Галерея

Жаңалықтар arrow Әдеп кодексі
Әдеп кодексі Баспаға басу

Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң әдептiлiк нормаларын және мiнез-құлыққағидаларын одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығы
«Егемен Қазақстан» 31.12.2015 ж., №250 (28728); «Казахстанская правда» от 31.12.2015 г., №250 (28126)

Мемлекеттiк қызметшiлердiң моральдық-адамгершiлiк бейнесiне және iскерлiк қасиеттерiне қойылатын талаптарды жоғарылату мақсатында қаулы етемiн:

1. Қоса берiлiп отырған:

  1. Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң әдеп кодексi (Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтiк әдеп қағидалары);
  2. Әдеп жөнiндегi уәкiл туралы ереже бекiтiлсiн.

2. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр жарлықтарының күшi жойылды деп танылсын.

3. Осы Жарлық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиiс.

Қазақстан Республикасының Президентi
Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2015 жылғы 29 желтоқсандағы
№153 Жарлығымен
бекiтiлген

Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiңәдеп кодексi
(Мемлекеттiк қызметшiлердiңқызметтiк әдеп қағидалары)

1. Жалпы ережелер

1. Мемлекеттiк қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенiм бiлдiру болып табылады және мемлекеттiк қызметшiлердiң моральдық-әдептiлiк бейнесiне жоғары талаптар қояды.

Қоғам мемлекеттiкқызметшi өзiнiң барлық күш-жiгерiн, бiлiмi мен тәжiрибесiн өзi жүзеге асыратын кәсiби қызметiне жұмсайды, өзiнiң Отаны — Қазақстан Республикасына қалтқысыз әрi адал қызмет етедi деп сенедi.

Мемлекеттiк қызметшiлер өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын жақтауға және оны дәйектi түрде жүзеге асыруға тиiс.

2. Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң осы әдеп кодексi (Мемлекеттiк қызметшiлердiңқызметтiк әдеп қағидалары) (бұдан әрi — Кодекс) Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметi туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңдарына, жалпы қабылданған моральдық-әдептiлiк нормаларына сәйкес мемлекеттiк қызметшiлердiң моральдық-әдептiлiк бейнесiне қойылатын жалпы қабылданған талаптарды, сондай-ақ олардың мiнез-құлқының негiзгi стандарттарын белгiлейдi.

Кодекс халықтың мемлекеттiк органдарға сенiмiн нығайтуға, мемлекеттiк қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетiн қалыптастыруға және мемлекеттiк қызметшiлердiңәдепсiз мiнез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған.

3. Мемлекеттiк органдардың басшылары, орталық атқарушы органдарда — орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары немесе белгiленген тәртiппен орталық атқарушы органдардың жауапты хатшыларыныңөкiлеттiктерi жүктелген лауазымды адамдар, ал орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары немесе аталған лауазымды адамдар болмаған жағдайда — орталық атқарушы органдардың басшылары осы Кодекс талаптарының орындалуын, осы Кодекстiң мәтiнiн мемлекеттiк органдардыңғимараттарында баршаға көрiнетiндей жерде орналастыруды қамтамасыз етедi.

4. Мемлекеттiк қызметшi мемлекеттiк қызметке тұрғаннан кейiн үш күн мерзiмде осы Кодекстiң мәтiнiмен жазбаша нысанда таныстырылуға тиiс.

2. Мiнез-құлықтың жалпы стандарттары

5. Мемлекеттiк қызметшiлер:

  1. Қазақстан халқының бiрлiгi мен елдегi ұлтаралық келiсiмдi нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттiк және басқа тiлдерге, Қазақстан халқының салт-дәстүрлерiне құрметпен қарауға;
  2. адал, әдiл, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептiлiк нормаларын сақтауға, азаматтармен және әрiптестерiмен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептiлiк танытуға;
  3. өздерi қабылдайтын шешiмдердiң заңдылығы мен әдiлдiгiн қамтамасыз етуге;
  4. жеке және заңды тұлғалардыңқұқықтары мен заңды мүдделерiн қозғайтын шешiмдердi қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз етуге;
  5. мемлекет мүддесiне нұқсан келтiретiн, мемлекеттiк органдардың жұмыс iстеу тиiмдiлiгiне кедергi жасайтын немесе тиiмдiлiгiн төмендететiн iс-әрекеттерге қарсы тұруға;
  6. қызметтiк мiндеттерiн тиiмдi атқару үшiн өзiнiң кәсiби деңгейi мен бiлiктiлiгiн арттыруға, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауға;
  7. өзiнiң iс-әрекетiмен және мiнез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға, сынағаны үшiн қудалауға жол бермеуге, орынды сынды кемшiлiктердi жою мен өзiнiңқызметiн жақсарту үшiн пайдалануға;
  8. жеке сипаттағы мәселелердi шешу кезiнде мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, мемлекеттiк қызметшiлер мен өзге де адамдардың қызметiне ықпал ету үшiн өзiнiң қызметтiк жағдайын пайдаланбауға;
  9. шындыққа сәйкес келмейтiн мәлiметтердi таратпауға;
  10. мемлекеттiк меншiктiң сақталуын қамтамасыз етуге, өзiне сенiп тапсырылған мемлекеттiк меншiктi, автокөлiк құралдарын қоса алғанда, ұтымды, тиiмдi және тек қызметтiк мақсатта ғана пайдалануға;
  11. қызметтiк тәртiптi бұлжытпай сақтауға, өзiнiңқызметтiк мiндеттерiн адал, бейтарап және сапалы атқаруға, жұмыс уақытын ұтымды және тиiмдi пайдалануға;
  12. мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша тұрақты түрде шаралар қабылдауға, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң тұтынушысы ретiнде толығымен халықтың сұранысына бағдар ұстануға;
  13. жасағаны үшiн заңнамада тәртiптiк, әкiмшiлiк немесе қылмыстық жауаптылық көзделген құқық бұзушылықтар мен терiс қылықтарды жасауға жол бермеуге;
  14. iскерлiк әдептi және ресми мiнез-құлыққағидаларын сақтауға тиiс.

Мемлекеттiк қызметшiлердiң сырт келбетi олардыңқызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде мемлекеттiк аппараттың беделiн нығайтуға ықпал етуге, iскерлiкпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленетiн жалпы қабылданған iскерлiк талаптарына сай болуға тиiс.

6. Мемлекеттiк қызметшiлер қызметтiк жағдайларын және онымен байланысты мүмкiндiктердi қоғамдық және дiни бiрлестiктердiң, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың мүдделерiне, оның iшiнде өзiнiң оларға көзқарасын насихаттау үшiн пайдаланбауға тиiс.

Мемлекеттiк қызметшiлер, оның iшiнде басшы лауазымдарды атқаратындар, ұжымда өз дiни көзқарасын ашық көрсете алмайды, бағынысты қызметшiлердi қоғамдық және дiни бiрлестiктердiң, басқа да коммерциялық емес ұйымдардыңқызметiне қатысуға мәжбүрлей алмайды.

3. Қызметтен тыс уақыттағы мiнез-құлық стандарттары

7. Мемлекеттiк қызметшiлер қызметтен тыс уақытта:

  1. жалпы қабылданған моральдық-әдептiлiк нормаларын ұстануға, қоғамға жат мiнез-құлық, оның iшiнде қоғамдық орындарда адамныңқадiр-қасиетiн және қоғамдағы адамгершiлiкке нұқсан келтiретiн масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуге;
  2. қарапайым болуға, тиiстi көрсетiлетiн қызметтердi алу кезiнде өзiнiң лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға;
  3. өз тарапынан қоғамдағы адамгершiлiкке, тәртiпке және қауiпсiздiкке қол сұғушылыққа әкелетiн заңнама талаптарын бұзуға және басқа азаматтарды құқыққа қарсы, қоғамға жат әрекеттердi жасауға тартуға жол бермеуге тиiс.

4. Қызметтiк қатынастардағы мiнез-құлық стандарттары

8. Мемлекеттiк қызметшiлер әрiптестерiмен қызметтiк қарым-қатынасы кезiнде:

  1. ұжымда iскерлiк және тiлектестiк өзара қарым-қатынасты әрi сындарлы ынтымақтастықты орнату мен нығайтуға ықпал етуге;
  2. басқа мемлекеттiк қызметшiлер тарапынан қызметтiк әдеп нормаларын бұзудың жолын кесуге немесе оларды болдырмау жөнiнде өзге шаралар қабылдауға;
  3. ұжымда әрiптестерiнiң ар-намысы мен абыройына кiр келтiретiн жеке және кәсiптiк қасиеттерiн талқылаудан аулақ болуға;
  4. әрiптестерiнiңөз лауазымдық мiндеттерiн орындауына кедергi келтiретiн әрекеттерге (әрекетсiздiкке) жол бермеуге мiндеттi.

9. Басшылар қарамағындағы қызметшiлермен қарым-қатынас кезiнде:

  1. өзiнiң мiнез-құлқымен бейтараптықтың, әдiлдiктiң, риясыздықтың, жеке тұлғаның ар-намысы мен абыройына құрметпен қараудыңүлгiсi болуға;
  2. меритократия қағидаттарын сақтауды қамтамасыз етуге, кадр мәселелерiн шешу кезiнде туыстық, жерлестiк және жеке басына берiлгендiк белгiлерi бойынша артықшылық көрсетпеуге;
  3. олардың қызметiнiң нәтижелерiн бағалау, сондай-ақ көтермелеу және жазалау шараларын қолдану кезiнде әдiлдiк пен объективтiлiк танытуға;
  4. еңбектi, денсаулықты қорғауға, тиiмдi қызмет ету үшiн қауiпсiз және қажеттi жағдайларды жасауға, сондай-ақ қызметшiлердiң ар-намысы мен қадiр-қасиетiн кемсiтушiлiктiң және қол сұғушылықтың кез келген нысандарын болдырмайтын қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыруға бағытталған шараларды қабылдауға;
  5. қызметтiк емес сипаттағы мәселелердi шешу кезiнде олардың қызметiне ықпал етуге өзiнiңқызметтiк дәрежесiн пайдаланбауға;
  6. құқыққа қарсы қылықтарды, сондай-ақ жалпы қабылданған моральдық-әдептiлiк нормаларына жат қылықтарды жасауға мәжбүрлемеуге;
  7. оларға қатысты негiзсiз айыптауларға, дөрекiлiк, қадiр-қасиетiн қорлау, әдепсiздiк және орынсыз мiнез-құлық фактiлерiне жол бермеуге тиiс.

10. Төмен тұрған лауазымдарды атқаратын мемлекеттiк қызметшiлер:

  1. басшылардың тапсырмаларын орындау кезiнде тек объективтi және шынайы мәлiметтердi ұсынуға;
  2. өздерiне мәлiм болған қызметтiк әдеп нормаларының бұзу жағдайлары және мемлекеттiк қызметке кiр келтiретiн тәртiптiк терiс қылықтар туралы басшылыққа және әдеп жөнiндегi уәкiлге дереу хабарлауға;
  3. басшыныңзаңды тапсырмаларын орындауға кедергi келтiретiн әрекеттердi (әрекетсiздiктi) болдырмауға;
  4. басшылыққа қатысты жеке берiлгендiкке, олардыңқызметтiк мүмкiндiктерi есебiнен пайда және артықшылықтар алуға ұмтылуға жол бермеуге тиiс.

5. Көпшiлiк алдында, оның iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлеумен байланысты мiнез-құлық стандарттары

11. Мемлекеттiк орган қызметiнiң мәселелерi бойынша көпшiлiк алдында сөйлеудi оның басшысы немесе мемлекеттiк органның бұған уәкiлеттiк берiлген лауазымды адамдары жүзеге асырады.

Мемлекеттiк қызметшiлер мемлекеттiк қызметтiң беделiне нұқсан келтiрмей, пiкiрсайысты сыпайы нысанда жүргiзуге тиiс.

12. Мемлекеттiк қызметшiлер мемлекеттiк саясат және қызметi мәселелерi жөнiндегi өз пiкiрiн, егер ол:

  1. мемлекет саясатының негiзгi бағыттарына сәйкес келмесе;
  2. жариялауға рұқсат етiлмеген қызметтiк ақпаратты ашатын болса;
  3. мемлекеттiң лауазымды адамдарының, мемлекеттiк басқару органдарының, басқа да мемлекеттiк қызметшiлердiң атына әдепке жат сөздер айтудан тұрса, көпшiлiк алдында бiлдiруiне болмайды.

13. Мемлекеттiк саясатты жүргiзумен, мемлекеттiк органның және мемлекеттiк қызметшiлердiңқызметiмен байланысты емес мәселелер бойынша мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк органның атынан жарияланымдарына жол берiлмейдi. Педагогикалық, ғылыми және өзге де шығармашылыққызмет бойынша материалдар жариялауды мемлекеттiк қызметшi жеке тұлға ретiнде тек өз атынан жүзеге асыра алады.

14. Мемлекеттiк қызметшiге сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiн жасаған деп көпшiлiк алдында негiзсiз айып тағылған жағдайда, ол осындай айыптау анықталған күннен бастап бiр ай мерзiмде оны терiске шығару жөнiнде шаралар қолдануға тиiс.

Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2015 жылғы 29 желтоқсандағы
№153 Жарлығымен
бекiтiлген

Әдеп жөнiндегi уәкiл туралы ереже

1. Жалпы ережелер

1. Әдеп жөнiндегi уәкiл — қызметтiк әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттiк қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiңәдеп кодексiн (бұдан әрi — Әдеп кодексi) бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету қызметiн жүзеге асыратын, сондай-ақөз функциялары шегiнде мемлекеттiк қызметшiлер мен азаматтарға консультация беретiн мемлекеттiк қызметшi.

2. Әдеп жөнiндегi уәкiл өз қызметiнде «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметi туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңдарын, Әдеп кодексiн, осы Ереженi, сондай-ақҚазақстан Республикасыныңөзге де заңнамалық актiлерiн басшылыққа алады.

Әдеп жөнiндегi уәкiл орталық атқарушы органдарда, Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдарда (құқыққорғау және арнаулы мемлекеттiк органдарды қоспағанда), облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкiмдерiнiң аппараттарында енгiзiледi.

3. Әдеп жөнiндегi уәкiлдiң функцияларын жүктеудi орталық атқарушы органдарда — орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары немесе белгiленген тәртiппен орталық атқарушы органдардың жауапты хатшыларыныңөкiлеттiктерi жүктелген лауазымды адамдар, ал орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары немесе аталған лауазымды адамдар болмаған жағдайда — мемлекеттiк органдардың басшылары, жергiлiктi атқарушы органдарда — облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкiмдерi аппараттарының басшылары жүзеге асырады.

Әдеп жөнiндегi уәкiлдiң функциялары ұжымда қадiрлi және құрметке ие болған мемлекеттiк қызметшiге жүктеледi.

2. Әдеп жөнiндегi уәкiлдiң негiзгi функциялары

4. Әдеп жөнiндегi уәкiл өз құзыретi шегiнде мынадай функцияларды жүзеге асырады:

  1. мемлекеттiк қызметшiлерге Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл саласындағы заңнамасының және Әдеп кодексiнiң талаптарын сақтау мәселелерi бойынша консультациялық көмек көрсетедi;
  2. мемлекеттiк қызметшiлердiң заңдарда белгiленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауына ықпал етедi;
  3. өзi жұмыс iстейтiн мемлекеттiк орган басшылығының тапсырмасы бойынша мемлекеттiк қызметшiлердiңқызметтiк әдеп нормаларын бұзу фактiлерi бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарайды;
  4. ұжымда жалпы қабылданған моральдық-әдептiлiк нормаларына сәйкес келетiн өзара қатынастар мәдениетiн қалыптастыруға жәрдемдеседi;
  5. мемлекеттiк қызметшiлердiң құқықтары мен заңды мүдделерi бұзылған жағдайларда, оларды қорғауға және қалпына келтiруге бағытталған шараларды қабылдайды;
  6. мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтiк әдеп нормаларын сақтауын мониторингтеудi және бақылауды жүзеге асырады;
  7. мемлекеттiк органдардың құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының қызметтiк әдеп нормаларын бұзу деректерi бойынша тиiстi шараларды қабылдамау жағдайлары туралы мемлекеттiк органның басшылығына хабарлайды;
  8. мемлекеттiк қызметшiлер Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексiн бұзған жағдайларда, құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететiн себептер мен шарттарды талдайды және мемлекеттiк органның басшылығына оларды жою туралы ұсынымдар енгiзедi;
  9. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексiн бұзу профилактикасы және оған жол бермеу, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтiң оң бейнесiн қалыптастыру мақсатында азаматтыққоғам институттарымен және мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимыл жасайды;
  10. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексiн сақтау мәселелерi бойынша мемлекеттiк қызметшiлермен түсiндiру жұмыстарын тұрақты негiзде жүргiзедi;
  11. заңнамада белгiленген тәртiппен тиiстi лауазымды адамдарға қызметтiк әдеп нормаларын бұзуға жол берген мемлекеттiк қызметшiлердiң жауапкершiлiгiн қарау туралы ұсыныммен жүгiнедi;
  12. қызметтiк әдеп нормаларын бұзудың профилактикасы мақсатында өзге де қызметтi ұйымдастырады.

5. Әдеп жөнiндегi уәкiл өзiне жүктелген мiндеттердi орындау үшiн:

  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексiн бұзуға ықпал ететiн себептер мен жағдайларды талдауға қажеттi мәлiметтер мен құжаттарды сұратады және алады;
  2. өзi жұмыс iстейтiн мемлекеттiк органның атынан Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл саласындағы заңнамасының, сондай-ақ Әдеп кодексiнiң нормаларын түсiндiру үшiн мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органға (бұдан әрi — уәкiлеттi орган) заңнамада белгiленген тәртiппен жүгiнедi;
  3. мемлекеттiк органның басшысына мемлекеттiк органныңоң имиджiн және ұжымда жағымды ахуал қалыптастыруға елеулi үлес қосқан адамдарды көтермелеу туралы ұсыным енгiзедi;
  4. қажет болған жағдайда өзiнiң құзыретiне қатысты мәселелердi қарау кезiнде кадр қызметiнен мемлекеттiк қызмет өткеру мәселелерiне қатысты мемлекеттiк қызметшiлердiң жеке iстерiн, өзге де материалдар мен құжаттарды сұратуға және алуға құқылы.

6. Негiзсiз бас тартылғанда, мемлекеттiк органның басшысы тиiстi шаралар қолданбағанда не ол әдеп жөнiндегi уәкiлге жүктелген функцияларды орындауға кедергi келтiретiн әрекеттердi (әрекетсiздiктердi) жасағанда, әдеп жөнiндегi уәкiл бұл туралы уәкiлеттi органға не оның аумақтық бөлiмшесiне хабарлайды.

Уәкiлеттi орган не оның аумақтық бөлiмшесi мұндай хабарлама келiп түскен кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет саласындағы заңнамасында белгiленген тиiстi шараларды қолданады.

3. Әдеп жөнiндегi уәкiлдiң қызметiн ұйымдастыру

7. Мемлекеттiк орган басшыларының бейтараптығы негiздi күмән тудыратын, лауазымдықөкiлеттiктерiн тиiсiнше орындамауға әкеп соғатын мән-жайлар (мүдделер қақтығысы) болған кезде әдеп жөнiндегi уәкiл өз қызметiн дербес негiзде жүзеге асырады.

8. Әдеп жөнiндегi уәкiл өз қызметiнiңнәтижесi бойынша уәкiлеттi органға есеп бередi. Есеп беру нысанын және мерзiмдерiн уәкiлеттi орган бекiтедi.

9. Әдеп жөнiндегi уәкiл өзiнiң функцияларына жататын мәселелер бойынша мемлекеттiк қызметшiлердi және басқа да азаматтарды олардың өтiнiшi бойынша немесе баршаға көрiнетiндей жерде орналастырылған кестеге сәйкес айына кемiнде бiр рет қабылдауды жүзеге асырады.

Қажет болған жағдайда, азаматпен немесе мемлекеттiк қызметшiмен әңгiмелесу телефон арқылы не тиiстi ақпарат берудi қамтамасыз ететiн басқа да коммуникациялар құралдарын пайдаланумен жүргiзiлуi мүмкiн.

Әдеп жөнiндегi уәкiл туралы мәлiметтер, оның iшiнде тегi, аты-жөнi, фотосуретi, кабинет және телефон нөмiрлерi заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органның интернет-ресурсында және мемлекеттiк органныңғимаратында баршаға көрiнетiндей жерде орналастырылады.

10. Қызметтiк әдеп нормаларының сақталуын, сондай-ақұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйiн мониторингтеу мақсатында әдеп жөнiндегi уәкiл кемiнде жарты жылда бiр рет уәкiлеттi орган бекiткен нысан бойынша анонимдi сауалнама жүргiзiледi.

Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2015 жылғы 29 желтоқсандағы
№153 Жарлығына
қосымша

 

Әкімнің блогы

Мемлекеттік рәміздер

     

 

 

 

Жаңалықтар күнтізбесі

 
« 14 Желтоқсан 17 »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
             

Валюта бағамы

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Ауа райы

Пікіртерім

Біздің жаңа дизайнға баға беріңіз?
 

Жаңалықтар таспасы