# ## Созак ауданы әкімдігінің ресми сайты - «Үш тұғырлы тіл» саясатына арналды Созак ауданы әкімдігінің ресми сайты

 

 

Галерея

Жаңалықтар arrow Жаңалықтар arrow «Үш тұғырлы тіл» саясатына арналды
«Үш тұғырлы тіл» саясатына арналды Баспаға басу

Қазақстан Республикасы Прездидентінің Жолдауындағы «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасы, «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында  мамыржай   мамыр   айының       18-күні Алтынсарин орта мектебінің  мәдени залында аудандық «Полиглот» олимпиадасы болып өтті. «Полиглот» сөзі- көп тіл білетін деген мағына беретінін еске сала кетейік. Олимпиаданың аты айтып тұрғандай,  бұл  білім сайысында аудандағы жалпы білім беретін мектептердің 10-шы сыныбында оқитын, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген оқушылар өз білімдерін ортаға салады.
Аталмыш олимпиаданы ұйымдастырушы, Созақ аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жанынан жаңадан құрылған «Тілдерді оқыту және дамыту» коммуналдық мемлекеттің мекемесі. Елімізде жүргізіліп жатқан тілдерді дамыту бағдарламасына орай ашылған бұл мекеменің тырнақалды іс-шарасын мекеме төрайымы Биғондиева Гүлдана ханым жоғары деңгейде ұйымдастыра білгеніне сайыс барысында көзіміз жетті.Кезінде Созақ аудандық білім бөлімінде орыс және ағылшын тілдері бойынша әдіскер болып қызмет атқарған Гүлдана апайға жаңа мекеменің жұмысын дұрыс жолға қоюға, жандандыруға, ауданымыздағы тілдердің дамуына ықпал ету мәселелері бай тәжірибесінің арқасында қиынға соға қоймас деген үмітеміз.
Бірінші рет өткізіліп отырған «Полиглот» олимпиадасына жалпы білім беретін мектептерден келген 15 оқушы атсалысты. Үміткерлер сайыс ережесіне сай 4 кезең бойынша бақтарын сынады. Бірінші кезеңде үміткерлер үш тілде өздерін таныстырса, екінші кезеңде үш тілден көркемсөз оқыды. Үшінші кезең бойынша үміткерлер сұрақтарға жауап берсе, төртінші кезеңде қазақ тіліндегі мәтінді орыс жіне ағылшын тілдеріне аударудан біліктіліктер- ін көрсетті.
Кәсіби мамандардан жасақталған әділқазылар алқасы үміткерлердің тілдерді меңгеру деңгейіне, сахнада өзін-өзі ұстау мәнеріне, елтану біліміне, тілдік ой-өрісіне аса көңіл бөлді. Өзім куә болған бұл сайыс әділ әрі таза өтті. Өйткені, үміткерлер өз өнерін көреремендер алдында көрсетті және кімнің қалай жауап бергенін көрермендер зерделеп отырды. Кейбір аудандық сайыстарда кездесетін орын алу үшін таныстыққа жүгіну, «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» принципін белден басушылық сияқты бейбастықтарға әділқазылар жол бермеді, тура болды.
Әрине, сайыс болған соң кемшіліксіз болмайды емес пе. Кейбі үміткерлер еліміздің тарихына байланысты әрбір адам білуге тиісті сұрақтарға жауап таппай жаттса, біреулері қағаздарына қайта- қайта үңіліп, байқау шарттарын бұзып жатты. Бұл жағы әділқазылар алқасы тарапынан үміткерлер мен жетекшілеріне ескертіліп, келешекте қателіктен нәтиже шығаруға ұсыныс жасалынды.
«Полиглот» қортындысында барлық қатысушыларға ұйымдастырушы орталықтың атынан алғыс хат пен естелік сыйлықтар тарту етілді, және жүлдегерлер арнайы дипломдармен марапатталды. Сонымен, бірінші «Полиглот» олимпиадасында үшінші орынды Макаренко мектебінің оқушысы Ходжакулов Мураджан иеленді. Екінші орынды Науайы мектебінен келген Балтабаев Нуридин лайық деп танылса, бірінші орынмен Момбеков атындағы жалпы орта мектебінің 10-сынып оқушысы Қуатбекова Алтыншаш марапатталды. Және де шертпе күйдің шеберінің атын иеленген мектеп оқушысына облыстық «Полиглот» олимпиадасында ауданымыздың намысын қорғау жауапкершілігі жүктелді.
Ұйымдастырушылар тарапынан ескертілген бір тағы жағдай- олимпиадаға аудандағы жалпы орта мектептердің түгел қатыспауы. Әлімқұлов, Созақ, Сәтбаев атындағы мектептердің лицей, гимназия деген дардай аттары бар емес пе? Бөкенов, Қаламбаев Абай мектептерінде үш тілді меңгерген оқушы жоқ па? Кемелұлы, Уалиханов, Жамбыл атындағы мектептерде тілдерге мән берілмей ме? Әлде басқа себептерден болдыма, аталған мектептерден үміткерлер болған жоқ.
«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» демекші уақыт талап етіп отырғандай балаларымыз ана тілімен қатар орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгеріп, еліміздің атын әлемге танытып жатса, уақыт талабымен ұштасқан, білімді азамат болып қалыптасса, біз үшін үлкен мәртебе емес пе!
Сержан Бегманұлы.
Қозмолдақ ауылы.

 
« Алдыңғы   Кейінгі »

Әкімнің блогы

Мемлекеттік рәміздер

     

 

 

 

 

Жаңалықтар күнтізбесі

 
« 14 Тамыз 20 »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31           

Валюта бағамы

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Ауа райы

Пікіртерім

Біздің жаңа дизайнға баға беріңіз?
 

Жаңалықтар таспасы