әлеуметтік түйткілдердің оң шешілуіне ықпал ететін болады,-деді Бұдан бөлек жайылымдарды суландыру мәселесі де сөз болды. Зерттеу нәтижесі 17 артезиан мен ұңғы құдықтардың қажеттігін сездіреді. Бұл 323 млн теңгенің жұмысын керек етеді екен.. Бұрнағы жылдары төрт түліктің мекеніне айналған жайылымдар судың тапшылығынан бұрынғы сәнінен айырылған.Енді осы олқылықтардың орнын толтыруда аталмыш жобалардың қажеттілігі айқын аңғарылады. Шаруа қожалықтарының өкілдерімен әңгіме өрбіткен облыс әкімі:- Мал шаруашылығын өркендетуге қажетті шараларды барынша қолға алуымыз керек. Төрт түлікке өріс болған кешегі жайылымдарды қалпына келтіру арқылы ата кәсібімізді қайта жаңғыртуға жол ашылар еді,-деді. Емен –жарқын әңгіме барысында Қызылкөлдің тағдыры айтылмай қалмады. Кешегі айдынынан айырылған көлдің бүгінгі келбеті Асқар Исабекұлын да жиі мазалайды екен. Арнайы мамандардың пікірін сараптап, көлді қалпына келтірудің тетіктерін жоспарлап, маған келіңіздер, ақылдасып, шешілу жолдарын қарастырайық деген бәтуаға келісті.
Сапар соңында Облыс әкімі АсқарМырзахметов арнайы келген бұқаралық ақпарат құралдарына сұхбат берді. – Созақ ауданындағы оңды өзгерістер көңіл көншітеді. Индустриялық аймаққа ұсынылған әрбір жобаның салмағы басым. Шалғайда орналасқан аймақта игілікті бастамалар жүзеге асып жатса, неге демеу танытпасқа. Мұның барлығы сайып келгенде, әлеуметтің әлеуетін арттыруға жұмыс істемек. Тек уранға қарап отырсақ, ол да болмайды. Сондықтан басты бағыт-ауыл шаруашылығын дамытуға арналмақ. Созақта бұл саланы жетілдіруге мүмкіндік зор. Ұсынылған жобалардан мұның жемісін айқын аңғаруға болады. Сондай-ақ жуырда өткен Үкіметтің селекторлық мәжілісінде жерасты су көздеріне гидрогеологиялық зерттеулер жүргізу және қаржыландыру жайын облысымыздың еншісіне берді. Бұл бұрын республикалық су комитетінің құзырында болатын. Әрі 1987 жылы жасалған карта бүгінде өзгеріске ұшыраған. Соның салдары қаншама жобалық сметалық құжаттың дұрыс жасалмай, құрылыс жұмыстарының сапасыз болуына әкеп соқтырды. Енді қажетті жерасты суларын зерттеуді өзіміз қолға алмақшымыз. Алдағы уақытта таза ауыз сумен қамтамасыз ету шаралары қатаң қадағаланады,-деп облыс басшысы ойда жүрген өзекті жайлармен бөлісті.
Сан түрлі тарихты бастан өткерген Созақ ауданыбүгінде өсу, өркендеу үстінде.Ал бұған серпін берер индустриялды жобаларды жүзеге асыру-заман талабы. Аудан басшысы Аманғали Түктібайұлының іскерлігінен туындаған аталмыш жобалар облыс әкімі тарапынан қолдауға ие болды. Енді тек құлшыныс пен еселі еңбек қажет.

Дәулет Түрсынұлы

 
« Алдыңғы   Кейінгі »

Әкімнің блогы

Мемлекеттік рәміздер

     

 

 

 

 

Жаңалықтар күнтізбесі

 
« 12 Қараша 19 »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Валюта бағамы

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Ауа райы

Пікіртерім

Біздің жаңа дизайнға баға беріңіз?
 

Жаңалықтар таспасы