Галерея

Жаңалықтар arrow Жаңалықтар arrow Қыземшектегі шағын футболдан республикалық турнир
Қыземшектегі шағын футболдан республикалық турнир Баспаға басу

             Шағын футболдан республикалық ауқымдағы турнир   шамамен 4000 халқы бар шағын Қыземшек  кентінде  өтті. Жарысты өткізу туралы мәселені Л.Бөкенов атындағы ОМ әкімшілігі мен  уран өндіруші кәсіпорын «Степное-РУ» ЖШС  бас директоры Сергей Кушегов көтерген болатын. Ұйымдастырушылар бұл турнирді  биылғы жылы 60 жасқа толып отырған  спорт ардагері Тағабек Құдияровтың мерейтойына ұштастырып отыр.           
Турнирге уақытында, өтінімдерін тапсырған Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда және Жамбыл облыстарынан  15  команда қатысты. 
          18 мамыр, қатысушы командалардың келу  күніне  жарыс кездесулерінің ары қарайғы барысын анықтаған жеребе тастау жүргізілді. Оңтүстік Қазақстанның «Қыземшек», «Жуантөбе», «Таукент», «Демеу-Қыземшек», «Демеу-Таукент», «Бастау», «БТА - Қыземшек», «Жасұлан», «Жастар» командалары, Қызылорда облысынан келген «Азамат»,  «РУ-6»,  «ЦЭНКИ», «Школьник», «Жаңақорған» командалары және Жамбыл облысының «Жаңатас» командасы  турнирдің  кубогы үшін күш сынасты.
15 команданың әрбір ойыншысын толқытқан және жеңіс үмітін берген турнирдің ашылуы 19 мамыр күні «Оазис» Мәдени Спорт Кешенінде өткізілді.
Ашылу салтанатына Созақ ауданының әкімі А.Аймұрзаев, аудандық мәслихаттың хатшысы, депутат М.Исаев, Қыземшек кентінің әкімі Д.Мұратбекұлы, «Степное-РУ» ЖШС бас директорының орынбасары Д.Барағанаев, «Бетпақ Дала БК» ЖШС «Ақдала» кенішінің өкілі З.Ойнаров, спорт ардагері Т.Батыров, Ш.Әлиев, жарыс төрешісі Б.Сәрсенбаев және т.б. қатысты. Әрине, басты назарда осы салтанаттың себепшісі Т.Құдияров болды. Турнирдің ашылу рәсімі барысында жауапты басшылар мерейтой иегерін 60 жасқа толған туған күнімен құттықтап, ескерткіш сыйлықтарды табыс етті және иығына дәстүрлі қазақтың ұлттық шапанын жапты. Қатысушы командалардың жалпы сапқа тұруынан, және салтанатты бөлімнің соңынан шағын концерттік бағдарламадан кейін барлық салтанатқа қатысушылар ұзақ күткен ойындар болатын спорт залына және ашық стадионға бет алды.
Ауа райы да турнирдің барысына өзінің табиғи әсерін берді. Ойыншылар жаңбырға және аптап ыстыққа қарамастан, спорттық кездесулерін абыроймен өткізді. Жанкүйерлер бұл ойынды жарқын және ұмытылмас ойын ретінде сипаттады және дауыстары қарлыққанша ойыншыларға қолдау көрсетті. Турнирде үлгі көрсете отырып, спорт ардагерлерінің үш командасы: «Степное» (Қыземшек), «Созақ» (Созақ ауданы) және Таукент кездескенін атап өткен орынды болар. Созақ ауданының әкімі А.Аймұрзаев 10 нөмірмен «Созақ» командасының құрамында жарысқа қатысты. Осылайша ауданның басшысы спортпен белсенді айналысуға және салауатты өмір сүруге үндей отырып, айналасындағыларға жарқын үлгі көрсетті. Жарыстың алғашқы күні де аяқталды. Алда әлі жартылай финал мен финал.
20 мамыр күні жартылай финал және финал ойындары басталып, мәре додасында жеңіске үміткер 4 команда қалды. Жүлделі орындар үшін «Қыземшек», «Жасұлан», «Жаңақорған» және «Азамат» командалары күш сынасты. Қақпаға соғылған доптардың тең саны, жанкүйерлердің өз командалары үшін қолдау көрсетіп, жанын бере айқайлаған дауыстары, пенальти... «Қыземшек» 4 орында қалды. «Жасұлан» мәз-мәйрам – республикалық турнирде үшінші орын – елеулі табыс! Артынан бірінші орын үшін «Жаңақорған» және «Азамат» командаларының арасындағы ойын аяқталмай қойғандай. Гол, тағы да бір гол! «Азамат» жеңіске жетті.
Спорт ардагері Т.Құдияровтың 60-жылдығына арналған шағын футболдан республикалық турнирде бірінші орынға шығып, «Азамат» командасы жеңіске жетті. Екінші орынды «Жаңақорған» командасы иеленді. Жеңімпаздар үштігін Таукенттен келген «Жасұлан» командасы аяқтады. Жеңімпаздар кубоктармен, медальдармен, грамотамен, заттай және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Сонымен қатар, жарысты ұйымдастырушылар жарыстың үздік ойыншыларын да грамоталармен атап өтті. «Үздік ойыншы» номинациясында Р.Нұржанбаев пен Е.Айтаев марапатталса, «Үздік қорғаушы» - Е. Жұматаев, «Үздік қақпашы» - Б. Алтынбасаров, ал «Үздік шабуылшы» - М. Болатұлы атанды. Жақсы төрелік көрсеткендері үшін О.Тасболатов, Ж.Әбуов, Н.Бурабаев және Н.Алсаев марапатталды.
Турнирдің жабылу салтанатында Т.Құдияровқа 60 нөмірімен футбол киімі тапсырылды. Өзінің жасына қарамастан тәжірибелі жаттықтырушы әлі де ОҚО, тіпті Қазақстан Республикасы мақтан тұтатын тамаша футболшыларды тәрбиелеп шығарады деген үміттеміз.
Лариса НОВИКОВА

 
« Алдыңғы   Кейінгі »

Әкімнің блогы

Мемлекеттік рәміздер

     

 

 

 

 

Жаңалықтар күнтізбесі

 
« 23 Қаңтар 20 »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031   

Валюта бағамы

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Ауа райы

Пікіртерім

Біздің жаңа дизайнға баға беріңіз?
 

Жаңалықтар таспасы