Галерея

Жаңалықтар arrow Жаңалықтар arrow Балуандар бақ сынасты
Балуандар бақ сынасты Баспаға басу

Ақпан айының 19-ы күні Ғ.Мұратбаев атындағы мектеп спортзалында гректо-рим күресінен оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Тоқболат Мұқановты еске алу мақсатында турнир болып өтті. Турнирге Мұратбаев, Рүстемов, Кеңесбаев, Сүгір Әліұлы, Шолаққорған, Әлімқұлов, Алтынсарин, Байтұрсынов мектептерінен келген жас балуандар «кім мықтыны» анықтады.
Алдыңғы толқын ағалар Тоқболат Мұқановты кішіпейіл, ақкөңіл, балуан азамат ретінде жақсы таныса да, кейінгі толқын інілер ол кісіні біл білмеуі кәдік. Тоқболат ағамыз 1949 жылы 1-ші қаңтар күні Қозмолдақ ауылында дүниеге келген. Көп балалы отбасында тәрбиеленген Тоқаң жастайынан спортты өзіне серік етіп өсті. Оқушы кезінің өзінде түрлі аудандық, облыстық жарыстарда топ жарып, сол кездегі аузы дуалы мамандардың көзіне түсе білді. Түрлі перспективалы ұсыныстар түскенімен отбасы жағдайына байланысты ондай ұсыныстардан бас тартуға тура келгендігін кезінде өзі айтып отыратын еді. Орта мектепті бітірген соң 1966-1969 жылдары Сызған совхозында спорт нұсқаушысы болып қызмет атқара жүріп өз шеберлігін шыңдады. 1968 жылы жастар арасында Республика чемпионы атанып, спорт шебері нормативін орындады. 1969-1972 жылдары Отан алдындағы азаматтық борышын Респйдің Мурманск қаласында өтеді. Әскерде жүргенде де Тоқболат ағамыз еркін күрестен әскери бөлімнің чемпионы атанып, кейін әскери округтің чемпионатында топ жарды. Сөйтіп алпамсайда қазақ баласы талай ұлттық оғландарының жауарынын жер иіскетіп қазақтың абыройын аспандатты. 1975-1980 жылдары Шымкент педагогикалық институтының спорт факультетінде оқыды. Студенттік жылдарда да ағамыз облыстан оза шауып, республикалық жарыстапрда биіктерден көрініп жүргеніне алған марапаттаулары куә.
1980-1981 жылдары Калинин атындағы орта мектепте дене тәрбиесі және алғашқы әскери дайындық пәндерінен шәкірттерге дәріс береді. 1981 жылдан бастап Сызған совхозындағы Ғ.Мұратбаев орта мектебінде өмірінің соңына дейін жемісті қызмет атқарады. Ұстаздық еткен жылдары көптеген жас жеткіншектерді күреске баулып, аудан, облыс жеңімпаздарын дайындап шықты. Ауыл жастарының спортпен шұғылдануына, салауатты өмір салтын ұсынуына көп ықпалын тигізді. 1991 жылы ауыр науқастан мәңгілік сапарға аттанды. Артында қалған Ербол, Айбол, Күнбол атты ұлдары да әке жолын куып күреспен айналысты. Өмірде өз орындарын тапқан азаматтар.
Көзден кетсе де, көңілден кетпеген абзал азаматтың еңбегін бағалаған елі ол кісінің атында күрестен турнир ұйымдастыруды жөн көрген-ді. Тоқаңның інісі, әрі шәкірті, кәзіргі таңда Кеңесбаев мектебінде греко-рим күресінен жаттықтырушы болып жүрген, Қозмолдақ ауылының тумасы, спорт шебері Алдабергенов Болысбекке негізгі ұйымдастыру жұмыстары жүктелген турнир жоғары деңгейде өтті деуге толық негіз бар.
Турнирдің ашылу салтанатында аудандық спорт бөлімінің басшысы Б.Батыртегі, ауыл әкімі А.Иманбайұлы, аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Б.Құдайбергенов, ардагер ұстаз Б.Әлтаев, ауыл ақсақалдары, Тоқболат ағаның жары Дина Тоқболат аға жайлы естеліктерін айтып, балаларға баталарын берсе, құрдасы Мергенбай Салықбайұлы Тоқаңа арнаған одасын оқыды.
13 салмақ категориялары бойынша белдескен жас балуандар боз кілемде өз шеберліктерін паш етті. Қарсыласының ұтылғанда көздерінен жасығандықтың емес намыстың жасы шыққан, қарсыласынан үстем болғанда төбесі көкке бір елі жетпей қуанған жас балуандардың әр белдесулері тартысқа толы болып өтті.
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» дегендей Т.Мұқанов атындағы аудандық греко-рим күресінен өткен турнир қорытындысы былай өрбіді:
23 келі
1.Серік Бекзат – Шолаққорған орта мектебі
2.Әліпбаев Амангелді – Кеңесбаев орта мектебі
3.Қожақ Ерасыл – Кеңесбаев орте мектебі
3.Дәрменбай Диас – Кеңесбаев орта мектебі

25 келі
1.Шахмұратов Ердос – Кеңесбаев орта мектебі
2.Елубай Азамат – Мұратбаев орта мектебі
3.Шахмұратов Рауан – Кеңесбаев орта мектебі
3.Құлбеков Әділет – Байтұрсынов орта мектебі

27 келі
1.Сабитжанұлы Рамазан – Мұратбаев орта мектебі
2.Мырзаев Азамат – Кеңесбаев орта мектебі
3.Пионер Орынбасар – Мұратбаев орта мектебі
3.Бекеш Асхат – Кеңесбаев орта мектебі

29 келі
1.Елубайтегі Мұхамедәлі – Кеңесбаев орта мектебі
2.Тамабай Жасұлан – Кеңесбаев орта мектебі
3.Құлатай Береке – Мұратбаев орта мектебі
3.Оңалбек Наурызбай – Мұратбаев орта мектебі

32 келі
1.Серік Самат – Молдағұлова орта мектебі
2.Амангелді Ерсұлтан – Кеңесбаев орта мектебі
3.Тұрсын Рамазан – Шолаққорған орта мектебі

35 келі
1.Құлбек Нұртас – Байтұрсынов орта мектебі
2.Сиязбеков Мақсат – Шолаққорған орта мектебі
3.Қыдырбеков Нұрдос – Кеңесбаев орта мектебі
3.Андабаев Абзал – Кеңесбаев орта мектебі

38 келі
1.Абай Абзал – Мұратбаев орта мектебі
2.Сиязбеков Мақсат – Сүгірәлі орта мектебі
3.Сиязбеков Талғат – Сүгірәлі орта мектебі

42 келі
1.Міркенов Жасұлан – Кеңесбаев орта мектебі
2.Есенғалы Нұрғасыр – Мұратбаев орта мектебі
3.Есенгелді Ернар – Кеңесбаев орта мектебі
3.Дулатбекұлы Досжан – Рүстемов орта мектебі

47 келі
1.Қалиев Нұржан - Әлімқұлов орта мектебі
2.Қадырбеков Алмас – Кеңесбаев орта мектебі
3.Бекболатов Ерасыл – Кеңесбаев орта мектебі
3.Алпамыш Қуаныш - Әлімқұлов орта мектебі

50 келі
1.Маханов Нұрсұлтан – Мұратбаев орта мектебі
2.Қадырбек Нұрдәулет – Кеңесбаев орта мектебі
3.Ыбраш Данияр - Әлімқұлов орта мектебі
3.Қуатов Саяхат – Кеңесбаев орта мектебі

58 келі
1.Майхат Нұргелді – Мұратбаев орта мектебі
2.Нұрпейіс Еламан – Мұратбаев орта мектебі
3.Исатай Қажымұқан – Мұратбаев орта мектебі
3.Нұрпейіс Абзал – Мұратбаев орта мектебі

63 келі
1.Қамбаров Бақберген – Кеңесбаев орта мектебі
2.Өткелбай Ерғазы – Кеңесбаев орта мектебі
3.Кеңшілік Әділет – Рүстемов орта мектебі
3.Нұрманов Нұрбол – Кеңесбаев орта мектебі

+63 келі
1.Әліпбайтегі Бағдәулет – Кеңесбаев орта мектебі
2.Өскентаев Нұрхат – Мұратбаев орта мектебі
3.Сұлтанов Данияр – Кеңесбаев орта мектебі
3.Құлыншақтегі Саят – Кеңесбаев орта мектебі

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерге құрмет грамоталары мен медальдар тапсырылып, демеушілер атынан ақшалай сыйлықтар жасалды.
Аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің арнайы кубогін аталмыш мектеп директоры Б.Құдайбергенов ең ауыр салмақта белдескен балуандар арасындағы жеңімпаз Әліпбайтегі Бағдәулетке табыстады.
Кезінде әлемді мойындатқан Қажымұқан мен 1980 жылы қазақтардан олимп шыңын алғаш бағындырған Жақсылықтың ұрпақтары емеспіз бе. Кім біледі, бүгінгі жас балуадардың арасында де әлемді мойындататын балуандар бар шығар. Бәрі де әбден мүмкін.
Сержан Бегалыұлы,
Қозмолдақ ауылы

 
« Алдыңғы

Әкімнің блогы

Мемлекеттік рәміздер

     

 

 

 

 

Жаңалықтар күнтізбесі

 
« 23 Қаңтар 20 »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031   

Валюта бағамы

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Ауа райы

Пікіртерім

Біздің жаңа дизайнға баға беріңіз?
 

Жаңалықтар таспасы