Галерея

Жаңалықтар arrow Жаңалықтар arrow Бірыңғай жиынтық төлем- Жартыжылдық қорытындысы
Бірыңғай жиынтық төлем- Жартыжылдық қорытындысы Баспаға басу

2019 жылдың басынан бастап Қазақстан заңнамасында жаңа жаңалық - Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) енгізілді. Оны енгізудің басты себебі – бейресми жұмыспен қамтылған тұлғалардың қызметін тіркеуді жеңілдету.

Бүгінгі күні бұл төлем 4 міндетті төлемді бір реттік төлеммен алмастырады. Олар:

 -  жеке табыс салығы;

 -  БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарнасы;

 -  мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына міндетті әлеуметтік аударым (МӘСҚ);

 -  әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорына әлеуметтік жарна (ӘМСҚ).

 БЖТ төлеушілер - кәсіпкерлік қызметті жеке кәсіпкер ретінде тіркеусіз жүзеге асыратын, бір уақытта келесі шарттарға жауап беретін тұлғалар: бірыңғай жиынтық төлемді төлеген; жалданған қызметкердің еңбегін пайдаланбайтын, салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғаларға қызмет көрсететін және акцизделетін тауарларды қоспағанда, өздері өндіретін жеке қосалқы шаруашылықтардың ауылшаруашылық өнімдерін сатумен айналысатын тұлғалар болып табылады.

Сауда және ойын-сауық орталықтарының (СОО) аумағында қызмет атқаратын (белгілі жұмыстарды орындайтын) жеке тұлғалар; жеке практикамен айналысатын адамдар, тұрғын емес үй-жайларды жалға берушілер, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен азаматтар, сондай-ақ, оралмандарды қоспағанда, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар БЖТ төлеушілер ретінде есептелмейді.

Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес БЖТ төлеушілері болып табылатын жеке тұлғалар үшін БЖЗҚ-ға өз пайдасына төлеуге жататын, міндетті зейнетақы жарналары 2019 жылы төмендегідей:

-          республикалық және облыстық маңызға ие қалаларда, астанада – 2525 теңге

-          өзге елді-мекендерде – 1262 теңге.

Төлем жасаушыларға бұл соманы өз бетімен 4 төлемге бөлудің қажеті жоқ, ол бюджетке түскеннен кейін  тағайындалуы бойынша автоматты түрде бөлінеді.

Бірыңғай жиынтық төлем сомасы «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ-мен келесі шамаларға бөлінеді:

    10% - жеке табыс салығы (ЖТС);

    20% – әлеуметтік аударымдар (ӘА);

    30% – міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ);

    40% – міндетті медициналық сақтандыруға аударымдар (ММСА).

Бірыңғай жиынтық төлемнің мөлшері алынған табыстың мөлшеріне тәуелді емес және қосымша есептеулерді (кірістер, шығыстар, шегерімдер, пайда) талап етпейді.

Табыс алынған әр ай үшін бірыңғай жиынтық төлемді төлеу қажет.

Бірыңғай жиынтық төлем режиміне түсетін азаматтардың барлық төлемдерді жеңілдетілген шарттарда төлеуге және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне қатысуға мүмкіндіктері бар. Сондай-ақ, БЖТ артықшылықтарына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысу және сомасы мен түрлері бойынша шектеусіз медициналық қызметтерге қол жеткізу, ММСА енгізілгеннен кейін медициналық мекемені таңдау құқығына ие болу жатады. Жүйеге қатысушының сондай-ақ, еңбек ету қабілетінен, жұмысынан, асыраушысынан айырылған, жүктілік пен босану, бала асырап алған, бала күтімі жағдайында да әлеуметтік төлемдерді алуға құқығы бар.

 
« Алдыңғы   Кейінгі »

Әкімнің блогы

Мемлекеттік рәміздер

     

 

 

 

 

Жаңалықтар күнтізбесі

 
« 13 Қараша 19 »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Валюта бағамы

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Ауа райы

Пікіртерім

Біздің жаңа дизайнға баға беріңіз?
 

Жаңалықтар таспасы