Галерея

Жаңалықтар arrow Қоғамдық кеңес arrow Созақ аудандық қоғамдық кеңесінің кезекті жиынының хаттамасы №4
Баспаға басу

Созақ аудандық қоғамдық кеңесінің кезекті жиынының

хаттамасы

Шолаққорған ауылы                                             №4                             24 шілде 2019 жыл

Жиынды аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Қ.Еспенбетов ашып, жүргізіп отырды.

Аудандық қоғамдық кеңес мүшелері 21 адам.

Қатысқандар:                                                 Қатыспаған кеңес мүшелері

-        Кеңес мүшелері-15 адам;                                     1. Байғараев Б.

-        Бөлім, мекеме басшылары-13;                             2. Айдарбеков Б.

-        БАҚ өкілдері-2                                                      3. Еденбаева С.

4. Абдраманов Р.

5. Игіліков Ш.

6. Садырханов Ж.

 

Аудандық қоғамдық кеңестің жұмысын бастауға толық кворум бар. Қоғамдық кеңес жұмысын ашу туралы қандай ұсыныс бар. Ашылсын. Қарсы қалыс жоқ.

 

Аудандық Қоғамдық кеңестің күн тәртібіне төмендегі мәселелер ұсынылды.

1.    «Созақ ауданы әкімінің 2019 жылдың 6 айында атқарған жұмыстары мен алда тұрған міндеттері туралы»

Хабарламашы- Созақ ауданы әкімі С.Полатов;

2.    Созақ аудандық мәслихатының 2018 жылғы 21 желтоқсандағы №206 «2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы.

Хабарламашы – Аудан әкімінің орынбасары А.Сатыбалды;

3.    Біріңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы.

Хабарламашы – Аудан әкімінің орынбасары А.Сатыбалды;

4.    Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы.

Хабарламашы – Аудан әкімінің орынбасары А.Сатыбалды;

Күн тәртібіне қосымша ұсыныстар бола ма? Жоқ. Онда күн тәртібі бекітілді.

Енді Қоғамдық кеңестің жұмысын ретін бекітуіміз қажет.

1.    Бірінші хабарламаға – 15-20 минут.

2.    Қалған қабарламаға – 10 минут.

3.    Сұрақтарға – 3 минут

4.    Жарыс сөз, пікір – ұсынысқа – 5 минут.

5.    Қоғамдық кеңес отырысын 1-1,5 сағатта аяқтау.

Басқа ұсыныс бола ма? Жоқ. Онда жұмыс реті бекітілді.

 

 

Тыңдалды:

1.    -«Созақ ауданы әкімінің 2019 жылдың 6 айында атқарған жұмыстары мен алда тұрған міндеттері туралы» Созақ ауданының әкімі С.Полатовтың хабарламасы тыңдалды. (С.Полатовтың баяндамасы жалғасады)

1) Г.Әлімбекова: Ауданда құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Бірақ құрылысқа ауданнан жұмыссыздар бармайды. Алайда, сол жұмыссыздар 21 мың теңге көмек алуға құштар. Осы жағдайда құрылыс жасап жатқан мердігер мекемелермен келісім шарт түзіп, айлығын, зейнетақы төлемдерін реттеп берсек жастар жұмысқа барады деп ойлаймын.

Жауабы: Қазіргі таңда Республика бойынша заңсыз 21 мың теңгені 2000 мың отбасы алды деген ақпар бар. Созақ ауданы бойынша комиссия мүшелері жұмыс атқарып жатыр. Бұл жұмысты нақтылайтын боламыз.

Су мәселесі бойынша Айжан дәріханасының артында Е.Кенжеғараевтың үй жағы бар. Жалпы сол жақтағы үйлерге таза ауыз су құбыры тартылмаған екен. Таза су бойынша айтып жатсыз, соны шешіп берсеңіздер.

Жауабы: Бұл мәселе бойынша Шолаққорған елді мекенінде барлық көше су құбырымен қамтылған. Бірақ бұл 2-3 үйдің иелерімен келісаумаушылық туындаған. Алайда бұл жерге жу құбырлары тартылады.

Үшінші мәселе ауданнан балалардың лагерін салу мәселесі. Қазір Түлкібас ауданындағы лагерлерге оқушылар жіберіп отырсыздар. Алайда, балаларды тасымалдау деген ауыр. Мүмкін болса бір демалыс орнын өзіміздің тау баурайынан салынса деген ұсынысымыз бар.  

Жауабы: Мен өзім Балдысудың тауларын аралап көргем. Биылғы жылы жұмыстар басталады. Осыған ақшасы қаралып дайындалып қойған.

 

2) М.Асқаров: Балалар лагерін салу бойынша мен бұрынғы Марданның орны мен Көкбұлақтың жерін ұсынамын. Қазір сіздер жоспарлап отырған Балдысудың үсті жазықты, тастақ, және су апару қиын жер. Сондықтанда да осы бастан қателеспейік.

            Жауабы:  Көкбұлаққа да Марданға да барып өзім тексеріп қайттым ол жерде «Біресек» су қоймасы бар шыбын шіркей деген көп, жолы алыс инфроқұрылым жоқ. Егер ол жерге салатын болсақ ақшасыда көбейіп кетеді, ал бізге ондай ақша қаралмаған.

 

Енді бір сұрағым, Жамбыл көшесі ойдым ойдым болып қазір машина жүре алмай қалды. Бірақ Бекзаттан (Әлмағанбет) естідім бірқатар көшелерге жөндеу жұмыстары жүргізгелі жатыр екен. Бірақ қазір бастау керек қой құрылысты, жауын-шашынның, қардың басталған кезінде жөнделген жолда қандай сапа болады.

            Жауабы:  Жақын арада ол көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Қаржысы бөлініп отыр.

 

Келесі айтарым, Құмкент ауылына жиі барам. Ол жақтың тұрғындары ауыз су ащы деп шағым жасауда. Басқа жақтан тасымалдап ішіп отырмыз дейді. Осыны бір қарап қойсаңыздар.

Үшінші мәселем С.Қожановтың 125 жылдығы бойынша. Кезінде қазақтың мүддесін көтергенде сол заманның біраз адамы оны ұлтшыл деді, ұлттық мәдениет болмайынша ұлт қалыптаспайды деген-Қожанов. Сондықтан оның халқымыз үшін жасаған еңбегін ескеріп С.Қожановтың атын Қаратау ауылына беру жөнінде ұсынысым бар. Қажет болса халықпен кездесу өткізейік. Қараату деген атау көп қой.

            Жауабы: Қаратау ауылына С.Қожановтың атын беру жөндегі мәселені қарап көрейік егер бәрі дұрыс болатын болса С.Қожановтың атын беру туралы жұмыстарды ұйымдастырайық.

 

3) С.Әбдірашұлы: Бабата кесенесіне су тарту мәселесін шешіп бердіңіз, ол үшін халықтың атынан ризашылық білдіремін. Алдағы уақытта көркейту көгалдандыру жұмысатрын жүргізетін боламыз.

Менде жеке мәселе болып тұр. Жер дауы. Бүгінгі таңға дейін иелік етіп келген жерімді, кадастр екінші бір адамға беріп жіберіпті. Осыны қайта қарауға көмектессеңіз.

            Жауабы: Осы мәселе бойынша коммисия бар. Бұл мәселені комиссия төрағасы А.Сатыбалдыға тапсырамын. Қарайды, шешу жолын іздестіреді. Егер екі жақты келісім болмаса сот арқылы қараймыз.

 

4) М.Асқаров: Шолаққорған мектебіне Н.Төреқұловтың атын бердіңіз. Енді мектептің алдын көрнекті қылу жағын шешіп берсеңіз.

            Жауабы: Бұл мәселені келісіп шешіп қойдық. Қаражат бөлінеді.

 

5) П.Сақтапбергенұлы: - Қоғамдық кеңеске көше тазалығы жөнінде сұрақ түсті. Шолаққорған, Қыземшек, Таукент бойынша. Қазір бұрынғыдай тазалық жұмысына мұғалімді, оқушыны тарту жоқ. Қарап отсаңыз бүгінде барлық аялдамалар, адам жиналатын жерлерде қоқыс шашылып жатады. Енді сұрағым, тазалаушы мекемемен келісім шартта неге территория алынбайды. Шартта жол деп белгелінген. Бірақ жолдың шетінде қоқыс қала беруі керекпе.   

            Жауабы: Келісім шарт бойынша мердігер көрсетілген көшенің барлығын тазалайды. Бірақ әр үйдің алдын тазалау келісім шартта көрсетілмеген. Әр адам белгіленген жерге қоқыстарын тастаса оны алып кетеді.

 

6) Қ.Өмірұлы:- Менде қысқа сұрақтар. Бірінші, жаңа инвестиция туралы айттыңыз. Бүгінгі таңға дейін қанша инвестиция тартылды? Екінші аудандық газеттің қаржысы қалай шешілуде, сосын жаңағы тазалық мәселесіне қаржы бөлінеме?

            Жауабы: Қазіргі таңда 12,4 млд теңгенің инвестициясы тартылды. Газет ешқашан жабылмайды, алдағы уақытта қарастырамыз. Қаржы бөлінеді енді құжаттары бітті.

 

7) Б.Арынбеков:- Шолаққорған қазіргі таңда үлкейіп кетті көшелерге автобус жүргізілсе, осы мәселесін шешіп берсеңіздер. Екінші мәселе орталық саябақ бос тұр. Бұл мәселені бірнеше рет айтып жатырмыз. Саябақтың бергі жағы жақсы. Енді арғы жағын кәсіпкерлерге беріп шешу жолың қарастырсаңыздар.

            Жауабы: Созақ ауданына әкім болғаннан бастап осы мәселені көтеріп келе жатырмын. Бірақ автовус қоятын жеке кәсіпкер болмай жатыр, алда болады деген сенімдемін. Саябақ бойынша биыл қаржы бөлінді. Орталық саябақ пен жастар саябағын күзге таман жоспарға қойямыз. Қаладағы саябақ сияқты болады.

 

8) М.Жақсыбаев:-Созақтағы таза су бағдарламасына сәйкес қосымша көшелерге су құбырларын тарту қажет.

            Жауабы: Су асты зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр алдағы уақытта құжаттары дайын болса жасаймыз.

 

9) С.Бегманұлы:- Сызған ауылында орталық бір көше бар. Сол көшеге асфальт жүргізіп берсеңіз.

            Жауабы: Сызған ауылы бойынша құжаттары дайын болып тұр, жақын арада жасаймыз.

10) С.Жанұзақов: Шу бойындағы үш ауылға мал тоғытын салу мәселесін шешіп берсеңіздер.

            Жауабы: Ол жоспарда бар. Жобасы дайын іске асырамыз

 

11) Б.Тұрғанбаев:-Күн электр станциясын салынуына қуанып жатырмыз. Осыған байланысты жарық тарифін төмендетуге ықпал етсеңіздер.

            Жауабы: Бұл мәселе бізге қатысты емес. Күн электр стансиясының қуаты орталықтандырған жарық жүйесіне қосылады.

Күн  тәртібіндегі бірінші мәселе  бойынша Қоғамдық Кеңес қарар  етеді:

1.    Созақ ауданы әкімі С.Полатовтың 2019 жылдың 6-айында атқарған жұмыстары мен алда тұрған міндеттері туралы есебі назарға алынсын.

2.    Қоғамдық кеңес барысында айтылған ұсыныс пікірлер еске алынсын.

3.    Қоғамдық Кеңес төралқасы айтылған сұрақ, ұсыныс пікірлерді хаттамаға түсіріп, аудан әкіміне ұсынсын.

Қарарға қосып аларларыңыз барма? Жоқ. Онда қарар қабылданды.

 

2.    Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша аудан әкімінің орынбасары А.Сатыбалды хабарлама жасады.

-Қ.Еспенбетов:-Бюджетке енгізілетін өзгерістер туралы материялдар және шешімдер жобалары сіздерге таратылып берілген. Ұсыныс пікірлеріңіз бар ма? Егер жоқ болса, мақұлдау қаулысын аудандық мәслихатқа беруге дауыс берсек.

Күн  тәртібіндегі IІ  мәселе  бойынша Қоғамдық Кеңес қарар  етеді:

1)     «Созақ аудандық мәслихатының 2018 жылғы 21 желтоқсандағы №206 «2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Созақ ауданы мәслихатының шешімінің жобасы мақұлдансын.

Қарсы, қалыс жоқ. Қарар бірауыздан қабылданды.

 

3.    Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша аудан әкімінің орынбасары А.Сатыбалды хабарлама жасады.

 

Қабарлама бойынша ұсыныс-пікір бола ма? Жоқ. Онда қарар жобасын қабылдаймыз.

 

Күн  тәртібіндегі  IІI мәселе  бойынша Қоғамдық Кеңес қарар  етеді:

 

1.    «Біріңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы» Созақ ауданы мәслихатының шешімімінің жобасы мақұлдансын.

Қарар жобасына ұсыныс-пікір бола ма? Жоқ. Онда қарар қабылданды.

4. Күн тәртібіндегі төртінші мәселе бойынша аудан әкімінің орынбасары А.Сатыбалды хабарлама жасады.

Қабарлама бойынша ұсыныс-пікір бола ма? Жоқ.

Күн  тәртібіндегі IV мәселе  бойынша Қоғамдық Кеңес қарар  етеді:

 

1.    «Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы» Созақ ауданы мәслихатының шешімінің жобасы мақұлдансын.

Қарсы қалыс жоқ. Қарар толығымен қабылданды.

Қоғамдық кеңестің күн тәртібіндегі мәселелер түгел қаралып бітті. Аудандық қоғамдық кеңес мәжілісін өткізу барысы жөнінде ұсыныс-пікір бола ма? Жоқ.

Қоғамдық Кеңес жұмысына қатысқан қоғамдық кеңес мүшелеріне, шақырумен келген азаматтарға рахмет айтамын. Осымен қоғамдық кеңес мәжілісі жабық.

 

Созақ аудандық Қоғамдық

кеңес төрағасы                                                        Қ.Еспенбетов

           

 

                    Хатшы                                                                          Е.Сағындық

 
« Алдыңғы   Кейінгі »

Әкімнің блогы

Мемлекеттік рәміздер

     

 

 

 

 

Жаңалықтар күнтізбесі

 
« 08 Шілде 20 »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031   

Валюта бағамы

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Ауа райы

Пікіртерім

Біздің жаңа дизайнға баға беріңіз?
 

Жаңалықтар таспасы