Галерея

Жаңалықтар arrow Жаңалықтар arrow Сіздің деректеріңіздің қандай жүйеде сақталатыны туралы ойландыңыз ба?
Баспаға басу
ImageБіздің елімізде халық саны 18 млн адам. Күн сайын әрқайсымыз бойынша миллиардтаған мәліметтер түрлі деректер базасын толықтырады.

Мысалы, біздің жеке куәліктеріміз бен паспортымыз бойынша барлық мәліметтердің мемлекеттік деректер базасындағы «Жеке тұлғалар» бөлімінде сақталатынын және оны Әділет министрлігі жүргізетінін сіз білдіңіз бе? Егер сіз кәсіпкер болсаңыз, мәліметтеріңіз «Заңды тұлғалар» мемлекеттік қорына енгізілгені анық.

Сіздің қай емханаға тіркелгеніңіз туралы ақпаратты денсаулық сақтау министрлігінің «Тіркелген халық Реестрі» жүйесінен білуге болады. Ал егер сіз денсаулық жағдайына байланысты тегін дәрі-дәрмек алатын болсаңыз, деректеріңіз «Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету» жүйесінде болады.

Жол жүру ережесін бұздыңыз ба? Бұл заң бұзушылық туралы дерегіңіз Бас прокуратураның Бірыңғай әкімшілік өндіріс реестрі банкінде тіркеліп тұрғанына сенімді болыңыз. Егер сізді бір кездері жүргізуші куәлігінен айырса, ол факт ҚР ІІМ «Бақылау» автоматтандырылған ақпараттық-іздеу жүйесіне енгізілгенін біліп жүріңіз.

Сонымен қатар, пәтер немесе үй сатып алсаңыз, ол шын мәнінде сіздің меншігіңіз екендігі әділет органдарының «Жылжымайтын мүлік Реестрі» мемлекеттік деректер базасында жазылып тұрады. Көлік сатып алсаңыз сізді Әділет министрлігі автокөлік иесі ретінде жылжымалы мүлік Реестріне енгізеді.

Қазір 344 дерекқор eGov-пен ықпалдастырылған және осының арқасында мемлекеттік қызметтерді алу кезінде өзіңіз туралы мәліметтердің толық тізімін енгізіп, анықтамаларды бекітудің қажеті жоқ. Барлық керек мәлімет мемлекеттік органдар жүйесінен автоматты түрде тартылады.

Міне, сондықтан да біз мемлекеттік қызметтерді бір-екі батырманы басу арқылы жылдам аламыз!

 
« Алдыңғы   Кейінгі »

Әкімнің блогы

Мемлекеттік рәміздер

     

 

 

 

 

Жаңалықтар күнтізбесі

 
« 02 Шілде 20 »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031   

Валюта бағамы

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Ауа райы

Пікіртерім

Біздің жаңа дизайнға баға беріңіз?
 

Жаңалықтар таспасы