Галерея

Жаңалықтар arrow Мемлекеттік сатып алу arrow Аудандық жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша орындар бұдан бұрын орналастырылған орындарға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін конкурсты өткізу жөніндегі комиссия отырысының алдын ала
Баспаға басу

Шолаққорған ауылы                                                                                      24.05.2019  жыл                           

Өткен орны: Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі 

 

 

Жиынды комиссияның төрағасы, Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің басшысы Айдаров Нұралы  Тұрдыұлы  жүргізіп отырды.

 

           Жиынға қатысқандар:

 

Комиссия хатшысы  А.Смайлова – Аудан әкімдігінің әдістемелік кабинет әдіскері

            Комиссия төрағасы  -  Н.Айдаров  -  Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің басшысы

     Комиссия мүшелері:

-          М.Қарғабай – Созақ аудандық ата-аналар комитетінің төрағасы.

-          Қ.Еспенбетов – Созақ аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы.

-          Әбдиев Мамырхан Көшкінбайұлы – Аудан әкімдігінің білім бөлімінің бас маманы.

Жиынға қатыспағандар:

-          Ғ.Жүсіп – Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы Созақ аудандық филиалының директоры, комиссия мүшесі,  белгілі себептерге байланысты комиссия отырысына қатыса алмады.

 

 

 

Күн тәртібінде:

1. Созақ ауданы, Абай елді мекенінен 10 (он)  орынға, Созақ ауылынан 25 (жиырма бес) орынға, Көктөбе елді мекенінен 50 (елу) орынға, Шаға елді мекенінен 25 (жиырма бес) орынға  мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша жаңа және қосымша орындарға  мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа келіп түскен құжаттарды қарау туралы                                                                                        

      

Комиссия төрағасы – Н.Айдаров күн тәртібіндегі мәселе бойынша            ҚР Білім және ғылым минстірінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы                    №122 бұйрығымен бекітілген «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру» қағидаларына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша жаңа және қосымша орындарға мемлекеттік білім беру тапсырысын   орналастыру бойынша конкурсқа қатысушы Абай елді мекенінде орналасқан «Айкөркем» бөбекжай-балабақшасы» жеке мекемесінің, Созақ ауылында орналасқан «Айдын» бөбекжай-балабақшасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Көктөбе елді мекенінде орналасқан «Балдәурен» бөбекжай-балабақшасы» жеке мекемесінің Көктөбе филиалы мен Шаға елді мекенінде орналасқан «Балдәурен» бөбекжай-балабақшасы» жеке мекемелерінің мектеп жасына дейінгі 3 жасқа толған балалардың кезектілікте болуына  байланысты құжаттардың талапқа сәйкестігін қарауымыз керек.

 

Комиссия отырысында комиссия төрағасы мен мүшелері конкурсқа қатысу үшін «Айкөркем» бөбекжай-балабақшасы» жеке мекемесі (БСН №160540007066), «Айдын» бөбекжай-балабақшасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (170640023737), «Балдәурен» бөбекжай-балабақшасы» жеке мекемесі (150940015066), «Балдәурен» бөбекжай-балабақшасы» жеке мекемесінің «Көктөбе филиалының» (151141013092)  ұсынған төмендегіше құжаттарды қарады.

1)    Комиссия төрағасының атына жазылған өтініш;

2)             Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу ) туралы анықтамасының көшірмесі;

3)             «Айкөркем» бөбекжай-балабақшасы» жеке мекемесі, «Айдын» бөбекжай-балабақшасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Балдәурен» бөбекжай-балабақшасы» жеке мекемесі мен «Балдәурен» бөбекжай-балабақшасы» жеке мекемесінің «Көктөбе филиалының» Жарғыларының    көшірмесі;

4)             «Айкөркем» бөбекжай-балабақшасы» жеке мекемесі мен  «Айдын» бөбекжай-балабақшасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Созақ аудандық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының берген санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысының көшірмесі;

5)    Банкіден берешегінің жоқ екендігі туралы  анықтама;

6)              Тамақтандыруға жұмсалатын ата-аналар төлемақысының белгіленген мөлшері туралы келісім шарты;

7)             Педагогикалық немесе кәсіптік білімі бар тәрбиешілердің білімі туралы үлгідегі құжаттарының көшірмелері;

             Сонымен қатар ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы           29 қаңтардағы №122 бұйрығымен бекітілген қағиданың талаптарына сәйкес ұсынылған құжаттардың сәйкестігін анықтауымыз қажеттігін айтты.

 

Комиссия мүшесі М.Қарғабаев: Балабақшадағы ата-аналар төлемінің мөлшерін және штаттық бірліктерді қалай белгілейсіздер?                                       

            «Айкөркем» бөбекжай-балабақшасы» жеке мекемесінің  меңгерушісі А.Молжігітова:  Құрметті комиссия мүшелері, қосымша орынға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырған жағдайда, Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңына сәйкес, ата-аналар төлемінің тарифінен аспайтын мемлекеттік білім беру тапсырыс бойынша баланы күтіп-бағуға ата-аналар төлемінің мөлшерін белгілеуге және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016  жылғы  29 қаңтардағы №122 Бұйрығын басшылыққа алып жұмыс жасауға міндеттенемін.  

 

Комиссия мүшесі М.Әбдиев: комиссия мүшелері мен  «Айкөркем» бөбекжай-балабақшасы» жеке мекемесі, «Айдын» бөбекжай-балабақшасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Балдәурен» бөбекжай-балабақшасы» жеке мекемесі мен «Балдәурен» бөбекжай-балабақшасы» жеке мекемесінің «Көктөбе филиалының» меңгерушілеріне ҚР Білім және ғылым министрінің        2016 жылғы 29 қаңтардағы «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім бар мамандарды даярлауға, жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы» №122 бұйрығымен бекітілген қағидасымен таныстырып алдын ала қарау хаттамасына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдармен ұсынылған түзетілген және толықтырылған құжаттарды қайта қарау мерзімі көрсетілген конкурсқа қатысудың алдын ала талқылау хаттамасы жарияланады деп және мектепке дейінгі ұйымдардың конкурсқа қатысуына алдын ала рұқсат беру туралы конкурстық комиссияның шешімі қатысуға өтінімдерді ашқан күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қабылданады және конкурсқа комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы шешім қабылданған күні барлық мектепке дейінгі ұйымдарды электронды пошта бойынша автоматты түрде хабардар ете отырып республикалық маңызы бар қаланың, астананың, білім басқармаларының, қалалардың (аудандардың) білім бөлімдерінің интернет-ресурстарында орналастырады деп нақты түсіндіріп өтті.  

 

Сонымен қатар, «Айкөркем» бөбекжай-балабақшасы» жеке мекемесінің конкурсқа қатысу жөніндегі құжаттары сәйкес келгенімен қосымша 10 (он) орынға мектеп жасына дейінгі 3 жасқа толған балаларды электронды кезектілікке  орналастыру керектігін айтты.

«Айдын» бөбекжай-балабақшасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Созақ аудандық мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының 2019 жылғы 13 ақпандағы                                         № Х.09.Х.КZ73VWF00000978 берген санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысында 22 (жиырма екі) балаға төсек-орын жабдықтары әр балаға жеке бөлінген делінген. Алайда, бөбекжай-балабақшада қосылатын қосымша орынға төсек-орынның жетісеушілігі анықталды.

«Балдәурен» бөбекжай-балабақшасы» жеке мекемесі мен «Балдәурен» бөбекжай-балабақшасы» жеке мекемесі «Көктөбе филиалының» құжаттарын қарап, санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысының жоқ екендігін атап көрсетті.

 

Комиссия төрағасы Н.Айдаров: Комиссия отырысын  қорытындылай келе барлық комиссия мүшелерінің ұсыныс пікірлерін тыңдап «Айкөркем» бөбекжай-балабақшасы» жеке мекемесінің конкурсқа қатысу жөніндегі құжаттары сәйкес келгенімен қосымша он (он) орынға мектеп жасына дейінгі 3 жасқа толған балалардың электронды кезектілікте жоқ екендігі,  «Айдын» бөбекжай-балабақшасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысында көрсетілген 22 (жиырма екі) балаға төсек-орын жабдықтарының жетіспеушілігі,  «Балдәурен» бөбекжай-балабақшасы» жеке мекемесі мен «Балдәурен» бөбекжай-балабақшасы» жеке мекемесі «Көктөбе филиалының» құжаттарын қарап, санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысының жоқ болуына байланысты құжаттарын қайта сәйкестендіру үшін 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүргізілетінін және комиссия конкурсқа қатысуға алдын-ала рұқсат беру хаттамасының тізбесінде көрсетілген мектепке дейінгі ұйымдардың конкурсқа қатысуға өтінімдерін оларды сәйкес келтірудің толықтығы тұрғысынан қайта қарайтынын ескертіп, конкурсқа қатысушы жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардың электронды поштасына жолдауды тапсырды.

 

Конкурстық комиссия ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1. Созақ ауданы, Абай елді мекенінен 10 (он) орынға «Айкөркем» бөбекжай-балабақшасы» жеке мекемесінің конкурсқа қатысу жөніндегі құжаттары сәйкес келгенімен қосымша 10 (он) орынға мектеп жасына дейінгі 3 жасқа толған балалардың электронды кезектілікте жоқ екендігі,  «Айдын» бөбекжай-балабақшасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысында көрсетілген 22 (жиырма екі) балаға төсек-орын жабдықтарының жетіспеушілігі,  «Балдәурен» бөбекжай-балабақшасы» жеке мекемесі мен «Балдәурен» бөбекжай-балабақшасы» жеке мекемесі «Көктөбе филиалының» құжаттарын қарап, санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысының жоқ болуына байланысты конкурсқа қатысушы жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардың электронды мекен-жайларына ескерту хат жіберілсін.

2. Қағиданың талаптарына сай тиісті жұмыстарды жүргізу комиссия хатшысы А.Смайловаға тапсырылсын.

 

 

 

Созақ ауданы әкімдігінің

білім бөлімінің басшысы,

комиссия төрағасы                                              Н.Айдаров

 

                    Хатшы                                                                    А.Смайлова

                          

                      Комиссия мүшелері                                                 Қ.Еспенбетов                                                                                                                        М.Қарғабай

                                                                                                                     М.Әбдиев

 
« Алдыңғы   Кейінгі »

Әкімнің блогы

Мемлекеттік рәміздер

     

 

 

 

 

Жаңалықтар күнтізбесі

 
« 18 Қараша 19 »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Валюта бағамы

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Ауа райы

Пікіртерім

Біздің жаңа дизайнға баға беріңіз?
 

Жаңалықтар таспасы