Галерея

Жаңалықтар arrow Жаңалықтар arrow Акбар Елубайұлы - халықаралық «Толағай сұлтан» сайысында көпшілікті таңқалдырды
Баспаға басу

ImageШығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданында «Толағай сұлтан-2019»  халықаралық спорттық-шығармашылық сайыс өтті. Жылда облыс көлемінде өтетін сайыс, биылғы жылы Халықаралық деңгейде ұйымдастырылды. Жүлде қоры да қомақты. Еліміздің әр облысымен қатар, Моңғолия мемлекетінен де жалпы 23 сен тұр, мен атайын жігіттің сұлтандары қатысты.  Екі күнге созылған жарыста жамбы ату, теңге ілу, аударыспак, қазақ күресі, қол күрес, таныстыру, өнер, сұрақ-жауап сынды 8 түрлі бәсекеден сайыстар өтті. Алғашқы күні спорттық сайыста білек күші сыналса, екінші күні спортшылардың білімі мен ой өрісі сыналар сұрақ-жауаппен жекелеген өнерлерін ортаға салды.

            Өнері мен білімі, бұла күші мен  ептілігі елден асқан сайдың тасындай 23 жігіт шығыс жұртын спорттық сайыстың қызығына батырып, Көкпекті ауданының аспанын әнмен жырға бөледі. 

            Осынау сайыста күллі Түркістан облысы намысын, теріскейдің тумасы, ел намысы сынға түскен талай додада, намысты ешкімге бермеген Әкбар Елубайыұлы қорғады. Нағыз жігіттің қасиеті сыналар сайыста, қарсыластарынан бір саты биік өнер көрсеткен Әкбар Елубайұлы қазақ күресінен бірінші орын алды. 120 келілік тайыншаны 20 рет көтеріп, дүйім жүртты таң қалдырды. Сұрақ- жауап сайысында да білімі мен білігін көрсетті. Әкбар Елубайұлы еркін күрестің ғана шебері емес, жігіттің сұлтаны екенін дәлелдеп, «Толағай сұлтан-2019»  халықаралық спорттық-шығармашылық сайысында 1 орын алып, 1 000 000 млн теңге иеленді.

            Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

 
« Алдыңғы   Кейінгі »

Әкімнің блогы

Мемлекеттік рәміздер

     

 

 

 

 

Жаңалықтар күнтізбесі

 
« 16 Қыркүйек 19 »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30           

Валюта бағамы

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Ауа райы

Пікіртерім

Біздің жаңа дизайнға баға беріңіз?
 

Жаңалықтар таспасы