# ## Созак ауданы әкімдігінің ресми сайты - Білім сайысы - Миллион Тұрсынайға бұйырды Созак ауданы әкімдігінің ресми сайты

 

 

Галерея

Жаңалықтар arrow Жаңалықтар arrow Білім сайысы - Миллион Тұрсынайға бұйырды
Білім сайысы - Миллион Тұрсынайға бұйырды Баспаға басу

Жақында ағарту саласының білікті маманы, ұлағатты ұстаз, аяулы жан Рая Қуанқызын еске алу құрметіне 11 сынып оқушылары үшін аудандық математикалық олимпиада өтті. Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектепке жиналған 26 бітіруші түлек есеп-қисаптың амалына жүгініп, білімдерін сарапқа салды. Мейірбековтер әулеті ұйытқы болған білім сайысының тапсырмалары да оңайға түскен жоқ. Жан-жақты ойлауды, жүйелеуді талап етті.
Сонымен көпшіліктің демін алғызған бас жүлдеге тігілген 1млн 200 мың теңге Абай атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Тұрсынай Ақбөпееваға бұйырды. (Ұстазы жақсының –ұстамы жақсы» демекші бұл жағынан математикаға еліктірген Марат Оспановтың да үлесі сүбелі. Бірінші орынға Қ.Кемелұлы атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Ісмет Смағұл (ұстазы А.Нысанбаев) лайық деп танылса, екінші орынды Шолаққорған жалпы лорта мектебінің бітірушісі Жұлдыз Өжетбай(ұстазы Ж.Мұсаева) еншіледі. Ал үшінші орын І.Кеңесбаев атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Әмір Әбілқайырға (ұстазы Ұ. Әбілова) тиесілі болды. Бұлардың әрқайсысына ноутбок тапсырылды. Сондай-ақ білім сайысына қатысқан барлық оқушыларға естелік сый-сияпаттар тапсырылды.
Сайыс соңында Рая Қуанқызының рухына бағышталған ас берілді.
«Созақ үні» -ақпарат»

 
« Алдыңғы   Кейінгі »

Әкімнің блогы

Мемлекеттік рәміздер

     

 

 

 

 

Жаңалықтар күнтізбесі

 
« 14 Тамыз 20 »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31           

Валюта бағамы

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Ауа райы

Пікіртерім

Біздің жаңа дизайнға баға беріңіз?
 

Жаңалықтар таспасы