# ## Созак ауданы әкімдігінің ресми сайты - Аудан әкімінің бір күндік аралауы, жиын өткізуі нақты іске бағытталды Созак ауданы әкімдігінің ресми сайты

 

 

Галерея

Жаңалықтар arrow Жаңалықтар arrow Аудан әкімінің бір күндік аралауы, жиын өткізуі нақты іске бағытталды
Аудан әкімінің бір күндік аралауы, жиын өткізуі нақты іске бағытталды Баспаға басу

Аудан әкімі А.Т.Аймұрзаев 13 сәуір күні Шолаққорған кентін көркейту және көгалдандыру жұмыстары бойынша бірнеше орындарды аралады. Аудан әкімінің бір күні болған жұмыс ретінің алғашқы аралау сапары біресек каналы бойынан тамшылатып суару әдісі бойынша алма бауын өсіруді қолға алып отырған шаруақожалықтар жұмысымен танысудан басталды. Инновациялық жоба ретінде танылып жүрген тамшылатып суару технологиясының халықтың әл-аухатын жақсартуға берері мол. Сондықтанда шаруалар тарапынан осы жобаны қолға алушыларға мемлекеттен қаржылай қолдау болуда. Бұл жерде сондай-ақ жас баудың айналасын қоршап, оған ағын су әкелу мәселесі сөз болды.
Аудан әкімі онан соң Даңқ саябағын аралап көріп, орталық саябаққа сенбілік ұйымдастыруды, стадионды ретке келтіріп, саябақ ішін жарықтандыруды тиісті мекеме, бөлім басшыларына тапсырды. Ағаш түптерінің балақтап кеткен бұтақтарын қырқып, ретке келтіру жұмысы Даңқ саябағынан кейін Орталық мешіт ауласына барғанда қайта сөз болды. Шынында орталық мешіттің қоршауынан кіргеннен жолдың екі жағына өскен шыбықтар түбінен сабақтап, кей бірі қурап та қалыпты. Аудан басшысы алдағы уақытта демеушілер тарту арқылы мешіт айналасындағы ағаштарды суарып отыруға жағдай жасау керектігін тізімге алды. Ал, Тәуелсіздік алаңы құрылысы өздеріне берілген сметалық құжат бойынша жұмысын жалғастырып жатса, Күй ескерткіші орналасқан аллея болуы тиіс жер жақын арада тегістеліп, жұмысы жалғасатын болады.
Аудан әкімі бастаған бөлім, мекеме басшылары Шолаққорғандағы барлық аймақтарға қатынайтын автобустар мен таксилер тұратын орындарды да көріп, алдағы уақытта жолаушы таситын азаматтар күнделікті медициналық тексеруден өтіп, көліктері техникалық байқау нәтижесі бойынша жарамды болғандығы қадағаланатынын ескертті.
Мұнан кейін Шолаққорғанның Шымкентке қарай шыға берісіне қоршалып отырғызылған ағаш көшеттерінің жайы, «Ақшам» шағын ауданындағы тұрғын үйге берілген бұрынғы балабақша ғимаратында отырған отбасылар мәселесі, сол шағын ауданға қарасты игерілмей жатқан жерлерді пайдалану туралы арнайы барып аудан әкімі мамандар ұсынысын тыңдады.
Түс мезгіліне қарай спорт кешенінде 5-ші рет өткізіп отырған ауданның ардақты азаматы Нұрдаулет Оспановты еске алуға арналған еркін күрестен облыстық жарыстың ашылу салтанатына қатысты.
ххх
Түс қайта аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында барлық бөлім басшылары, мамандарымен кездесу жиынын жасады. Онда дербес бөлімдердің жұмыс реті мен өздеріне жүктелген міндеттерді атқарудағы белсенділіктері байыпты талқыланды. Елбасымыздың биылғы жылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылғандай мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру мен білімін жетілдіру мәселесі жөнінде сөз болды. Бөлімдер басшыларының Жолдаудағы он басы бағытты білулері жөнінде сынамалық сұрақтар берді.
Жиын барысында барлық бөлімдер мен мекемелердің қызметкерлерін сенбілікке бір кісідей жұмылдыруға шақырып, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автобиль жолдары бөліміне сенбіліктердің өту барысын қадағалау тапсырылды.
ххх
Жиыннан соң аудан басшысы тиісті орынбасарлары мен мекеме, бөлім басшыларымен бірге Шолаққорған кенті ішіндегі арықтар мен ауыл сыртындағы қоқыс төгілген сай-салаларды көріп, көгалдандыру-көркейту айлығы кезінде тыңғылықты тазалауды тапсырды. Сонымен қатар Шолаққорған-Түркістан бағындағы үлкен жол бойына тал көшеттері егілетін орынды көрді. Аудан басшысы өзі барған жерлердегі тазалық және көгалдандыру жұмыстарының уақыт күттірмейтінін, тез арада орындалуы тиіс екендігін сөйтіп пысықтай түсті.

Ернар Сағындық

 
« Алдыңғы   Кейінгі »

Әкімнің блогы

Мемлекеттік рәміздер

     

 

 

 

 

Жаңалықтар күнтізбесі

 
« 09 Тамыз 20 »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31           

Валюта бағамы

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Ауа райы

Пікіртерім

Біздің жаңа дизайнға баға беріңіз?
 

Жаңалықтар таспасы