Галерея

Жаңалықтар arrow Жаңалықтар arrow Аудан жастарының күні Шолаққорғанда мерекеленді
Аудан жастарының күні Шолаққорғанда мерекеленді Баспаға басу

ImageАуданымыздың жастарының асыға күтетін дәстүрлі, думанына айналған «Жастар күні» мерекесі биыл бейсенбі күніне тұспа-тұс келіп, үлкен шараға айналды.
Шолаққорғандағы «Жастар» саябағына сәні мен салтанатын үйлестіре, тақырыпка сай безендірілген сахна орнатылып, жарықтандырылған. Өйткені, қоғамның негізгі қозғаушы күші саналатын жастар үшін ауданда айтарлықтай жұмыстар атқарылып, саламатты өмір салтын қалыптастыруда олардың қуат-күшін пайдалануда. Мұның нақты дәлелі ретінде соңғы кездері аудан жастарының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан істер жетерлік. Сол себепті аудан басшысы А.Аймұрзаев «Жастар күні» мерекесінің ашылу салтанатында алғаш болып сахна төріне көтеріліп, аудан көлеміндегі барша жастарды төл мерекелерімен құттықтап,әр саланың озат маман жастарын марапаттады.
Аудан әкімінің Алғыс хаттарымен номинациялар бойынша марапатталған жастардың тізімі:
1.«Жас ұстаз» - білім саласының қызметкері Баяндиева Дидар Мұханмадиярқызы аудандық «Жыл мұғалімі-2009» байқауының І-дәрежелі жеңімпазы, облыстық мектеп-интернат және балалар үйлері мұғалімдері арасында өткізілген «Өнерлі ұстаз – 2011» фестивалінің жүлдегері ІІ-орын иегері;
2.«Жас шипагер» - медицина саласының қызметкері Жұмабаева Жансая Әлкенқызы 2004-2008 жылы Түркістан медицина колледжінде «Жалпы тәжірибедегі медбике» мамандығы бойынша білім алып, үлгілі тәртібі мен үздік тәжірибесін байқатып, бәсекеге қабілетті маман екенін жоғары деңгейде көрсеткені үшін колледж директорының атынан бірнеше рет мақтау грамотасы мен алғыс хаттарымен марапатталған. 2008-2009 жыл аралығында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бекіткен «Ерте жастағы балалардың өсіп-дамуы мен отбасындағы күтімі» және «ерте жастағы балалардың ауруларын бірлестіре жүргізу» бағдарламасын жақсы меңгергені үшін;
3.«Жігер» – жас спортшы Талым Төлеби Төребекұлы еркін күрестен ҚР чемпионатының бірнеше дүркін чемпионы, халықаралық жарыстардың жүлдегері;
4.«Жас өнерпаз» - мәдениет саласының қызметкері Өсербай Берік Өскенбайұлы 2008 жылы Жезқазған қаласында өткен «Менің Қазақстаным» атты ән фестивалі аясында сүйікті композиторымыз Әсет Бейсеуовтың 70 жылдығына арналған «Армандастар» атты әдеби музыкалық кешіне белсене қатысқаны үшін дипломмен марапатталған, 2011 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 20 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Мәдени қызмет – мерейлі міндет» атты аудандық сценаристер байқауында ерекше еңбегімен көзге түскені үшін Алғыс хат, 2011 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 20 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Менің Қазақстаным» атты аудандық патриоттық ән байқауында үздік өнер көрсеткені үшін ІІ-дәрежелі және 2012 жылы облыстық «Арай-2012» жас әншілердің фестиваліне қатысып, ерекшелігімен көзге түскені үшін;
5.«Жас кәсіпкер» - Сейдәлиев Ақберді Өскеменұлы «Дәуірбек» атты жеке кәсіпкерлігі мемлекеттік мекемелердегі техникалық құрал жабдықтарды жөндеуде үздік танылғаны үшін;
6.«Тазалық жаршысы» - Тұрғанбекұлы Алтынбек аудан орталығының тазалығына белсене үлес қосқаны үшін;
7.«Үміт» - Молдабекова Үміт Қамбарбекқызы мүмкіндігі шектеулі жас бола тұра қоғамдық жұмыстарға белсене араласқаны үшін.

 

Осындай жалынды жастар-марапат иелерінің, сондай-ақ,жиналғандардың құрметіне от шашу рәсімі жасалды.
Мерекелік кеш барысында арнайы шақырылған бүгінде жастардың жүрегінен орын алып, жанды тебірентер әсем әнімен көптің көңілінен шығып жүрген жерлесіміз, Қазақстан-Шымкент телеарнасының құттықтау саз бағдарламасының жүргізушісі Марина Хасанова, облыстан келген жас әнші Бағлан Алтаев, «Самұрық» тобы, республикаға танымал «Асу» тобы, «Маэстро» тобы әуелете ән шырқап, аудан жұртшылығына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сондай-ақ, Әл-Фараби атындағы Қазақ ҰУ-дің «Элит-КЗ» КТКкомандасы ұтымды сөз, тапқырәзілдерімен жастарды күлкіге кенелтті.
Созақ ауданының жастарын құттықтауға арнайы келген «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының жастар ісі жөніндегі кеңесшісі Нүркен Құрманұлы жылы лебізін арнады. Мұнан соң шетелде білім алып келген жас жерлесіміз Гүлмира Қуандықова сөз алып: «Мен көбіне отбасымнан тыс жерде білім нәрімен сусындадым. 6 сыныпқа дейін Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінде үздік оқыдым. 2002 жылы Шымкент қаласында №1 Облыстық Дарынды балалар үшін мамандандырылған мектеп-интернатында 5 жыл білім алдым. Сол мектепті үздік бітіруімнің жетістігі ретінде Малайзия елінің жоғары оқу орнына астанасы Куала-Лумпур қаласындағы университетте «Халықаралық Бизнес» мамандығы бойынша бітіріп, қызыл диплом иегері атандым.
Әрине, өзге елде жат жұрттылықтармен тіл табысып, білім алу оңай емес. Дегенмен қиын деп те айтқым келмейді. Бұлай деуімнің өзіндік себебі бар. 5 жыл бойы өз түсінігіммен қажырыммен білім алуымның арқасында қазір туған елімде нәтижесін көрдім. Сол себепт жергілікті жастарға , енді ғана мамандық таңдау жолындағы түлектерге айтарым-бәрі өздеріңе байланыс дер едім...» деді.
... Көңілге қуаныш ұялатқан «Жастар күні» мерекесінде болашақ иелерінің егемендік алған еліне, х алқына қызмет жасайтындығынаңғартып сенім ұялатты.
Балғын Оспанова.

 
« Алдыңғы   Кейінгі »

Әкімнің блогы

Мемлекеттік рәміздер

     

 

 

 

 

Жаңалықтар күнтізбесі

 
« 21 Қараша 19 »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Валюта бағамы

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Ауа райы

Пікіртерім

Біздің жаңа дизайнға баға беріңіз?
 

Жаңалықтар таспасы