Галерея

Жаңалықтар arrow Жаңалықтар arrow «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бойынша облыстың медицина саласы қызметкерлері жиын-семинар өткізді
«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бойынша облыстың медицина саласы қызметкерлері жиын-семинар өткізді Баспаға басу

ImageЕліміздің медицина саласына бірнеше жылдан бері енген ұлттық денсаулық сақтаудың бірыңғай жүйесіне байланысты 2011-2015 жылдарға қабылданған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бағытында өңірлерде халыққа қажетті жұмыстар жүргізілуде. Осының негізінде 7 маусым күні аудан әкімшілігінің үлкен мәжіліс залында басқосу өтіп, бұл семинар түрінде жүргізілді.
Басқосу-семинарды аудан әкімі А.Аймұрзаев ашып, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Ж.Исмайловтың, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің ОҚО бойынша департаментінің директоры Л.Қашқынбаеваның, ОҚО Денсаулық сақтау басқармасының бөлім бастығының міндетін атқарушы А.Иманалинаның, Республикалық денсаулық сақтауды дамытудың республикалық орталығының ОҚО бойынша филиалы дәрілік ақпараттар орталығының бас маманы Л.Құрманбаеваның, ОҚО бойынша санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасынан А.Шожаев қатысып отырғандығын атады.
Аудан әкімінің орынбасары Н.Зейдулла, аудан әкімі аппаратының басшысы Қ.Оразов, мекемелер мен ұйымдардың және бөлімдердің басшылары, ауыл-поселке әкімдері, медицина саласының қызметкерлері, Шолаққорған кентінде тұратын зейнеткерлер, облыстық және аудандық БАҚ өкілдері қатысқан жиын-семинар барысында облыстық денсаулық сақтау департаментінің бастығы Ж.Исмайлов, А.Иманалиева, Л.Құрманбаева мемлекеттік аталған бағдарламаға сәйкес облыс және аудан көлемінде денсаулық сақтау жөніндегі атқарылып жатқан іс-шараларға тоқталып, былтырғы жылмен салыстырғанда, ауданымызда биыл ана өлімінің жоқтығын әрі баланың шетінеуінің азайғандығын, туберкулез сияқты созылмалы кейбір ауру мен сырқаттанғандардың саны өсіп отырғандығын, сондай-ақ, ауруханада жатып емделетіндерге берілген дәрінің тегіндігін айтты. Сөйтіп, осы мәселеге және басқа түйткілді жағдайларға байланысты материалдық ахуалдың жақсартылып жатқандығына назар аудартты.
Зейнеткерлер Ж.Сейсенбиев, Т.Ерназаров, «Семей-Полигонында» болғандардың емделу жеңілдігі мен бүгінгі таңда қос бүйректерінен ауру зардабын тартып жатқан алты науқастың облыс орталығында қаралуына әлеуметтік көмек беру жөнінде сұрақ берсе, журналист Қ.Өмірұлы «Катко» өндіріс орнында болған уран ағуынан болған төтенше жағдайдың облыстық телеарнадан айтылғандығын, орыс тілді газеттерде жазылғандығын айта келіп, бұл турасында шұғыл шаралардың нәтижесін сұрады. Аудандық мәслихаттың хатшысы М.Исаев облыстық денсаулық сақтау басқармасының ықпал-қолдауымен жас дәрігерлерді ауданымызға жіберу мәселесін, Сызған ауылының әкімі А.Иманбаев кенеге қарсы дәрілеуді жеке үйлерге де жүргізуді ұсынды.
Берілген сұрақтар бойынша облыстық өкілдер тарапынан орнықты жауаптармен бірге түсіндірмелер берілді.
Ж.Исмайлов жиын-семинарды қорытындылай келіп, баршамызға ортақ денсаулық сақтау шараларын аудандық билік органдарымен бірлесе отырып атқарудың қажеттігін айтты.
Аудан әкімі А.Аймұрзаев басқосу-семинардың пайдалы болғандығын, бұл үшін елді мекендерде түсіндіру жұмыстарын жалғастыру керектігін тілге тиек етті. Облыстық денсаулық сақтау өкілдеріне халық атынан алғыс білдірді.
Асхан Бақтыбаев

 
« Алдыңғы   Кейінгі »

Әкімнің блогы

Мемлекеттік рәміздер

     

 

 

 

 

Жаңалықтар күнтізбесі

 
« 21 Қараша 19 »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Валюта бағамы

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Ауа райы

Пікіртерім

Біздің жаңа дизайнға баға беріңіз?
 

Жаңалықтар таспасы