Галерея

Жаңалықтар arrow Мемлекеттік сатып алу arrow Аудандық жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша орындар бұдан бұрын орналастырылған орындарға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін конкурсты өткізу жөніндегі комиссия отырысының ХАТТАМАСЫ
Баспаға басу

Шолаққорған ауылы                                                                                     19.04.2019  жыл                            

Өткен орны: Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі 

 

Жиынды комиссияның төрағасы, Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің басшысы Айдаров Нұралы  Тұрдыұлы  жүргізіп отырды.

 

           Жиынға қатысқандар:

 

Комиссия хатшысы  А.Смайлова – Аудан әкімдігінің әдістемелік кабинет әдіскері

            Комиссия төрағасы  -  Н.Айдаров  -  Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің басшысы

     Комиссия мүшелері:

-          М.Қарғабай – Созақ аудандық ата-аналар комитетінің төрағасы.

-          Қ.Еспенбетов – Созақ аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы.

-          Әбдиев Мамырхан Көшкінбайұлы – Аудан әкімдігінің білім бөлімінің бас маманы.

-          Ғ.Жүсіп – Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы Созақ аудандық филиалының директоры.

 

Шақырылғандар: «Армантай» бөбекжай-бақшасы» жеке мекемесінің Созақ ауылындағы филиалының меңгерушісі А.Қуанышбекқызы.

 

 

Күн тәртібінде:

1. Созақ ауылынан 30 (отыз) орынға мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша жаңа және қосымша орындарға  мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы.                                                                                          

      

Комиссия төрағасы – Н.Айдаров күн тәртібіндегі мәселе бойынша            ҚР Білім және ғылым минстірінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы                    №122 бұйрығымен бекітілген «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру» қағидаларына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша жаңа және қосымша орындарға мемлекеттік білім беру тапсырысын   орналастыру бойынша конкурсқа қатысушы Созақ ауылынан «Армантай» бөбекжай-бақшасы» жеке мекемесінде мектеп жасына дейінгі 3 (үш) жасқа толған балалардың кезектілікте болуына  байланысты  қосымша орындарға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қажеттігі туындап отыр. Өздеріңіз білетіндей  2019 жылдың     15 наурыз күні Созақ ауылынан 30 (отыз) орынға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша орындар бұдан бұрын орналастырылған орындарға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін конкурс жарияланған болатын. Аталған конкурсқа қатысу үшін өтінім берген Созақ  ауылында орналасқан «Армантай» бөбекжай-бақшасы» жеке мекемесі  20 (жиырма) орынға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін  қатысып отырғанын айтты. 

 

Комиссия мүшесі М.Қарғабаев: Конкурсқа қатысушы «Армантай» бөбекжай-бақшасы» жеке мекемесінің Созақ ауылындағы филиалының меңгерушісі А.Қуанышбекқызы комиссия мүшелерінің жүргізген жұмыстарына айтар арыз-шағымдарыңыз бен ұсыныстарыңыз бар ма?

            «Армантай» бөбекжай-бақшасы» жеке мекемесінің меңгерушісі А.Қуанышбекқызы:  Құрметті комиссия мүшелері, қазіргі таңда «Армантай» бөбекжай-бақшасында  200 (екі жүз) баламен жұмыс жасап отырмыз,  санитариялық-эпидемиологиялық қызметінің  қосымша 20 (жиырма)  балаға берген қорытындысы бар. Қосымша орынға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырған жағдайда 220 (екі жүз жиырма) баламен жұмыс жасауға мүмкіндігіміз бар. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңына сәйкес, ата-аналар төлемінің тарифінен аспайтын мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша баланы күтіп-бағуға ата-аналар төлемінің мөлшерін белгілеуге және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 6 наурыздағы  №77 Бұйрығын басшылыққа алып жұмыс жасауға міндеттенемін.  

 

Комиссия мүшесі Ғ.Жүсіп: Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша орындар бұдан бұрын орналастырылған орындарға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін конкурсқа қатысу үшін өтінім берген  Созақ ауылында орналасқан «Армантай» бөбекжай-бақшасы» жеке мекемесінің Созақ ауылындағы филиалының құжаттары алдыңғы комиссия отырысында қаралып, конкурсқа қатысу үшін алдын-ала рұқсат берілген болатын. ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы      29 қаңтардағы   №122 бұйрығымен бекітілген қағида талаптарына сәйкес       3 (үш) жасқа толған балалардың кезектілікте болуына байланысты конкурсқа қатысып отырған «Армантай» бөбекжай-бақшасы» жеке мекемесінің Созақ ауылындағы филиалының қосымша орындарға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру керек деп өз ойын білдірді.

 

Комиссия мүшесі Қ.Еспенбетов: «Армантай» бөбекжай-бақшасы» жеке мекемесінің Созақ ауылындағы филиалының конкурсқа қатысу жөніндегі құжаттары сәйкес келеді. Сондықтан мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша жаңа және қосымша орындарға орналастыруға қарсылығым жоқ.              

 

Комиссия төрағасы Н.Айдаров:  Комиссия отырысын  қорытындылай келе барлық комиссия мүшелерінің ұсыныс пікірлерін тыңдап «Армантай» бөбекжай-бақшасы» жеке мекемесінің Созақ ауылындағы филиалының          3 (үш) жасқа толған балалардың кезектілігін басшылыққа ала отырып, конкурсқа өтінім берген «Армантай» бөбекжай-бақшасы» жеке мекемесінің Созақ ауылындағы 20 (жиырма) орынға қосымша орындарға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін шешім шығару керектігін айтып өтті.

 

Конкурстық комиссия ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1. Созақ ауылында орналасқан «Армантай» бөбекжай-бақшасы» жеке мекемесінің Созақ ауылындағы филиалына  мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша орындар бұдан бұрын орналастырылған орындарға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін                 20 (жиырма) орынға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру енгізілсін.

2. Қағиданың талаптарына сай хаттаманы рәсімдеп, интернет-ресурсқа жариялау білім бөлімінің әдіскері, комиссия хатшысы А.Смайловаға тапсырылсын.

 

 

Созақ ауданы әкімдігінің

білім бөлімінің басшысы,

комиссия төрағасы                                              Н.Айдаров

 

                    Хатшы                                                                    А.Смайлова

                          

                      Комиссия мүшелері                                                 Қ.Еспенбетов

                                                                                                        Ғ.Жүсіп

                                                                                                        М.Қарғабай

                                                                                                        М.Әбдиев

 
« Алдыңғы   Кейінгі »

Әкімнің блогы

Мемлекеттік рәміздер

     

 

 

 

 

Жаңалықтар күнтізбесі

 
« 22 Қараша 19 »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Валюта бағамы

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Ауа райы

Пікіртерім

Біздің жаңа дизайнға баға беріңіз?
 

Жаңалықтар таспасы