# ## Созак ауданы әкімдігінің ресми сайты - Түркістан облысында үздік әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесінің онлайн байқауы бастау алды Созак ауданы әкімдігінің ресми сайты

 

 

Галерея

Жаңалықтар arrow Жаңалықтар arrow Түркістан облысында үздік әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесінің онлайн байқауы бастау алды
Баспаға басу

ImageТүркістан облысында үздік әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесінің ОНЛАЙН БАЙҚАУЫ басталды.

Биылғы жылы облыстың үкіметтік емес ұйымдары арасында жыл сайын тұрақты түрде өткізілетін үздік әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі онлайн режимінде өтетін болды.

Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі «Түркістан облысы аудандық ҮЕҰ-ның дамуына қолдау көрсету» жобасы шеңберінде жүзеге асуда.

Аталған жоба Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының тапсырысымен «Береке» қоғамдық бірлестігі мен «Түркістан облысы Азаматтық Альянс» заңды тұлғалар қауымдастығының ұйымдастыруымен өткелі отыр.

Онлайн байқаудың басты мақсаты - үкіметтік емес ұйымдардың азаматтық бастамаларына қолдау көрсету, сондай-ақ облысымыздың әлеуметтік-экономикалық даму міндеттерін орындауда тұрғындардың қатысуын арттыру арқылы азаматтық қоғам институттарының дамуына ықпал ету.

Облыстағы барлық үкіметтік емес ұйымдарды байқау ережесімен таныстырып өтейін.

Байқау міндеттері:

• ашықтық, есептілік және өзара жауапкершілік қағидаттарына негізделген әлеуметтік серіктестік негізінде қоғамның әлеуметтік маңызды мәселелерін шешуде мемлекеттік органдардың, коммерциялық емес ұйымдар мен бизнестің өзара іс-қимылын нығайту;
• әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру барысында үкіметтік емес ұйымдардың ұйымдық әлеуетін арттыру.

1. Байқауға қатысу үшін қойылатын талаптар
1. Байқауға үкіметтік емес ұйымдар дерекқорына ақпарат берген Түркістан облысының ҮЕҰ-ры қатыса алады.

2. Жоба мақсатты топтардың белсенді қатысуымен қауымдастықтарды дамытуға және азаматтық қоғам ұйымдары, жергілікті билік органдары, бизнес және БАҚ арасындағы серіктестікті нығайтуға бағытталуы керек.

3. Ұсынылған жоба ұйымның жарғылық мақсаттарына сәйкес келуі керек.

4. Байқауға ұсынылған жобаларға серіктестердің көрсететін қолдауы серіктестік туралы меморандум, қолдау хат, немесе басқа да тиісті құжаттармен расталуы тиіс.

5. Өтінімді тапсыру кезінде төменде келтірілген барлық қажетті қосымшалар ұсынылуы керек.

2. Өтінім берушілердің тапсыруы тиіс құжаттар (ақпараттық баннерде көрсетілген байланыс арқылы электронды үлгісін алсаңыз болады) тізімі:
1. Қарастырылған формат бойынша толтырылған өтінім.
2. Қарастырылған Excel формат бойынша толтырылған бюджет.
3. Серіктестік туралы меморандумдар, қолдау хаттар немесе серіктестердің жобаны қолдайтындығын растайтын басқа да тиісті құжаттар.
4. Заңды тұлғаны тіркеу туралы куәліктің көшірмесі.
5. Жарғы.


3. Өтінімді тапсыру рәсімі

Өтінімдер қосымша сұранылған барлық құжаттармен бірге көрсетілген мерзімнен кешіктірілмей тапсырылуы тиіс Өтінімдер қазақ немесе орыс тілдерінде қабылданады (екеуінің бірінде). Өтінім және бюджет ұсынылған форматта толтырылуы тиіс. Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған. Оны көру үшін сіздің браузеріңізде Java-script-ті қолдау қосылуы қажет. электрондық поштасына 2020 жылғы 25 ҚЫРКҮЙЕК КҮНІ 18:00-ден (жергілікті уақытпен) кешіктірілмей тапсырылған өтінімдер ғана қаралатын болады.
Көрсетілген мерзімнен және уақыттан кейін тапсырылған кез-келген өтінімдер қаралмайды.

Сұрақтар туындаған жағдайда, сондай-ақ қосымша ақпарат алу үшін хабарласуларыңызға болады:

Гульсим Андабаева, жоба координаторы
Моб. тел.: +7 705 780 15 43, +7 701 131 40 30 (WhatsApp) электрондық пошта: Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған. Оны көру үшін сіздің браузеріңізде Java-script-ті қолдау қосылуы қажет.

Өтінім Байқау комиссиясымен төменде көрсетілген критерийлер бойынша бағаланады:

Ескерту: Келесі қызмет түрлері байқау шеңберінде қаржыландырылмайды:

 семинар, конференция, жиналыстарға қатысу үшін қаржы бөлуге бағытталған қызметтерге;Ø

 зерттеулер немесе оқу курстарын өткізу үшін стипендия беруге бағытталған қызметтер;Ø

 мелекеттік білім секторындағы қызметтер (мамандандырылған курстардан басқа);Ø

 жер учаскесін, ғимараттар, жабдықтар және көлік құралдарын алуға, сондай-ақ, кеңсе құрылысын салуға бағытталған қызметтер;Ø

 саяси партиялар қызметі;Ø

 діни қауым қызмет;Ø

 алдын басқа донорлармен қаржыландырылған жобалар.Ø

 
« Алдыңғы   Кейінгі »

Әкімнің блогы

Мемлекеттік рәміздер

     

 

 

 

 

Жаңалықтар күнтізбесі

 
« 22 Қыркүйек 20 »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930       

Валюта бағамы

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Ауа райы

Пікіртерім

Біздің жаңа дизайнға баға беріңіз?
 

Жаңалықтар таспасы