Галерея

Жаңалықтар arrow Жаңалықтар arrow Сенбілік елді мекендерде, аудан орталығында тыңғылықты жүргізілді
Сенбілік елді мекендерде, аудан орталығында тыңғылықты жүргізілді Баспаға басу

14 сәуір күні Созақ ауданының аудан орталығында, барлық елді-мекендері мен поселкелерінде сенбілік ұйымдастырылды. Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автобиль жолдары бөлімінің мәліметіне жүгінсек осы күні 4300-дей адам сенбіліктерге қатысып, 24 техника жұмылдырылған.

Сенбілік-жылда өткізіліп келе жатқан ұжымдық іс-шаралардың бірі ретінде қалыптасқан дәстүрлі науқандық іс деуімізге болар. Десекте, аудандық спорт мектептерінің ұжымы осы жолғы сенбілікте орасан жұмыс жасағандығын айтуымыз керек. Оларға бөлініп берілген жер біресек каналын тазалау болатын. Спорт жаттықтырушылары қаншама жылдардан бері тазаланбай қалған канал ішін, белуарынан толған батпақтан тазардып бірнеше шақырымға созылған белгіленген жеріне жеткізіп тастады. Көзбен көріп қайтқан газетіміздің бас редакторы мен фото тілшісі «нағыз патриоттар» деп айтып келген ұжым және мектеп директорлары Б.Құдайбергенов пен Б.Сәрсенбаев алғысқа лайықты басшы ретінде танылды бұл күні.
Жалпы; аудан орталығы Шолаққорғандағы сенбілік ұйымшылдықпен өтті. Бұл күні мекемелер негізінен орталық саябақта, Жеткіншек және Шолаққорған-Ащысай бағытындағы жолдардың бойын сондай-ақ кенттегі латоктардың ішіне тасталған күл-қоқыстарды тазартуға шықты. Күл-қоқыстарды арнайы орынға тасымалдауда «Шолаққорған-су» МКК, «Ақжол» ЖШС және «Созақ сәулет» МКК арнайы техникаларымен қамтамасыз етті. Сенбілік барысында ретсіз өскен көшеттер, шөптер шабылып, күл-қоқыстар жиналып, талдарды әктеу және көшеттер, гүлдер егу сияқты жұмыс түрлері атқарылды.
15-сәуір күні сенбілікке Шолаққорғандағы мектеп ұжымдары және оқушылар жұмылдырылып, аудан орталығындағы көшелер мен латоктар бойларын, мешіт айналасын, және жол жиектерін тазалау жұмыстарын атқарды.

Асхан Бақтыбаев

 
« Алдыңғы   Кейінгі »

Әкімнің блогы

Мемлекеттік рәміздер

     

 

 

 

 

Жаңалықтар күнтізбесі

 
« 23 Қаңтар 20 »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031   

Валюта бағамы

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Ауа райы

Пікіртерім

Біздің жаңа дизайнға баға беріңіз?
 

Жаңалықтар таспасы