Галерея

Жаңалықтар arrow Жаңалықтар arrow Біздің болашағымыз –биіктен көрінетін балғын балалар!
Біздің болашағымыз –биіктен көрінетін балғын балалар! Баспаға басу

Әр халықтың әр ұлттың, адамзат қоғамының ертеңгі күнге үміт артар сенімді де, серігі де, өмірі де  - балалар. Бүгінгі сәби  ертеңгі ұрпақтың жалғасы, біздің болашағымыз. Осыған орай 1 маусым - Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне орай балалар мерекесін өзіндік деңгейінде атап өту және балаларды қорғау күніне орай жас дарынды балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығына қолдау, ән арқылы ұлттық өнерімізді қадірлеп, құрметтеу және жас есімдерді тауып, олардың өнерін халыққа насихаттау мақсатында Кентау қаласында «Бақытты балалық шақ» атты аймақтық фестиваль байқауы ұйымдастырылды. Бұл аймақтық байқау ән және би жанрлары бойынша өткізілсе, біздің Созақ ауданынан осы байқауға қатысатын өнер иелерін «өз өнерлерін биіктеп көрсетсін» деген игі тілекпен аудандық «Мыңжылқы» мәдениет сарайы басшылыққа алып, мекеме директоры Бекберген Избалаев бастап арнайы апарып әкелді. Байқауға қатысқан өнерпаздар да байқауда өз өнерлерін биіктен көрсетіп, әділ-қазылардың шешімімен өз марапаттарына ие болды. Атап айтсақ,

  • ән жанры бойынша қатысқан Құрманбек Ақмаржан балалық шақ туралы әсем әндерін орындап облыстық мәдениет басқармасының арнайы дипломы мен қаржылай сыйлыққа,
  • ал би жанры бойынша қатысқан Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің «Жауқазын» би тобы да қазақтың билері мен сюжеттік билерді қазылар алқасы мен халық назарына ұсынып, байқау қорытындысы бойынша арнайы 1-орынға және ақшалай сыйлыққа ие болды.

Біздің болашақ балғын балалар осылайша аудан абыройын тағы бір биіктен көрсетсе, біздер де оларға өнерлері өрістеп, тек биіктен көрініп, халқымыздың мәдениетін арттыра берсін деген тілек тілеп, жеткен жетістіктерімен тағы да құттықтаймыз.

 

Аудандық «Мыңжылқы» мәдениет
сарайының қызметкері Ж.Балабекова

 
« Алдыңғы   Кейінгі »

Әкімнің блогы

Мемлекеттік рәміздер

     

 

 

 

 

Жаңалықтар күнтізбесі

 
« 21 Қараша 19 »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Валюта бағамы

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Ауа райы

Пікіртерім

Біздің жаңа дизайнға баға беріңіз?
 

Жаңалықтар таспасы