Галерея

Жаңалықтар arrow Жаңалықтар arrow Еліңді сүйсең ерлік істейсің
Еліңді сүйсең ерлік істейсің Баспаға басу

Ақпан айының 17-ң күні «Жастар орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Шолаққорған ауылда мектеп оқушылары арасында «Еліңді сүйсең ерлік ісейсің» атты әскери-спорттық жарыс өкізілді. Мақсат белгілі, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, спорттық шеберлігін шыңдау, оқушылар арасында достықты нығайту, Қарулы күштер қатарына дайындау, отанды сүйуге баулу сынды қасиеттерді бойларына сіңіру болатын. Шолаққорған жалпы орта мектебінде өткізілген шараға Ы. Алтынсарин,Т. Әлімқұлов, А. Байтұрсынов, Ә. Молдағұлова және Шолаққорған жалпы орта мектептерінен 10 сынып оқушылары қатысты.
Аудан әкімінің орынбасары Н. Зейдулла жарыстың ашылуында: «Биыл ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 23 жыл, сондай-ақ Қарулы күштеріміздің құрылғанына 20 жыл толып отыр. Аталған соғысқа қатысып өз міндеттерін абыроймен атқарған жерлестеріміз де бар. Бүгінгі ұйымдастырылып отырған іс шара, өскелен ұрпақты отан сүйгіштікке, потриоттыққа тәрбиелейді. Елдің ертеңіне қорған болар азаматтарымыз сіздерсіздер құрметті оқушылар» - деді.
Жарыс барасында әскери ән айту, сахналық көрініс, мылтық ату, противигаз кию, автомат шашып жинау, сұрақ жауап, әскери спорттық өнер түрлерінен сынға түсіп, мектеп оқушыларының шебірлігімен, мықтылығын саралаған жарыс болды.
Қызықты өткен жарысқа, өздерінің жан жақты дайындықты көрсетіп бірінші орынға Шолаққорған жалпы орта мектебі алса, екінші орынды А. Байтұрсынов мектебі, жүлделі үшінші орынды Ә. Молдағұлов мектебі иемденді. Жүлдегерлер «Жастар орталығы» КММ тарапынан тағайындалған мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 
« Алдыңғы   Кейінгі »

Әкімнің блогы

Мемлекеттік рәміздер

     

 

 

 

 

Жаңалықтар күнтізбесі

 
« 21 Қаңтар 20 »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031   

Валюта бағамы

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Ауа райы

Пікіртерім

Біздің жаңа дизайнға баға беріңіз?
 

Жаңалықтар таспасы