Галерея

Жаңалықтар arrow Жаңалықтар arrow Созақтықтар арыстық 13 отбасыны үймен қамтамасыз етті
Созақтықтар арыстық 13 отбасыны үймен қамтамасыз етті Баспаға басу

ImageАрыстан келгендердің арасында балалар мен жүкті әйелдер де бар.

Түркістан облысының Арыс қаласындағы қайғылы оқиғаны естімеген қазақстандық жоқ болар. Осы қиын шақта тек көңіл емес, қол көмек беру баршамыздың азаматтық борышымыз! Кезінде қуғын-сүргін жылдары жат ұлтты жанына тартып жақын-туыс еткен ата-баба ұрпағы емеспіз бе? Баспанасыз босып, азық-түліксіз арып-аршып ашыққан қандастарымызды бауырымызға басып, қанатымыздың астына алатын бауырмалдылығымыз жоғалмасын. Осы орайда Созақ ауданына Арыс қаласынан 13 отбасы, құрамында 50-ден астам мүшелері бар үйсіз-күйсіз қалған бауырларымызға созақтықтар кең құшағын ашты. Арыстан келгендердің арасында балалар мен жүкті әйелдер де бар. Оларға дәрігерлік көмектер көрсетілді. Бірнеше әйелдің жұбайлары Арыс қаласындағы әскери бөлімдерде қызмет атқаратын жауынгерлер екен. Сонымен қатар, ауданның азаматтары Өтепов Әріпхан, Өтемісов Мұрат, Қалманов Қажымұқан, Әуелбеков Ислам, Исабеков Пернебек, Секенов Әсет, Айтбаев Ерлан сияқты ауыл азаматтары үйлерін босатып беріп, жағдайларын жасаса, Жандос Нарқозы, БАҚ-Нұры» сияқты қоғамдық бірлестік аясындағы кәсіпкер әйелдер мен кең қолтық жеке азаматтар киім-кешек пен азық түліктен, қаржылай қолдаулар жасап көптеп көмектерін беруде. Әлі де қол ұшын беретін болады. «Біз сенімен біргеміз, Арыс!» дейді бауырмал созақтық ағайындар.

ImageImage

 
« Алдыңғы   Кейінгі »

Әкімнің блогы

Мемлекеттік рәміздер

     

 

 

 

 

Жаңалықтар күнтізбесі

 
« 18 Қараша 19 »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Валюта бағамы

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Ауа райы

Пікіртерім

Біздің жаңа дизайнға баға беріңіз?
 

Жаңалықтар таспасы