Галерея

Жаңалықтар arrow Жаңалықтар arrow Түркістан: Сұлтанбек Қожановтың 125 жылдығы аталып өтілді
Түркістан: Сұлтанбек Қожановтың 125 жылдығы аталып өтілді Баспаға басу

           Image Түркістан облысында мемлекет және қоғам қайраткері Сұлтанбек Қожановтың 125 жылдығына арналған «Ұлтын сүйген ұлы тұлға» салтанатты іс-шарасы басталды.

             Мемлекет және қоғам қайраткерлері Сұлтанбек Қожанов пен Тұрар Рысқұловтың еңбектерін ел арасында насихаттау мақсатында, «Nur Otan» партиясының бастамасымен ««Ақсүмбе мен Ақсу-Жабағылы арасы» атты автосапар ұйымдастырылды. Автосапар ертең Түлкібас ауданында жалғасады. Созақ ауданынан бастау алған мерекеге Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, аудан әкімі Салыхан Полатов, жазушы, халықаралық "Алаш" сыйлығының иегері Мархабат Байғұт, қоғам қайраткері, Созақ ауданының Құрметі азаматы Қуаныш Айтаханов, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы Төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев пен өзге де зиялы қауым өкілдері, аудан тұрғындары қатысты.

            Мәдени көпшілік шараның мақсаты – мемлекет және қоғам қайраткері, ұстаз, ғалым, публицист С. Қожановтың өнегелі өмірін насихаттау болатын. Тарихымызда күні бүгінге дейін лайықты бағасын ала алмай келе жатқан тұлғалар аз емес. Солардың бірі - Сұлтанбек Қожанов. Оның тұлғасын тану мен танытуға қатысты бірқатар арнаулы зерттеу еңбектер жарыққа шықты. Дегенмен өскелең ұрпаққа Алаш қозғалысы қайраткерінің ерен еңбегін кеңінен таныту қажет.

            «Ұлтын ұлықтаған қайраткер» салтанатты іс-шарасы аясында        мемлекет қайраткерінің 125 жылдығына орай, Созақ ауданы, Ақсүмбе елді мекенінде С. Қожанов атындағы 100 орындық мектептің алғашқы қышы қаланып, құран оқылып, ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.

             Аудандық Сұлтанбек Қожанов атындағы мұражайындағы шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, қоғам қайраткері Қуаныш Айтаханов қатысып, ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Қонақтар мұражайдағы тарихи жәдігерлермен танысты. Мәдениет үйіндегі «Ұлтын сүйген ұлы тұлға» атты аймақтық ғылыми тәжірбиелік конференцияны Созақ ауданының Құрметті азаматы, ғалым Нариман Нұрпейісов жүргізіп отырды. Ғылыми-тәжірибелік конференцияны Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов ашып, құттықтау сөз сөйледі. Созақ ауданының Құрметті азаматы Қуаныш Айтаханов, ғалым, сұлтанбектанушы Бейбіт Қойшыбай, ғалымдар Әлібек Сейдехан, Тұрсын Хазіретәлі, Медеубек Тәңірберген, Мамыт Амангелді, Қайрат Анарбаев баяндама жасап, ұлт тұлғасаның  өмірі, тарих тұлғасына тоқталды. Конференцияда Сұлтанбек Қожановтың еңбектері насихатталып, тарихи тұлғасы ашылды. Ақын Рахым Балаби ұлт қайраткеріне арнау өлең оқыды.

            Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын   насихаттай отырып, Сұлтанбек Қожановтың  125 жылдығын орай ақындардың    шығармашылығына қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған  облыстық «Тұғыры биік тұлға» атты  жыр мүшәйрасы ұйымдастырылды.

            Сұлтанбек Қожановтың қоғамдық-саяси қызметі ұлтқа қызмет етудің жарқын үлігісі болды. Ол ұлтжандылығы мемлекетшілікпен ұласқан, мемлекетшілігі ұлтының рухына қызмет етуге жұмылдырылған қайраткер халықтың жадынан да, ғылыми танымнан да мәртебелі орын алуға әбден лайық.                                                                        

            Айта кетейік, Сұлтанбек Қожановтың 125 жылдығына орай, ертең Ақсүмбе ауылында жалғасып, онда ас беріліп, ұлттық ойындардан жарыстар өтеді.

            Созақ аудан әкімінің баспасөз қызметі.

 
« Алдыңғы   Кейінгі »

Әкімнің блогы

Мемлекеттік рәміздер

     

 

 

 

 

Жаңалықтар күнтізбесі

 
« 21 Қараша 19 »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Валюта бағамы

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Ауа райы

Пікіртерім

Біздің жаңа дизайнға баға беріңіз?
 

Жаңалықтар таспасы