Галерея

Жаңалықтар arrow Аудан әкімдігі қаулылары arrow Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы Баспаға басу

                                    ЖОБА                                                

 

Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы



Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабының 7) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының                   2-тармағына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының                           6) тармақшасына сәйкес Созақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.      Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына осы қаулының қосымшасына сәйкес квота белгіленсін.

2. Созақ  ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 26 сәуіріндегі №109 «Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5009 тіркелген,  2019 жылғы 23 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3. «Созақ ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Созақ ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Айдарбековке жүктелсін.

5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

           

 

  Аудан әкімі                                                                            С.Полатов

 

 

 

 

                                                                                                                                                   

                                                                                                                   Созақ ауданы әкімдігінің

                                                                                                                   2020 жылғы  ______

                                                                                                                             

                                                                                                                   қаулысына қосымша

 

 

Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасының мөлшері

 

 



Кәсіпорын, ұйымның, мекеменің атауы

Тізімдік саны

Квота мөлшері (%)

1

Созақ аудан әкімдігінің білім бөлімінің «Н.Төреқұлов атындағы ІТ-мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

226

3

2

Созақ аудан әкімдігінің білім бөлімінің  «Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

141

3

3

Созақ аудан әкімдігінің білім бөлімінің  «А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

137

3

4

Созақ аудан әкімдігінің білім бөлімінің  «Қ.Сатбаев атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

136

3

5

Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Созақ аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

981

4

 

 

«Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгiлеу туралы»

Созақ ауданы әкімдігі қаулысының жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

 

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің                18 - бабының 7) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының             6) тармақшасына, «Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгiлеу туралы» Созақ ауданы әкімдігі қаулысы әзірленуде.

Созақ  ауданы бойынша 01.01.2019 жылы жалпы халық саны  61 512 адамды құрайды; оның ішінде экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны – 30 193 адам, жұмыссыздар-1489 адам, жалдамалы жұмысшылар-20852 адам,өздігімен жұмыспен қамтылғандар-7852 адам.

2019 жылдың 10 айында  ашылған жаңа жұмыс орындар 863 оның ішінде: 644 тұрақты және 219 уақытша жаңа жұмыс орындары           

Оның ішінде экономика  салалары бойынша:

-           Білім саласы бойынша-12 жұмыс орын;

-          Құрылыс саласы бойынша -80 жұмыс орны;

-          қосымша жұмыс орны 98 жұмыс орны;

 

            2019 жылдың басынан 3082 жұмыссыз адам жұмыс іздеп хабарласты,  оның ішінде 2608 жұмыссыздың тұрақты және уақытша жұмысқа орналасуына ықпал жасалынды.

            Жыл басынан жұмыс іздеп 109 мүгедек хабарласты, оның ішінде  26-ы ақылы қоғамдық жұмыстарға жіберілді, әлеуметтік жұмыс орындарына 5-і, жастар практикасына 3-і, тұрақты және маусымдық жұмысқа 43-і,  кредит-6, грант-6, қысқа мерзімді оқуға 16-ы, 6-ы шағын несие берілді.

            Бүгінгі күнге ресми жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызды құрайды.

Аудандағы еңбек рыногының негізгі индикаторлардың көрсеткіштеріне сәйкес жұмыс күшіне сұраныстар азболғандықтан мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгіленуін ұсынамыз.

 


Созақ ауданы әкімдігінің жұмыспен

қамту және әлеуметтік бағдарламалар

бөлімінің басшысы                                                               А.Бакиров


 

«Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгiлеу туралы» Созақ ауданы әкімдігі қаулысының жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

 

р/с

Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган

Созақ ауданының әкімдігі

2.

Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 - бабының 7) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 6) тармақшасына сай

3.

Жобаны қабылдаған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/ немесе құқықтық салдар

Жобаны қабылдауда негативті әлеуметтік-экономикалық және /немесе құқықтық салдарға алып келмейді.

4.

Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар

Жобаны қабылдау барысында мемлекеттік бюджеттен шығын талап етілмейді

5.

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі мен болжанатын тиімділігі

Жобаны қабылдау жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген аудандағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында орын белгілейді

6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша бұрын қабылданған аудан әкімдігінің қаулылары

Созақ ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 26 сәуірдегі «Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» №109 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5009 нөмірімен тіркелген)

7.

Заңнанамы кейін жобаға сәйкес келтіру қажеттігі

Талап етпейді

8.

Қосымша сараптаманың қорытындысы (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа)

Талап етпейді

9.

Нормативтік құқықтық актінің қолданыстағы енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығындарының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисаптың нәтижелері

Нормативтік-құқықтық актіні қабылдау жеке кәсіпкерлік субъектілердің шығындарын азаюна және көбейюіне әсер етпейді.

10.

Өзге де мәліметтер

Жоқ

11.

Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобалары уәкілетті мемлекеттік органның интернет-ресурстарында жарияланған туралы мәлімет

Қаулының жобасы Созақ ауданы әкімдігінің www.sozak.gov.kz.интернет ресурсында жарияланған.


Созақ ауданы әкімдігінің жұмыспен

қамту және әлеуметтік бағдарламалар

бөлімінің басшысы                                                   А.Бакиров

 

 

 

       

 
« Алдыңғы   Кейінгі »

Әкімнің блогы

Мемлекеттік рәміздер

     

 

 

 

 

Жаңалықтар күнтізбесі

 
« 08 Шілде 20 »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031   

Валюта бағамы

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Ауа райы

Пікіртерім

Біздің жаңа дизайнға баға беріңіз?
 

Жаңалықтар таспасы