Галерея

Жаңалықтар arrow Жаңалықтар arrow Жайылымның жайы алаңдатады
Жайылымның жайы алаңдатады Баспаға басу

Аудан басшысы А.Аймұрзаевтың Созақ ауылына жасаған жұмыс сапарынан ел дамуының күретамыры – ауылшаруашылық саласына қатысты салихалы әңгіме өрбитінін алдын-ала бағамдағанбыз. Өйткені Шолаққорған ауылынан кейінгі географиясы да, демографиясы да ауқымды Созақ ауылында бұл саланың түгесілмей жатқан тұстары жетерлік. Жұртшылық тарапынан егістік көлемін молайтып, одан мол өнім алу мен мал басын көбейтуге құлшыныс артқанымен, қолбайлаулардың ырық бермей тұрғаны шындық.
Оңтүстік өңірінің ежелгі төрт түлікке шұрайлы төскейі Созақ ауданы екені белгілі. Осы жаққа сапарға шыққан жан түрлітүрлі түрленістерге куә болады. Күннен-күнге жаңарулар көп. Солай болғанымен айтпасқа амал не, сүйсінтірлігімен қатар, күйініштері де бар. Күйініштісі не? Ол өзіміз байқап, аңғарып жүрген, ауыл еңбеккерлерінің өкініш-өкпесі зілдей мынадай жәйт дер едім. Тілге тиек етпегіміз де сол.
Бұл ұлан-байтақ өңірдің ілгері замандағы кескін-келбеті талайды тамсандырарлық еді. Бір-іріне жалғасқан бел-белестердің сауырындағы көкке көмкерілген сайын жазира, байырғы бейнесін елестетерліктей-тін. Шөбі шүйгін өлке әсіресе мал жарықтыққа жерұйықтай болғандығы қалай ұмытылсын. Әзірге қаймағы сақталған кей тұстарынан кездесіп қалар орындар сондай. Бірақ сирек ұшырасады, өрісі тартылып, сілдіреп барады. Айналадағы тіршілік атаулының табиғатпен тамырлас тағдыры болжаусыз күйге ұшырап отыруы көпшіліктің қынжылысын тудыруда.
Баспасөз беттерінде жарияланып жүргендей, қазір дала көркінің, жер реңінің кереғар өзгерісі көп. Кеше ғана түгі қалың топырақ ертеңінде жұтаң. Бар жануар сүйсініп, жайылар қараотты шетсіз-шексіз алқаптар алашұбарланып, сирек ұшырасуға айналады. Күнкөрісі төрт түлікке байланған жан қайтсін. Көндігумен қолды барды ұқсатуға мәжбүр. Әйтпегенде ата-баба соқпағынша жылқы ма, қой ма, қай-қайсысын да шұбыртып дәулет көзіне айналдыруға әркім-ақ құштар.
Бұған дейін аймақтың ең бір шалғыны мол, жайылымы кең қиыры арысы Бетпақдалаға берісі Сарысуға ұласып жататын еді. Бұл күнде басқа тұстарды былай қойғанда, кезінде құты түпсіздей көрінетін осы атырапты тану қиын. Үйреншікті сәні түліктерден гөрі енді көзге жиі шалынатын дәу-дәу жүк көліктері. Өздері төтелеп салып алған қым-қиғаш дала жолдарымен ерсілі-қарсылы жүйткіп, айналаны шаңдатып, топырақты бұрқыратып жөңкіледі де жатады. Бұлардың күндіз-түнгі жарығы не десеңіз, қаулап ашылып жатқан кен көздері байлығын тасымалдауға байланысты аптыққан қимыл.
Одан әріде әр тұстан менмұндалаған кеніштер көріне бастайды. Жайылымдарға емініп, ендеп кіріп лған. Әрине, әркімнің шаруа қамы бөлек. Кен игерушілерге бұйырған қазынаны қайткенде алып қалу керек. Қалай алынып жатыр, қоршаған ортаға салдары қандай болуда?! Байлық буы тас айналдырып тұрғанда ол ойландыра қойып жүре ме? Жергілікті жұрт соған мазаланады. Жауабы жоқ сауал болып тұруына қиналады.
Қарап тұрсаңыз, табиғаттың өзі осы өлкені мал басын, жылқы мен қой өсірілсін деп жаратқан секілді. Әйтсе де заман заңдылығы өндірісті қоса дамытуға ойыстырды. Уақыт ағымынан асып кету қиын. Кен де керек-ақ болар. Дегенмен, онсыз да соңғы уақытта қарашірігі азайып, сұр топырақты сортаң, шөлейт жерлер жиілей бастаған өңірдің ақырғы шұрайлы да шырайлы қойнау-қыртыстарын қопарып, пайдаға асырғысыз, жарамсыз қылу жөн бе?! Аршылған жерді қалпына келтіру жөніндегі уағдаластық көп реттесақталмай, көтерілер қара шақ, қалың тозақ былай да өсімталдығы әлсіз өсімдіктер дүниесін басып, тұншықтыра беретіндігі өкінішті.
Ауылдың мал бағар жағдайы болса тұрмысы жаман болмайтынын еңсесі биік отырарын білеміз. Қазіргі күні де жұмысы жоқ ауыл тұрғындары қолдағы азын-аулақмалдың арқасында күндерін көруде. Орта және шағын бизнесті өркендетуге нағыз тек орта сонда жатыр. Өкінішке қарай, сөзімді тұспалдағандай, кедергілердің етектен тартуы сол мүмкіндікке тұсау салуда. Ал ауылда тұрып мал ұстамағанның күні күйкі. Түлкі тұяғын түлетуге ыңғайлы жерлерді малшы қауым несібесінен жырудың арты ауыр болары ақиқат. Ештен кеш жақсы деген. Айналып келгенде осынау жәйтке тереңірек ойланатын уақыт келді деген үмітте ауыл жұрты. Кен де керек шығар, ал мал ше? дейді олар.
Ұлтымыздың алтын бесігі – ауыл болса, ауыл уызы мал ғой. Саялы панасы, асырайтын анасы – дала. Ондағы шөбі шүйгін жайылым, шалқыған шабындық. Тамыр-тамыры соған келіп тіредеді. Ал оның қазіргі ахуалы «Алыстан ойламағын, жақыннан уайым табады» деген сөзді ойға оралтады. Енді даланы дүберлеткен өндіріс орынды-орынсыз килігіп, мал шаруашылығы тірегін ....... мынадай. Ауыл адамдарына осы жағы түсініксіз. Тіршілік қорегінің кәрі-жайылымдардың тарылып бара жатуының ешкімді алаңдатпайтыны жандарына батады.
Дәулет Тұрсынұлы,
Қазақстан Журналистер Одағаның мүшесі.

 
« Алдыңғы   Кейінгі »

Әкімнің блогы

Мемлекеттік рәміздер

     

 

 

 

 

Жаңалықтар күнтізбесі

 
« 23 Қаңтар 20 »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031   

Валюта бағамы

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Ауа райы

Пікіртерім

Біздің жаңа дизайнға баға беріңіз?
 

Жаңалықтар таспасы