Галерея

Жаңалықтар arrow Жаңалықтар arrow «БЖЗҚ» АҚ барлық филиалында «Ашық есік күні» шарасы өтті
«БЖЗҚ» АҚ барлық филиалында «Ашық есік күні» шарасы өтті Баспаға басу

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тұрғындар арасында зейнетақы жүйесіне қатысты барлық сұрақтар бойынша ақпарат беру-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді.     

Бұл жолғы шараның жаңашылдығы мен артықшылығы сол, бұл күні Қор мамандарымен қатар тұрғындарға әлеуметтік қызметтер көрсететін мемлекеттік органдардың, қоғамдық және мемлекеттік емес бірлестіктердің өкілдері келушілерге әр түрлі сұрақтар бойынша жауаптар мен ақыл-кеңестер берді. Олар:

- «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы»;

- «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ;

- ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департаменті;   

- «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ;

- «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» дирекциясының департаменті;

- «Қазпошта» АҚ;

- «Нұр-Отан» партиясының өкілдері.

Ашық есік күнін өткізудегі мақсат – салымшыларға зейнетақы және әлеуметтік сала бойынша жан-жақты ақпарат беру және тұрғындар арасында ең сұранысқа ие қызметтерді бір жерде көрсету.

Шара барысында азаматтарды бірінші кезекте зейнетақының неден құралатындығы қызықтырды. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ өкілдері базалық және ортақ зейнетақы, ал Қор мамандары өз кезегінде зейнетақы төлемдерінің жинақтаушы бөлігі туралы әңгімеледі. Сонымен қатар шара барысында әлеуметтік сақтандыру туралы да сұрақтар қойылды. «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ қызметкерлері жұмыс берушілер үшін мұның міндетті екендігін еске салды.

Бала күтімімен декреттік демалыста жүрген әйелдер үшін бюджеттен міндетті зейнетақы жарналары бойынша қосымша көмекқаржы бөлінетіндігінен әйелдердің көпшілігі бейхабар болып шықты. Еске сала кетелік, жұмыс істейтін әйелдердің Қордағы жеке зейнетақы шотына баласы бір жасқа толғанша мемлекеттік бюджет пен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан міндетті зейнетақы жарналары аударылып отырады. Мұны «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы жүзеге асырады.

Аталмыш шара «БЖЗҚ» АҚ барлық филиалында жоғары деңгейде өтті. Келушілер көп болды және олар зейнетақы жүйесінің жұмысына үлкен  қызығушылық танытты. 

«Ашық есік күні» шарасының соңында қатысушылардың барлығы бағалау сауалнамасы арқылы өздерінің пікірлері мен ескертпелерін жазып қалдыруға мүмкіндік алды.     

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған. Оны көру үшін сіздің браузеріңізде Java-script-ті қолдау қосылуы қажет.
 
« Алдыңғы   Кейінгі »

Әкімнің блогы

Мемлекеттік рәміздер

     

 

 

 

 

Жаңалықтар күнтізбесі

 
« 18 Шілде 19 »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031       

Валюта бағамы

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Ауа райы

Пікіртерім

Біздің жаңа дизайнға баға беріңіз?
 

Жаңалықтар таспасы