Галерея

Жаңалықтар arrow Жаңалықтар arrow Кезінде кейбір санаттағы азаматтарға төленген төлемдерден ұсталған жеке табыс салығының таяудан бері оларға қайтарылып жатқандығын естідім. Сол ұсталған жеке табыс салығын қайтару үшін қандай құжаттар ұсыну қажет?
Баспаға басу

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 2 сәуірдегі № 241-VІ Заңының нормалары  2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап орын алатын қатынастарға таратылады.

Осыған байланысты табысты түзету немесе салық шегерімін қолдануға және 2018 жылдың 1 қаңтарынан бері ұсталынып келген жеке табыс салығының өтелуіне құқығы бар зейнетақы төлемдерін алушыларға ұсталынып келген жеке табыс салықтары қайтарылады.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бері ұсталынып келген жеке табыс салығын қайтару үшін зейнетақы төлемдерін алушылар БЖЗҚ-ның кез келген кеңсесіне өздері келіп, немесе сенім білдірілген тұлға не болмаса пошта байланысы арқылы мынадай құжаттарды ұсынулары қажет: 

– табысты түзету немесе салық шегерімін (оның ішінде жерлеуге байланысты біржолғы төлемдер) қолдану туралы БЖЗҚ ішкі құжатымен бекітілген нысан бойынша өтініш;

– табысты түзету немесе салық шегерімін қолдануды растайтын құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқасы.

Құжаттар үшінші тұлға арқылы ұсынылған жағдайда, үшінші тұлға жоғарыда көрсетілген құжаттарға қоса мына құжаттарды ұсынады:

1)       нотариат куәландырған сенімхаттың түпнұсқасы немесе оның нотариат куәландырған көшірмесі;

2)       үшінші тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы;

3)       алушының жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі.

Бұл ретте алушының табысты түзету немесе салық шегерімін қолдану құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері нотариус арқылы куәландырылуы тиіс.   

Құжаттарды пошта байланысы арқылы берген жағдайда табысты түзету немесе салық шегерімін қолдану құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері мен алушының өтінімдегі қолы да нотариус арқылы куәландырылады.  

Ұсталынған жеке табыс салығының өтелуіне қатысты құқық зейнетақы төлемдері, оның ішінде жерлеуге байланысты біржолғы төлемдер жүзеге асырылған күннен бастап 5 жыл бойы сақталады.

Егер зейнетақы төлемдерін алушы табысты түзету немесе салық шегерімін қолдану құқығына ие емес немесе тиісті құқығының бар екендігін растайтын құжаттар жоқ, не болмаса ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес келмесе, ұсталған жеке табыс салығы қайтарылмауы мүмкін.

 
« Алдыңғы   Кейінгі »

Әкімнің блогы

Мемлекеттік рәміздер

     

 

 

 

 

Жаңалықтар күнтізбесі

 
« 18 Қазан 19 »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031     

Валюта бағамы

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Ауа райы

Пікіртерім

Біздің жаңа дизайнға баға беріңіз?
 

Жаңалықтар таспасы