# ## Созак ауданы әкімдігінің ресми сайты - Халықаралық отбасы күніне орай Созак ауданы әкімдігінің ресми сайты

 

 

Галерея

Жаңалықтар arrow Жаңалықтар arrow Халықаралық отбасы күніне орай
Халықаралық отбасы күніне орай Баспаға басу

Шымқалада шығармашыл жанұялардың фестивалі өтті
Өткен аптада облыс әкімі жанындағы отбасылық демографиялық саясат және әйелдер істері жөніндегі комиссия мен ОҚО балалардың құқықтарын қорғау департаментінің «Мөлдір бұлақтан...» республикалық отбасылық фестивалі аясында «Мен және менің бақытты отбасым» атты шығармашыл отбасылардың фестиваліне қатысып қайттық. Шымкент қаласындағы халықтар достығы үйін думанға бөлеген кештің беташар сөзін департаменттің директоры Ғалия Жүсіпова алып, бүгінгі атаулы күннің маңыздылығын атап өтті.
Отбасындағы ынтымақты арттыруға бағытталған игі шараға 8 үміткер жанұя ниет білдіріпті. Тұрсынбековтер (Арыс), Әлиевтер (Сайрам), Жеткеровтар (Төлеби), Әбішовтер (Түркістан), Бухановтар (Шардара), Серікбаевтар (Ордабасы), Шерхановтар (Шымкент) отбасындағы ұйысқан бірліктің үндесе сөз төгілткен өнерлі мүшелеріне сүйсінгендейсің.
Ауданымызға танымал Сағындықовтар отбасы күй күмбірін төгілткеннен-ақ көрермен ықыласы «Созаққа барсақ, күйшімін деме»деген М.Әуезовтен қалған ..... тегін айтылмағанын аңғартты. Бірі – қобы, бірі – домбыра, бірі – сылдырмақты үйлестірген ұжымның өнеріне күйге табынушылар ұзақ қол соғысты. Нәтижесіндt алғыс хатқа ие болды.
Фестиваль қорытындысында Әбішовтар отбасы бас жүлдені қанжығаларына байласа, бірінші жүлде Шерхановтар отбасына бұйырды. Жеткеравтар мен Бухановтардың отбасылары екінші, үшінші орындарды өзара бөлісті.
Марапаттарды облыстық ата-аналар комитетінің төрағасы, «Ұстаз нұры» газетінің бас редакторы Әнуарбек Бейсе мен отбасылық әйелдер кеңесінің төрайымы Рысалат Ахметова тапсырды.
Дәулет Жүсіпов.

 
« Алдыңғы   Кейінгі »

Әкімнің блогы

Мемлекеттік рәміздер

     

 

 

 

 

Жаңалықтар күнтізбесі

 
« 09 Тамыз 20 »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31           

Валюта бағамы

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Ауа райы

Пікіртерім

Біздің жаңа дизайнға баға беріңіз?
 

Жаңалықтар таспасы