Галерея

Жаңалықтар arrow Жаңалықтар arrow Мемлекеттік тілді жетік меңгерген өзге ұлт жастарының ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМЫ болып өтті
Мемлекеттік тілді жетік меңгерген өзге ұлт жастарының ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМЫ болып өтті Баспаға басу

Өткен аптаның 28 мамыр күні «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» іске асыру мақсатында «Мемлекеттік тілді қолдау» атты облыстық форумға ауданнан 10 делегат қатысып қайттық. Форумға облыс орталығындағы Опера және балет театрына жиналған, «тілі басқа тілегі бір, жүзі басқа жүрегі бір» әр өңірден келген түрлі ұлт өкілдері қатысты.
Форумды ашып беру үшін, сөз тізгінін облыс әкімінің орынбасары Сакен Әсембекұлы Қаныбеков сөз алды. Ол өз сөзінде өзге тілдерге құрметпен қарап, мемлекеттік тіліміздің дәрежесін көтеру үшін еліміздің барлық азаматтары мемлекеттіе тілде сөйлеуі керектігіне тоқталды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауында, ресми сөздерінде қайта-қайта қазақ тілін меңгеруді, ең алдымен, қандастарымыздың өзінен басталуынын қажеттілігін, кең байтақ елімізде емін-еркін тұрып, еңбек етіп жатқан басқа ұлттардың қатынас тіліне айналуы әрбір адамның парызы екендігін айтты. Осыдан соң, мемлекеттік тілді қолдау мақсатында белсене атсалысып өз өнерлерімен біздің ауданнан барып қатысқан Ә.Қасымов пен М.Төреханов «Жаса Қазақстан» әнін орындады.
Облыстық форумға, ауданымыздан мемлекеттік тілді қолдану мен дамытуға белсенді қатысқандар аудандық тілдерді оқыту және дамыту орталығының директоры Г.Биғондиева және осы орталықтың оқытушылары М.Тоқбергенова мен Д.Ташбаева, сонымен бірге мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Н.Балаубекова, Науайы мектебінің мұғалімі Ә. Қасымов, М. Төреханов, І.Кеңесбаев атындағы жалпы орта мектептің мұғалімдері С.Браташ, Г.Султанова, осы мектептің оқушысы Р.Браташ және де А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектептің мұғалімі Э.Гасановалар қатысты.
Облыстық тілдерді дамыту басқармасының бастығы Б.Көмекбаева Оңтүстік Қазақстан облысының 80 жылдығына орай өткізілген «Мемлекеттік тілді қолдау» форумына белсене қатысып, мемлекеттік тілді қолдану мен дамытуға қосқан үлесі үшін Науайы мектебінің мұғалімі Ә.Қасымов пен орталықтың ағылшын тілінің оқытушысы Д.Ташбаевалар Алғыс хатпен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Форумда өзге ұлт өкілдері мемлекеттік тілді өздерінің ана тіліндей дәріптейтіндіктерін көріп қайттық.

М.Тоқбергенова,
«Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ-нің қазақ тілі оқытушысы

 
« Алдыңғы   Кейінгі »

Әкімнің блогы

Мемлекеттік рәміздер

     

 

 

 

 

Жаңалықтар күнтізбесі

 
« 12 Қараша 19 »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Валюта бағамы

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Ауа райы

Пікіртерім

Біздің жаңа дизайнға баға беріңіз?
 

Жаңалықтар таспасы