# ## Созак ауданы әкімдігінің ресми сайты - Қазақстан Республикасында қызмет атқаратын халықаралық ұйымдарда, шет мемлекеттердің Қазақстанда аккредиттелген дипломатиялық және консулдық мекемелерінде жұмыс істейтін қазақстандық азаматтар міндетті зейнетақы жарналарын қалай төлейді? Созак ауданы әкімдігінің ресми сайты

 

 

Галерея

Жаңалықтар arrow Жаңалықтар arrow Қазақстан Республикасында қызмет атқаратын халықаралық ұйымдарда, шет мемлекеттердің Қазақстанда аккредиттелген дипломатиялық және консулдық мекемелерінде жұмыс істейтін қазақстандық азаматтар міндетті зейнетақы жарналарын қалай төлейді?
Баспаға басу

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 369-бабы 2 тармағына сәйкес Қазақстандағы халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінде, шет мемлекеттердің елімізде аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктерінде және консулдық мекемелерінде жұмыс істейтін Қазақстан азаматтары, сондай-ақ Қазақстаннан тыс жерлерде жұмыс істейтін отандастарымыз міндетті зейнетақы жарналарын төлеу бойынша  құқықтық қатынастарға қатысуға құқылы. Бірақ міндетті емес. Дегенмен Қордағы жеке шотыңызға зейнетақы жарналарын тұрақты аударып отыру жинақтарыңыздың көлеміне, сәйкесінше болашақ зейнетақыңыздың қомақты болуына оң әсерін тигізеді.

Айта кетелік, Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелерінде жұмыс істейтін дипломатиялық қызмет өкілдерінен міндетті зейнетақы жарналары Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі орталық аппаратының қызметкерлеріне теңестірілген лауазымдар бойынша жалақының толық мөлшерінен ұсталады. Бұған негіз болатын құжат: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы №1116 Қаулысымен бекітілген «Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерінің» 5 тармағы.

 
« Алдыңғы   Кейінгі »

Әкімнің блогы

Мемлекеттік рәміздер

     

 

 

 

 

Жаңалықтар күнтізбесі

 
« 09 Тамыз 20 »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31           

Валюта бағамы

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Ауа райы

Пікіртерім

Біздің жаңа дизайнға баға беріңіз?
 

Жаңалықтар таспасы