Галерея

Жаңалықтар arrow Жаңалықтар arrow ПАРТИЯ ФИЛИАЛЫНЫҢ ХХХVI КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ
ПАРТИЯ ФИЛИАЛЫНЫҢ ХХХVI КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ Баспаға басу

Image16 сәуірде "Nur Otan" партиясы Созақ аудандық филиалының кезетен тыс ХХХVI конференциясы өтті. Конференция жұмысын аудандық филиал төрағасы, аудан әкімі Салыхан Полатов ашып, жүргізді. Жұмысшы органдары сайланып болған соң, күн тәртібіндегі бірінші мәселе – «Партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың партияның кезекті XVIII Съезінде берген тапсырмаларын – «Халыққа көмек», «Бақытты отбасы», «Ауыл – ел бесігі», «Құтты мекен» ұлттық жобаларын іске асыру барысы туралы» аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ролан Әлжанов баяндама жасады.  

            Баяндама бойынша жарыссөзге шыққан Шолаққорған ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Бүркіт Арынбеков, Т.Әлімқұлов атындағы мектеп-интернат-лицейінің мұғалімі, «Жас Отан» жастар қанатының белсендісі Нышанғали Ұласбеков өз ой-пікірлерін ортаға салды. Түркістан облыстық филиалының кезектен тыс ХХХVІІІ конференциясына делегаттар сайлау туралы екінші мәселе бойынша партия филиалы консультанты Ақмарал Омарбекова хабарлама жасап делегаттар ұсынылған кандидатураларды бірауыздан қолдап, дауыс берді, конференция қаулылары қабылданды.

            Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

 
« Алдыңғы   Кейінгі »

Әкімнің блогы

Мемлекеттік рәміздер

     

 

 

 

 

Жаңалықтар күнтізбесі

 
« 16 Қыркүйек 19 »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30           

Валюта бағамы

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Ауа райы

Пікіртерім

Біздің жаңа дизайнға баға беріңіз?
 

Жаңалықтар таспасы