Галерея

Жаңалықтар arrow Бос орын arrow «Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде бос тұрған мектеп директоры лауазымына КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ
Баспаға басу

Конкурс өткізу мерзімі: Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі осы хабарландыруды жариялағаннан кейін «Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде бос тұрған мектеп директоры лауазымына                         7 /жеті/ жұмыс күні өткен соң белгілейді.

Конкурс өткізілетін орын: Созақ ауданы, Шолаққорған ауылы, Жібек жолы көшесі №24. Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі мемлекеттік мекемесі.

Мекемелердің мекен-жайлары:

«Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – Созақ ауданы, Сызған ауыл округі, Қозмолдақ елді-мекені,                   Т.Момбеков көшесі №21 ғимаратында орналасқан. /Байланыс телефоны 3-94-18, эл почтасы   Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған. Оны көру үшін сіздің браузеріңізде Java-script-ті қолдау қосылуы қажет.  

Лауазымдық жалақы мөлшері: Еңбек сіңірген жылдарына және мекеменің ауылдық жерде орналасқанына байланысты «Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде бос тұрған мектеп директоры лауазымына 103085 теңгеден 124985 теңгеге дейін.

Мектеп директорларының міндеттері: Білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына және басқа да  нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесе отырып іске асыруды ұйымдастырады. Бағдарламалар мен жұмыс жоспарларын бекітеді. Бекітілген учаскедегі балаларды жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз ету заңына сәйкес жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз етеді. Оқу-тәрбие процесін ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын ұйымдастырады және жетілдіреді. Оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың дамуын қамтамасыз етеді. Педагогикалық ұйымдар, әдістемелік бірлестіктер, балалар ұйымдары қызметіне ықпал етеді. Білім беру құқығы лицензиясына сәйкес оқушылар, тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырады, оқушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың арасынан шыққан тәрбиеленушілердің заңды құқығы мен мүдделерін /жеке, мүліктік, баспаналық, еңбек және басқа да/ қорғайды, олардың туысқандық байланысын қолдай отырып, оларға жағдай жасайды. Тәрбиеленушілер мен білім алушыларды асырап бағу үшін белгіленген мөлшерден кем емес жағдаймен қамтамасыз етеді. Оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың /тәрбиеленушілердің/ және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауға қажетті жағдай жасайды. Оқушыларды қорғау және олардың денсаулығын нығайту мақсатында тамақтану және медициналық қызмет көрсету жұмысын ұйымдастырады және оған  бақылау жүргізеді. Белгіленген заңнама шегінде білім беру ұйымының мүлкі мен құралдарына басшылық етеді, жыл сайын құрылтайшылардың қаржылық және материалдық қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы есебін береді.

Мектеп директорлары білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Неке және отбасы туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан  айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк  әлеуметтiк жәрдемақылар туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы»,  «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы», «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңдарын және  басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді;  педагогика мен психология негіздерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын; педагогиканы, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін; менеджмент негіздерін, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды; еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын; санитарлық ережелер мен нормаларды.

Мектеп директорларының біліктілігіне қойылатын талаптар:

      Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім;

1.    Педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде бір жыл, шағын жинақты мектепте педагогикалық жұмыс өтілі кемінде үш жыл, басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі талап етілмейді;

2.    Бірінші немесе жоғары біліктілік санатының және (немесе) "педагог-модератор", "педагог-сарапшы", "педагог-зерттеуші", "педагог-шебер" санатының болуы (мемлекеттік қызметшілерді, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, әдістемелік қызметтердің қызметкерлерін қоспағанда);

3.    "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

4.   Соттылығының жоқ екені туралы анықтама.

 

       Конкурсқа қатысу үшін төмендегі құжаттар тапсырылады:

 

  1. Білім беруді басқару органы басшысының атына тұрғылықты тіркеу орны, нақты тұратын жері, байланыс телефондары көрсетілген конкурсқа қатысуға өтініш;
  2. Жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  3. Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
  4. Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
  5. Кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;
  6.  Ескертпелер мен көтермелеулерді көрсете отырып, бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;
  7. Біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);
  8. "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
  9. Соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;
  10.  Тестілеуден өткендігі туралы анықтама (болған жағдайда);
  11. Мемлекеттік білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары.

 

Аталған құжаттардың бірінің болмауы кандидатты Конкурсқа қатыстырмауға негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысуға кандидат комиссия қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми зеттеулер, өзінің педагогикалық тәжірибесін қорытындылау, наградалары туралы қандайда болмасын деректі расталған ақпаратты ұсынуға құқылы.

Құжаттар мына мекен-жайға тапсырылуы тиіс: Созақ ауданы, Шолаққорған ауылы, Жібек Жолы көшесі №24 үй. Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі, Халыққа қызмет көрсету орталықтары. Анықтама сымтетігі: 4-15-66.

Құжаттарды қабылдау хабарландыру «Созақ үні» аудандық қоғамдық-саяси және ақпараттық газетіне ресми жарияланған күннен бастап «Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде бос тұрған мектеп директоры лауазымына  7 /жеті/ жұмыс күні өткен соң тоқтатылады.

 

Ескерту: Тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

 

Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі

 

 

 
« Алдыңғы   Кейінгі »

Әкімнің блогы

Мемлекеттік рәміздер

     

 

 

 

 

Жаңалықтар күнтізбесі

 
« 19 Қараша 19 »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Валюта бағамы

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Ауа райы

Пікіртерім

Біздің жаңа дизайнға баға беріңіз?
 

Жаңалықтар таспасы