Галерея

Жаңалықтар arrow Жаңалықтар arrow Ауыл шаруашылығын дамытуға байланысты семинар өтті
Ауыл шаруашылығын дамытуға байланысты семинар өтті Баспаға басу

ImageҚұмкент ауылдық округіне қарасты Қызылкөл елді мекеніндегі «Қайрат» бөбекжай-балабақшасында «Жасыл ел бағдарламасы біздің бақшада» атты семинар жиынын өтті. Аудан әкімінің бастамасымен  өткен семинарды аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі мен Құмкент ауылдық округі әкімдігі бірлесіп ұйымдастырды. Семинарға аудан әкімінің орынбасары Б.Айдарбеков,  ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы  Қ.Мейірманов, ауылдық округтері мен кенттер әкімдері, шаруа қожалық төрағалары, ауданымыздағы бірқатар балабақша меңгерушілері қатысты.

           Семинар барысында «Қайрат» бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі Н.Төлеуова келген қонақтарға балабақша маңында атқарылған жұмыстарды көрсетіп,  өткен жылдан бері қолға алынған жылыжай құрылысымен таныстырды. Қазір жылыжай ішінде қызанақ, қияр, құлпынай жемістері өсіп тұр. Биылдан бастап, балабақша аумағында 200 бас қаз балапандарын асырады. Алдағы уақытта «Көкен баба» шаруа қожалығы арқылы 3000 бас қаз алып, оны өсіріп, керектеріне жаратуды жоспарлап отыр.

           Аудан әкімінің орынбасары Б.Айдарбеков биылғы жылы ауданымызда атқарылатын ауыл шаруашылығын дамыту жөнінде бірқатар жобалардың қолға алынғанын атап, осы жобаларды бірлесе жүзеге асыруға шақырды. Одан ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Қ.Мейірмановқа мемлекеттік бағдарлама аясында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Сондай-ақ, аудан көлемінде топрағы құнарлы өңірлерге  жылыжайлай  салуды жүзеге асыруға болады. Жылыжай салып, оны пайдасын көруге мұмкіндік бар. Оны өздеріңізде көріп отырсыздар,- деді. «Қайрат» бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі Н.Төлеуова балабашқа маңайында жасалған жұмыстардың барлығы жастарды еңбекке баулуға шақырады. Мұның барлығы  Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың  «Жасыл ел» бағдарламасы аясында атқарылып отыр.  Еңбек етсе барлығының да жүзеге асады, осы жұмыстарды атқаруға көмектескен барлық азаматтарға алғыс білдіремін, - деді. Жартытөбе ауылдық округінің әкімі Б.Әділбеков алдағы уақыттағы жоспарларымен бөлісіп, жылыжай салуды қолға алатындығын айтты.

            Жалпы, семинар ауыл шаруашылығындағы жылыжай өсіру ісін дамытуға қозғау беретін шара болды.

 

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

 
« Алдыңғы   Кейінгі »

Әкімнің блогы

Мемлекеттік рәміздер

     

 

 

 

 

Жаңалықтар күнтізбесі

 
« 20 Маусым 19 »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
             

Валюта бағамы

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Ауа райы

Пікіртерім

Біздің жаңа дизайнға баға беріңіз?
 

Жаңалықтар таспасы