Галерея

Жаңалықтар arrow Жаңалықтар arrow Семинар қатысушыларға ой салды
Семинар қатысушыларға ой салды Баспаға басу

ImageЖуырда Құмкент ауылы әкімдігіне қарасты Қызылкөл елді мекеніндегі «Қайрат» балалар бақшасында аудандық семинар өткізілді.
Аудан әкімінің бастамасымен ұйымдастырылған бұл игі шараға мектеп директорлары, мекеме басшылары, балабақша меңгерушілері, жергілікті бақ өкілдері қатысты.
Семинарға келгендер әуелі аталған балалақшада жасалған көркейту-көгалдандыру, тазалық жұмыстарымен танысты.
Келушілерді бүлдіршіндер ұясының ауласының кіре берісінен бастап-ақ гүлді аймақ, жасыл желегімен, үзілгелі тұрған жүзім, қып-қызыл алмаларымен, түрлі пісіп, уылжып көздің жауын алған жемістерімен қарсы алды.
Тіпті гүлзар бақты аралағандай әсерге бөледі.
Мекеменің балаларға арналған футбол алаңы, қасиетті Қызылкөлдің макеті, Үшбас өзенінің кескіндемесі кәдуілгі демалыс аймағына келгендей сезімге енгізді.
Image -Қандай керемет жасалған,- деп семинарға қатысушылар таңдай қағысты.
Ерінбей еңбек етсең біздің де қолымыздан осындай шаруа келер еді-ау деген ой тұрды әрбір кеудеде. Артық тұрған дүние жоқ. Барлығы да талғамға сай. Кіп-кішкентай бүлдіршіндерді туған жердің табиғатын қадірлеуге, жасыл желектің, алқызыл , ақ, жасыл, сары гүлдердің сұлулыққа, әдемілікке, табиғатқа ерекше ой беретін ғажайып әлемге жетпейтіндей.
Бала бақша жайын да аралап көрді қонақтар. Жүйелі жұмысқа ризашылықтарын білдірді.
Мұнан соң семинарға қатысушылар балабақша ауласына әдемі етіп құрылған сахнадан тәрбиеленушілердің ертеғгілігін тамашалады. Өнерлі бүлдіршіндерді тамылжыта салған әніне, мыңбұрала билеген биіне сүйсіне қол соқты.
Балабақша меңгерушісі Нұржамал Төлеуова атқарылғар жұмыстар жайлы хабарлама жасады.
Аудан басшысы Аманғали Аймұрзаев, аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Зейдулла аудандық білім бөлімінің бастығы Төлепберген Бекқұлиев, Т.Момбеков атындағы мектептің директоры Балдырған Өтешова, аудандық орталық емхананың бас дәрігері Гүлжанат ........, ауыл әкімі Әлібек Смайлов, М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің директоры Есенбай Сәрсенбаев, ауыл қариялары Сайлаубек Теңізбаев, Шалдар Әбілханов сөз сөйлеп, бала бақша жұмысын өте жоғары дәрежеде жүргізіп келе жатқан Нұржамал Құлжабайқызына ризашылықтарын білдірді. Алдағы еңбегіне жеміс тіледі.
Өз кезегінде сөз алған әріптестері үйренер тәжірибе көп екендігін сөзге арқау етті.
С.Сайлаубекұлы.

 
« Алдыңғы   Кейінгі »

Әкімнің блогы

Мемлекеттік рәміздер

     

 

 

 

 

Жаңалықтар күнтізбесі

 
« 12 Қараша 19 »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Валюта бағамы

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Ауа райы

Пікіртерім

Біздің жаңа дизайнға баға беріңіз?
 

Жаңалықтар таспасы