Галерея

Жаңалықтар arrow Жаңалықтар arrow «Қолжетімді баспана- 2020» бағдарламасы аясында семинар өтті
«Қолжетімді баспана- 2020» бағдарламасы аясында семинар өтті Баспаға басу

         Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Жолдауында айтылған негізгі он бағыттың екінші бағыты – «Қолжетімді баспана». Яғни, халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету ісін жедел әрі тиімді жүргізу.  Мемлекет Басшысы үкіметке «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасын әзірлеп, осы жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей қабылдауды тапсырған болатын.
Сонымен барша қазақстандықтарға жария болғандай үстіміздегі жылдың 5 маусым күні Үкімет отырысында «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасы қабылданды Елбасының жолдауына сәйкес бағдарламаның басты бағыты қол жетімді тұрғын үйге негізделген. Қол жетімді тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыруға байланысты Қазақстанда құрылысты индустрияландыру одан әрі қарай жалғасатын болады.
Осыған орай аудандық «Жастар орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасын Созақ ауданының жастарына жан-жақты түсіндіру мақсатында 8 маусым күні «Мыңжылқы» мәдениет үйінің мәжіліс залында семинар өтті.
Семинарға ауданымызда әр салада қызмет істейтін 29 жасқа дейінгі жастар өкілдері және «Жастар орталығы» қызметкерлерінің арнайы шақыртуымен келген «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ ОҚО филиалының жоғарғы санатты мамандары Есенбаев Бақтығали және Наурызбаев Ұлан, аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы П.Сақтапбергенұлы сондай-ақ, жергілікті БАҚ өкілдері қатысып отырды. Семинарды аудан әкімінің орынбасары Н.Зейдулла жүргізді.
Семинардың басты мақсаты ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған жолдауындағы «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасын ауданымыздың жастарына жан-жақты түсіндіру: - ауыл жастарының қоғамдық рөлін арттыру, жастардың әлеуметтік-экономикалық саяси-құқықтық дамуына, азаматтық, әлеуметтік қажеттілігін дербес шешу, жастарға жағдай жасау жолдарын пікір алысу, талдау арқылы қарастыру болып көзделді.
«Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ ОҚО филиалының жоғарғы санатты маманы Б. Есенбаев аталған бағдарламаға сәйкес хабарлама жасады.
Семинар барысында жастар тарапынан сұрақтар қойылып, бірқатар ұсыныс- пікірлер айтылды. Қолжетімді баспана бойынша алдағы міндеттердің мақсаты – жастарды, жас отбасыларды, мұғалім мен дәрігерлерді әлеуметтік-экономикалық тұрғыда жаңа бір сатыға көтеру. Осылайша ата-аналардың бала тәрбиесімен алаңсыз айналысуына, мәдениеті мен білімін жоғарылатуына, отбасының ынтымақ-берекесін нығайтып өсіп-өнуіне, денсаулығы мен тұрмыстық жағдайын жақсартуға мол мүмкіндік берілмек. «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасының маңыздылығы – оны халықтың ерекше ықыласпен қолдап отыруынан-ақ көрінуде. Сондықтан, осынау игі істі жалғастырып әкету баршамызға сын артады.
Нұржамал МАЙУСОВА

 
« Алдыңғы   Кейінгі »

Әкімнің блогы

Мемлекеттік рәміздер

     

 

 

 

 

Жаңалықтар күнтізбесі

 
« 12 Қараша 19 »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Валюта бағамы

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Ауа райы

Пікіртерім

Біздің жаңа дизайнға баға беріңіз?
 

Жаңалықтар таспасы