Галерея

Жаңалықтар arrow Жаңалықтар arrow Мемлекеттік рәміздердің 20 жылдығы
Мемлекеттік рәміздердің 20 жылдығы Баспаға басу

Аудан орталығында салтанатпен аталып өтті
Image Жаңа негізін қалаған жас мемлекеттердің қай-қайсының да алғашқы да басты маңызды ресми қадамдарының бірі –елдің Туын, Елтаңбасын, Әнұранынбелгілеп алу болып табылады. Алдын ала газетке жарияланған аудандық ішкі саясат бөлімінің іс-шарасы бойынша 4-маусым күні аудан орталығы – Шолаққорғанда ҚР-ның Мемлекеттік Рәміздерінің 20 жылдығына арналған «Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбарлы – Қазақстан» атты автошеру – митингі болып өтті.
Шеру митингісі басталар алдында  аудан орталығындағы мекемелер мен ұйымдардан  жиналған қызметкерлерге, жұртшылыққа  жиырма жылдыққа арнайы  шығарылған Төсбелгілер, туған Отанымыздың көк Туының кішігірім жалаушаларын, Әнұранының ламинатталған мәтіндерін аудандық «Жастар» орталығының  өкілдері таратып берді. Сонан соң , жергілікті жол полициясының бастығы К.Қамшыбеков пен аудандық «Жастар» орталығының директоры С.Мамановтың жолбастауымен алдына Мемлекеттік Елтаңба, екі қапталына «4 Маусым –Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне 20 жыл» деген жазуы бар, мемлекеттік туымен көмкерілген жылжымалы қорап және екі жақ терезесінен мемлекеттік туды желбіреткен 40 мемлекеттік мекеме қызметкерлері мінген 20 автомашина орталық алаңға «Көк тудың желбірегені» әнімен төрт қатар сап түзеп тоқтады.
Автокөліктер орталық алаңға тоқтағаннан кейін адамдар машиналарынан түсіп, қолдарындағы туды көкке желбіретті. Дәл осы кезде көпшілік омырауларына төсбелгілерін таққан, қолдарындағы жалаушаларын көтеріп, рәміздерге зор құрмет көрсетті.
Айтулы мерекелік шараны аудан әкімінің уақытша міндетін атқарушы Қ.Еспенбетов салтанатты түрде ашып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері күнінің 20 жылдығы мерекесімен аудан халқын құттықтады.
Image Аудандық мәслихаттың хатшысы, депутаты М.Исаев арнайы шақырылған қонақтар, ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы, бокстан еліміздің құрама командасының бас бапкері М.Айтжанов, сондай –ақ Халықаралық, әлемдік спорттық жарыстарда мемлекеттік Туымыздың жоғары көтеріліп, мемлекеттік Әнұранымызды асқақтата шырқалуына себепші болып жүрген жерлес боксшы, Лондон олимпиадасында Республикасымздың намысын қорғауға аттанғалы отырған, саңлақ спортшы Біржан Жақыпов құттықтау сөйледі. Сондай-ақ , Жартытөбе ауыл әкімшілігіне қарасты Аққолтық елідемекенінен келген қария, ақын Құлыншақ Кемелұлының немересі Е.Ерманов белгілі боксшы Біржан бауырымызға сәттілік тілеп, ақ батасын берді.
Митингі салтанатын жүрізушілер рәміздерге сипаттама беріп, және ресми пайдалану тәртібі конституциялық заңмен белгіленгендігін айтты.
Автошерудің маршруты одан әрі жалғасып картада белгіленген көшелер арқылы жүріп өтіп, орталық алаңға қайта оралды. Сөйтіп бастапқыдағыдай сап түзеп тұрды.
Алаңның екі жағында тұрған халық «Жасасын Қазақстан», «Жасасын Елбасы», «Жасасын мемлекеттік рәміздер» деп ұран тастады. Аудан прокуроры Н.Асқанбеков мемлекеттілікті заңды тұрғыда негізделген рәміздер күнімен халықты құттықтады. Мерекелік шара барысында музыка әуені тынымсыз ойналып, жасанып киінген «Мыңжылқы» мәдениет сарайының өнерпаздары патриоттық әндер шырқады.
Аудан әкімінің уақытша міндетін атқарушы Қ.Еспенбетов автошеруді қорытындылап, мерекеге қатысушыларға алғысын жеткізді.
Осындай көріністерден, әсерлі әуендер көтеріңкі көңілкүй алған аудан жұртшылығы мрейлі- мерекенің мән-маңызын терең сезінді.
«Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбарлы- Қазақстан» атты автошеру жабық деп жариялап, іс-шараға қатысушылардың бірлесе қосылуымен еліміздің мемлекеттік гимні орындалды.

Созақ үні
Балнұр Асанқызы

 
« Алдыңғы   Кейінгі »

Әкімнің блогы

Мемлекеттік рәміздер

     

 

 

 

 

Жаңалықтар күнтізбесі

 
« 21 Қараша 19 »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Валюта бағамы

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Ауа райы

Пікіртерім

Біздің жаңа дизайнға баға беріңіз?
 

Жаңалықтар таспасы