Галерея

Жаңалықтар arrow Жаңалықтар arrow Журналистер жарыс жолында
Журналистер жарыс жолында Баспаға басу

ImageОңтүстік Қазақстан газетінің мамыр айындағы номеріне облыстағы БАҚ арасында жазғы спартакиада өтеді деген хабарлама жарияланған соң, осы саланың пұшпағын илеп жүрген адамдар ретінде, редакция қызметкерлері ақылдаса келе, мекеме басшысы С. Теңізбаевтың алдына барып жүгіндік. Мақсатымыз аталған жарысқа барып, ұжым болып қатысуға ықпал етіңіз деген жүрек жарды тілегімізді жеткізу еді. Қос қолын көтере қолдаған Сәкең, «дегендерің болсын, жарыс жолына шығуға осы бастан қамданыңдар, бірақ менің де сендерге айтарым бар дегенде тосылып қалдық. Көңілімізде күдік басымдау кейіппен Сәкеңнің жүзіне қарадық. Сондағы мекеме басшысының айтқан сөзі: - Жігіттер, бұл жиі ұйымдастырылатын жарыстың бірі емес, жылына бір өткізілетін журналистер арасындағы жазғы спартакиада, сондықтан жүлдеге қол созар қабілеттеріңе сенсеңдер ғана жолға шығамыз, шалғайдағы созақтан келген команда облысқа барып ұятқа қалар болсаңдар, ауданның намысын лайықты дәрежеде қорғай алмасаңдар, «арам тер» болып қайтесіңдер деп сұраулы жүзбен бетімізге қарады (жауапты хатшы Д. Тұрсынұлы мен осы жолдардың авторына). Дәл осындай сұрақты күтпеген біз біраз кідіріп барып. Сәрсенбек ағай, мына сөзіңіз бізге ауырлау тиді, алда уақыт бар, дайындығымызды пысықтап, жүлдеге қол созуға тырысамыз. Өзіңіз білетіндей ауданымызда футболдан қалыптасқан мектеп бар, оны қазіргі таңда бүкіл облыс, қала берді республика біледі, басқа спорттың түрінен қайдам (спартакиада кіші футбол, 100 метр жүгіру, шахмат, бильярд, волебол, арқан тартыс түрлерінен өткен болатын) дәл осы саладан жүлде алуға шамамыз жетеді деген кесімді сөзімізді айттық. Олай болса, әзірліктеріңді пысықтаңдар деді Сәкең. (Бір әттеген айы, сол кезде реакцияның біразы қызметкерлері жылдық демалысқа, іс сапарға кетіп, оншалықты дайындығымызды пысықтай алмай шерменде болдық).
Дегенмен қалам ұстағандар арасындағы облыстық жарысты асыға күтіп жүргенімізді несіне жасырамыз. Мүмкіндік болса, әріптестерімізбен көк алаң төрінде ұстасып, спорттық бәсекеде мерейіміздің үстем болғанын іштей қалап жүрдік.
Жалпы алғанда, журналистер арасында республика көлемінде өтетін спорттық жарыс дегенде С. Бердіқұлов атындағы турнир ғана еске түседі. Ақсүйектердің ойынына баланатын бильярдттан ай сайын өтетін жарысты санамағанда. Қашанда қоғамның емшісіне баланатын журналистер бейресімей түрде төртінші билік өкілдері болып есептелгенмен, әлеуметтік қорғалу, т.б мемлекетті бағдарламалардан сырт қалып жүреді, осындай жарысты ұйымдастырылуы көңілді бір демдеп, күйбең тірлікті бір сәт ұмытуға септігін тигізетіні бар. Сондықтан іштей болса да жүлдеге ілігуге бекіндік.
Осындай ұстанымдағы біздер де 12 маусым күні Шымкент қаласына сапар шектік. Шындығын айту керек бұл жарысқа сексен екі жылдық тарихында ат басын енді бұрып отырған Созақ аудандық газетін облыстық барлық БАҚ қол шапалақтап, қуана қарсы алды. «Бастысы жеңу емес, қатысу» деген олимпиаданың қағидасын ұстанған әріптестер, сіздердің жарысқа қатысуларыңыздың өзі неге тұрады деген пікірлерін білдірді. Тіпті Оңтүстік Қазақтан газетінің бас редакторы Б. Тәжібай «Созақ ауданынан қаламдастарымыздың келуі, жарыс көрігін қыздыра түсетіні сөзсіз. Ендігі әрбір спорттық ойын тартысқа толы болады» деді.
Ашылу салтанатында облыстық ішкі саясат бөлімінің бастығы Т.Тағаева, облыс әкімінің баспасөз хатшысы Б. Сөз, Шымкент Қазақстан телеарнасының директоры Ғ. Қалмақан сөз сөйлеп жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Әуелгі жарыс, волейболдан өтті. Қажымұқан атындағы стадионның жабық залында өткен жарыста, азулы командалардың аузына түсіп кеттік. Облыстың басты басылымы Оңтүстік Қазақстан мен Южный Казакстан сынды аға газеттерге қауқар көрсете алмай ұтылғанымызды былайғы жұрттан несіне жасырамыз. Алғашқы ойында командадағы жігіттерде алаңға бой үйрете алмау, қарсыластан сескену, жалпы айтқанда арнайы дайындықтың болмауы көзге ұрып тұрды. Сондықтан да болар, волейболдан жарысты ерте аяқтауға мәжбүр болдық. Сәйкесінше, қарсыластарымыздың да мықты дайындықпен келгенін мойындауымыз керек. Сәтсіздеу басталған спартакиаданың бірінші күні салымыз суға кеткенмен, екінші күннен үмітті едік. Жеңіл атлетикаға арналған соңғы үлгідегі спорттық манеж залында, спорттың падишасы саналатын ерлер және әйелдер арасындағы 100 метрге жүгіру жарысы болды. Аталған жарыста «Созақ үні» газетінің тілшісі Е. Райымқұлов, жүлделі үшінші орынды иемденіп, команда қоржынына алғашқы ұпайды салды. Қазақтың ұлттық ойыны арқан тартыстан өткен жарыста, адам саны кем болған біздің команда «Шымкент Келбеті» газетінің нар тұлғалы жігіттеріне есе жіберіп алдық. Шынтуайтына келгенде, бабын келіспеген кезде, бақтың да басқа қонбайтыны бар. Сондықтан спорттың бұл түрінен де жүлде алмағанымызға өкінгенмен, іштей дайындықтың кемшін түсіп жатқанын амалсыздан мойындауға мәжбүр болдық.
Спартакиаданың үшінші, төртінші күндері ақсүйектер ойынына баланатын шахмат, бильярд ойындарына қатыспадық. Себебі тынымсыз жұмысты қажет ететін газеттің жұмысы мойын бұрғызбай, амалсыздан туған жеріміз Созаққа қайтуға тура келді. Іштей барымызды салғанда бұл спорттан да бір жүлдені қанжығамызға бөктерер едік деген қыжылмен кеттік. Дегенмен, бұл ойындардағы жүлдені Нағыз спортқа баланатын футбол.Image
Жарыстың төртінші күні Б. Саттарханов атындағы облыстық спорт интернаттың спорт алаңында кіші футболдан өтті. Екі топқа бөлінген БАҚ өкілдерінің бірінші тобында «Ернұр пресс», «Южный Казакстан», «Жебе», «»Шымкент-Қазақстан» командалары болса, екінші топта «Созақ үні», «Оңтүстік Қазақстан», «Жанубий Казакстан», және «Ернияз» баспалары бақ сынады. Өз кезегімізде, алғашқы ойынды «Ернияз» баспасымен өткізіп 4:2, есебімен жеңдік, екінші ойында «Жанубий Казакстан» өзбек ұлтының облыстық газетімен өткізіп тең нәтижемен тарастық. Үшінші ойынды аға басылым Оңтүстік Қазақстан газетінің жігіттерімен кездесіп 3:0 есебімен ойсырата ұтып топтан үздік нәтиже көрсеттік. Мына бір кішігірім оқиғаны айтпай кетпесек болмас, алғашқы ойынды өткізіп жатқан кезде, Южный Казакстан газетінің редакторының орынбасары Кеңес Исмайлов, «Созақтықтардың бесіктегі баласынан бастап, аудан әкіміне дейін футболшы. Кезінде Кеңес одағын дүркіреткен аудан. Сіздер «Созақ үні» газетімен волейбол емес футбол ойнап жатқандарыңызды әсте естен шығармаңдар» деді. Облыстық «Отырар» телеарнасына сұхбат берген мекеме басшысы С. Теңізбаев «біздің басты мақсатымыз футболдан журналистер арасындағы спартакиаданың алтын медальін» кеудеге тағып қайту» деген болатын. Осындай сөздердің барлығы жігіттерге қамшы болып, финалдық ойында «Ернұр пресс» командасын 2:0 есебімен жеңіп кіші футболдан облыс чемпионы атандық.
Спортты қарымды дамып келе жатқан, оның ішінде футболдан талай жерді мойындатқан, осы тақырыпта жүлде алмаған спортшыларды сынап та мінеп те жазатын біздердің жеңілуге қақымыз жоқ еді. Футбол командалық ойын сондықтан аталған ойында «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» жеңіске ұмытылған «Созақ үні» және «Нұрлы Созақ» телеарнасының мына жігіттеріне журналистер күніне орай газетіміз арқылы алғыс айтпағанымыз жараспас, қақпашы Медет Тілеуқабылов, ойыншылар Мұрат Сағындықов, Жарқын Жүнісов, Асқан Бақтыбаев, Ернар Сағындықов, Нұржан Асқаров. Аталған жолдардың авторы «ең үздік ойыншы» атағын жеңіп алды.
Ия спорт адам тәніне азық, сондықтан қалам мен қағаз ұстағандардың жылына бір рет болса осылай арқа жарқа болып серпіліп қалауы, тың идеялармен шабыт шақырар бастау болатыны сөзсіз. заңдылық.
С.Мұхит

 
« Алдыңғы   Кейінгі »

Әкімнің блогы

Мемлекеттік рәміздер

     

 

 

 

 

Жаңалықтар күнтізбесі

 
« 12 Қараша 19 »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Валюта бағамы

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Ауа райы

Пікіртерім

Біздің жаңа дизайнға баға беріңіз?
 

Жаңалықтар таспасы