Галерея

Жаңалықтар arrow Жаңалықтар arrow БЖТ төлеушілері болып табылатын қазақстандықтар үшін жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу арқылы жүйеге қатысу өтіліне байланысты базалық зейнетақы төлемін алу басты артықшылықтардың бірі болып табылады
Баспаға басу

БЖЗҚ-да өзінің зейнетақы жинақтарын толықтырудан басқа БЖТ төлеушілері үшін енді зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты базалық зейнетақы төлемін алу мүмкіндігі пайда болды.

Осылайша төлемнің осы түрі енгізілген күннен бастап өткен бірінші жартыжылдықта 121 977 жеке тұлға БЖТ арқылы БЖЗҚ-ға жалпы сомасы 112 млн теңге көлемінде міндетті зейнетақы жарналарын төледі.

Бірыңғай жиынтық төлемнің тағы бір артықшылығы мемлекет кепілдік берген әлеуметтік көмек түріндегі  минималды жәрдемақыға айтарлықтай қаржылық өсімнің қосылуы, сонымен қатар азаматтардың табысын растау арқылы несиені төлеу қабілеттілігінің жоғарылауы болып табылады. Яғни, БЖТ-ні төлеуші енді тұрақты төлемдер арқылы төлем қабілеттілігін растап, банктен ресми түрде несие ала алады.

БЖТ екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жалпы сомамен төленуге жатады (мысалы, «Қазпошта» АҚ арқылы). Төлемді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының банктік шотына аудару керек. Бұдан әрі Мемлекеттік корпорация төлемді жеке табыс салығы (ЖТС) және әлеуметтік төлемдер түріндегі төлемдерге бөледі, содан кейін ЖТС аймақ бюджетіне, ал әлеуметтік төлемдерді БЖЗҚ, ӘСМҚ және ММСА аударады.

БЖТ төлеушілер салық есептілігін ұсынбайды. Қызметтің басталуын тіркеу (хабарлау) және қызметті тоқтата тұру (тоқтату) туралы өтініш талап етілмейді. Жеке тұлға төлем жүргізген күннен бастап бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші болып есептеледі. Егер жеке тұлға төлемді тоқтатса, онда ол БЖТ-ның төлемшісі болып есептелмейді.

 
« Алдыңғы   Кейінгі »

Әкімнің блогы

Мемлекеттік рәміздер

     

 

 

 

 

Жаңалықтар күнтізбесі

 
« 22 Қазан 19 »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031     

Валюта бағамы

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Ауа райы

Пікіртерім

Біздің жаңа дизайнға баға беріңіз?
 

Жаңалықтар таспасы